Мемлекеттік тілді дамытуда аудармашы мамандардың біліктілігі өте өзекті

Мемлекеттік тілді меңгеру өзекті мәселе. Қоғамның барлық саласында іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізіп, халықпен жұмысты өз сұраныстары бойынша жүргізу үшін кез келген маман бүгінгі таңда бірнеше тілді білуі маңызды болып тұр. Сондықтан елімізде бұл бағытта түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырлып нәтижелі жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тіл мәселесін оңтайлы шешудің түрлі жолдары қарастырылған. Аталмыш бағдарламадағы «Қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытушы барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарына - Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша курстарды ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жеке меншік серіктестік әдістерін қолдану көзделеді.
Сонымен қатар, инновациялық нысандар мен оқыту әдістемелерін әзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне өз ана тілдерін меңгеруге саяси-дипломатиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар отандастар мәселелері бойынша сараптамалық және зерттеу жұмыстарының жүйесі ұйымдастырылатын болады» - деген жолдардың өзінен көп нәрсені аңғарып, бағамдауға болады.
Еліміздің түкпір-түкпірінде тілге қатысты өткізіліп жатқан әрбір шараның көздеген мақсаты бағдарлама аясында жұмыс істеп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу.
Жақында Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы қалалық кітапханада «Үздік аудармашы» байқауы болды. Бұл шараны қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Байқауға 6 үміткер қатысып сынға түсті. Олар жергілікті мемлекеттік органдарда, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде қызмет істейтін мемлекеттік тілде іс жүргізуші және аудармашы мамандар.
Бұл сайыстың басты мақсаты аудармашылардың біліктілігі мен тәжірибесін іс жүзінде сараптап, мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздарының сапасын және аудармашылардың кәсіби біліктілігін арттыру болды. Өйткені іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізу, қазіргі таңдағы ең қажетті, халықтың сұранысына ие мәселе.
Сайыстың ұйымдастырушылары бекіткен ережеге сәйкес қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсіп, өз біліктіліктерін сарапқа салды. Үміткерлерге байқаудың әр кезеңіне 20 минуттан уақыт беріліп, сол уақыт ішінде берілген тапсырмаларды орындап шығуы тиіс болды.
Қатысушылардың жасаған жұмыстары қазылар алқасынның талқылауына түсіп, сауаттылығы, тілдік нормаларды сақтауы, тағы да басқа көптген талаптарға сай болуы жағынан тексерістен өтті. Осы сараптаулардың нәтижесі бойынша бірінші орынды Уалиханова Алуа Уалиханқызы иеленді. Ол «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психолог маманы болып қызмет атқарады. Ал жүлделі екінші орын «Балақай» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының қызметкері Абулова Жанат Ялгашбековнаның қанжығасына байланды. Үшінші «КТҮҚҚБ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының хатшы-іс-жүргізушісі Амандықова Динара Пернебайқызы еншіледі. Оның жүлдеге қол жеткізуі жинаған ұпай нәтижесіне сәйкес есептелінді.
Іс-шара соңында жеңімпаздар Құрмет грамотасы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысқан үміткерлердің барлығына арнайы алғыс хаттар табыс етілді. Олардың жұмыстарын саралаған қазылар алқасы әрбір үміткерге сәттілік тілеп, алғыстарын айтып, қызметте, әртүрлі байқауларда жоғары көрсеткішке жете берулеріне тілектестік білдірді.
Бұндай кішігірім байқаулар қазіргі уақытта өте керек. Өйткені жергілікті мамандар осындай байқаулардан шыңдалып, ысылып, тәжірибе жинап шығады және сол жергілдікті жердің мамандарының қатысуына қолайлы. Сондықтан осындай сайыстарды көптеп өткізудің тиімділігі жоғары. Байқау ең бастысы сауаттылықты жауапкершілікті арттыра түседі.
Өйткені тіл туралы бағдарламада «Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ және халыққа қызмет көрсету саласындағы қызметтер көрсететін ұйымдар (банктер, сауда ұйымдары, қызметтер көрсету саласы және т.б.) қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейіне қойылатын ең аз талаптарды анықтау арқылы іске асыру болжамдалады. Аталған шара мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды бекітетін құқықтық базаны әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді қазақ тіліне оқыту жүйесін ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру мен орнықтыру арқылы қол жетеді. Осы бағыттағы негізгі рөлге пиартехнологиялар ие болады. Бұл үшін мемлекеттік тілді көпшілікке тарату мен насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді» деп көрсетілген.
Сондықтан да осы бағытта жүргізілген жұмыстар, өз деңгейлерінде кезең-кезеңімен іске асып келеді. Бұл үрдіс көңіл қуантарлық жағдай. Барлық түйткілдер ешқашан да бірден шешіле салмайды. Осындай кішкентай шаралардан бастау алып республика көлеміндегі күнделіктегі қалыпты істерге айналады. Сонда барып тіл мәселесі өз арнасымен дами беретіні сөзсіз.
Бүгінгі аудармашылар сайысынан түйген оймыз да осындай. Аудармашылық өте маңызды кәсіп. Өйткені халыққа керекті кез келген ереже, талап, заң, қаулы қарардың барлығы сауатты түрде, барлық адамға түсінікті болып жергілікті тұрғындарға қажетті тілге, яғни қазақ тіліне немесе орыс тіліне аударылып берілсе, ол істің нәтижесі де жақсы болады. Осы тұрғыдан алғанда мамандарды оқытып, байқауларға қатыстырып олардың біліктілігін үнемі шыңдап отыру өзекті және тиімді шара.

Нұрлы Еділов
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста