Қауіпсіздік үшін жасалған өткелдер қауіпті болып тұр

Қауіпсіздік үшін жасалған өткелдер қауіпті болып тұр

Статистикалық мәліметтерге сенсек, жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың саны өзге төтенше жағдайлардан зардап шегушілер санынан әлдеқайда көп көрінеді. Сандарды сөйлетсек, ағымдағы жылдың сегіз айында Республика бойынша 12 630 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 1 572 адам қайтыс болып, 16 118 адам түрлі дене жарақатын алған. 526 жағдайда жол апаты жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды қиып өту салдарынан орын алған. Жол-көлік оқиғаларының көшін Алматы қаласы бастап тұр. Осы жылдаң сегіз айында Алматыда 3555 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Одан кейінгі орындарда тұрған Оңтүстік Қазақстан облысында - 2081, Алматы облысында -1114.

Соңғы жылдары Алматы қаласында тұрғындар мен көлік санының күрт өсуі жол қозғалысы қатынасшылары үшін қауіпті арттыра түсті. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны да жыл сайын көбейді. Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты және аспалы өткелдердің болмауы, бұл көрсеткіштің артуына ықпал етті. Осы жағдайды ескерген қала басшылығы жер асты және аспалы өткелдер салуды қолға алды. Дұрыс-ақ! Алайда,...

Алайда, бір өкініштісі, біздің елде қолға алынған бастаманың соңына дейін жетпеуі, өндіріс орындарының лентасы қиылған соң да жылдап іске қосылмай тұру сияқты жағдайлар жиі кездесіп отырады. Ал соңына дейін жеткен бастамалар көңілден шықпай жатады. Жөндеу жүргізілген тұрғын үйлер апатты күйден арылмайды. Тағы, тағысы...

Алматыда салынған жер асты және аспалы өткелдердің жағдайы да дәл осылай. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жасалған жер асты және аспалы өткелдердің бірі көңілден шықпай жатса, бірі қауіпті болып тұр. Жер асты өткелдері лас, кейбірінде тіпті жарық та жоқ. Соның салдарынан қоқыс тастайтын орынға айналған. Жарық жоқ болған соң түн мезгілінде ондай өткелден өту де қауіпті. Сондықтан жүргінші өмірін қауіпке тігіп, жолдан жүгіріп өтуге мәжбір болады. Қаладағы аспалы көпірлердің мүгедектер мен арбалы аналар үшін алынбас асу екені талай айтылып жүр. Аспалы өткелдердің көпшілігінде мүгедектер мен арба сүйреген аналар үшін жасалған лифт жұмыс істемейді (олардың жолдан қалай өтіп жүргені өздеріне аян). Ал қар жауған кезде аспалы өткелдер арқылы дені сау адамның өзі өтуі қиындайды. Базбір үсті жабылмаған өткелдерде баспалдақты қар басып, соңынан мұзға айналып, шығып-түсу, әсіресе, үлкен кісілер үшін мұң болады.

Мысалы, Рысқұлов даңғылының Райымбек даңғылынан төмен тұсында, Ақбұлақ ықшам ауданына өтетін аспалы өткел тұрғызылған. Ол өткел де лифтімен жабдықталған. Бірақ, істемейді (сонда лифті сәндік үшін орнатылған ба?). Үсті жабылмағандақтан баспалдақты мұз басқан. Аспалы өткелдердің мұзын тазалап жатқан да ешкім жоқ.

Осы мәселеге қатысты қандай да бір мағлұмат алу үшін Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне хабарластық. Алайда, ондағы мамандар ресми хат арқылы жолданған сауалдарға ғана жауап бере алатынын айтып, қысқа қаырды. Баспасөз қызметінен жауап ала алмаған соң Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарына хабарластық. Қалалық коммуналдық шаруашылық мамандары ауданық әкімдіктерге не болмаса КСК-ға хабарласуға кеңес берді. Қалалық әкімшілік мамандарының кеңесін ескеріп, КСК «Байторыға» хабарластық. КСК басшысы аспалы өткелдердің КСК-ға қарамайтынын айттып, «әкімдікке хабарласыңыз» деп жөн сілтеді. Соңғы үміт деп Алатау ауданы Коммуналдық шаруашылық басқармасына хабарластық. Үміт ақталмады. Ешкім телефон тұтқасын көтермеді.

Сөйтіп аспалы көпірдің мұзын кім тазалау керек екенін біле алмадық. Оған жауапты мекеме бар шығар?! Тек оған бақылау жасап, жұмысты талап етіп отырған басшы жоқ-ау шамасы?! Сұрасаң жауап бермей, сынасаң шамданып қалатын басшысымақтардың көзге шұқымасаң, өздері біліп жұмыс істемейтіні несі екен осы?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста