Әкімді алдап соққан құрылысшылар тұрғындарды жертөлеге қамап тастапты (видео)

Әкімді алдап соққан құрылысшылар тұрғындарды жертөлеге қамап тастапты (видео)

Әкімге шағымданбақ болған алматылық тұрғындарды құрылысшылар жертөлеге қамап қойды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Оқиға кеше түс кезінде Алғабас ықшамауданында болды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша «Жер Олжа» компаниясы салған көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасы мен құбырлары 1 жыл өтпей жатып жарылып жатыр. Салдарынан № 17, 18 үйлердегі 4-5 пәтер толықтай судың астында қалып, тұрмыстық техникалары күйіп кеткен.

Ашынған тұрғындар тұруға жарамсыз баспананы көрсетуге Алатау ауданының әкімін шақырады. Оқиғаны көзбен көрсетеміз деп шенеунікті күткен тұрғындарды құрлысшылар «әкім қазір осы бөлмеге келеді, осында күтіңіздер» деп жертөледегі бос бөлмеге кіргізіп, сырттарынан құлыптап кеткен.

Ашуға бұлыққан Жанна Қырықбаева есікті жарты сағат тоқпақтап «тәртіп сақшыларын шақырамын, сотқа беремін» деп жатып әрең шығады. Бұл кезде Алатау ауданы әкімінің орынбасары Шахмерден Рысбаев үйлерді аралап көріп, қайтып бара жатыпты. Пысықай компания басшысы Усейн Хасанов болса шенеуніктерге су басқан пәтерлерді емес, жарқыраған жерлерді көрсетіп, алдап шығарып салыпты.

Осы «Алғабас» кешенінің тұрғыны Данияр Ибрагимовтің сөзінше, құрлысшылар тіпті қала әкімі Бауыржан Байбекті де алдап соққан. Мерзімінен кешіктіріп, әрі сапасыз үй салған құрлысшылармен кездескен қала басшысына «Жер Олжа» мекемесінің директоры Усейн Хасанов: «Барлық үйдің құрылысын 30 қыркүйекке дейін бітіреміз. Жүргінші жолын, балалар алаңын да саламыз» деп кемшіліктерді жоюға бір жарым ай уақыт сұраған.

Алайда құрылысшылар әкім кеткеннен соң тіпті төбе көрсетуді қойып, уәде берген жұмыстың бірін де бастамапты. Қазір баспаналары көлге айналған тұрғындар пәтерлерін тастап, туыстарын паналап жатыр.

Ал қолжетімді баспана аламыз де тұруға жарамсыз үйге кірген тұрғындардың кейбірі 20 жыл төлейтін несиеге пәтер сай емес екендігін алға тартуда. Себебі, «Жер Олжа» компаниясының кепілдік уақыты осы айдың 15 күні бітетін көрінеді. Одан кейін сапасыз баспананы кім жөндейтінін ешкім білмейді.

Фотолар мен видео «Қол жетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алғабас ықшамауданында салынған үйлерден түсірілген.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста