Латын графикасы негізінде жалпықазақстандық диктант жазу акциясы өтті

Латын графикасы негізінде жалпықазақстандық диктант жазу акциясы өтті

Елімізде бүгін латын графикасы негізінде қазақ тілінде жалпықазақстандық ашық диктант жазу акциясы болды. Диктанттың тақырыбы «2019 jyl – Jastar jyly» деп аталады. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының тікелей ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі кітапханалар мен жоғарғы оқу орындары синхронды түрде қатысты. Диктант жазу барлық облыс, қала және аудандық кітапханалар мен ЖОО-ларда, мектептерде бір мезгілде, яғни сағат 11.00-де басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған мәліметке қарағанда айтулы шараға 180 000 адам қатсыпты. Біз өз тарапымыздан барлық өңірлерде жаппай өтіп жатқан шараларды саралай келе бұл санаққа көпшілігі енбей қалды деген байлам жасадық. Өйткені диктант жазу науқанына еліміздегі мектептердің көпшіліг атсалысты. Ал олардың нақты есебі алынған жоқ деген ойдамыз. Осындай ауқымды шараны ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы жұртшылық тарапынан қызу қолдауға ие болды.
Республика көлемінде өткен маңызды іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, Ассамблея құрылымы, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастар қанаты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысты. Акцияның басты мақсаты қазақ тілінің этносаралық коммуникация құралы ретінде маңыздылығын арттыру.
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заманның талабы, уақыттың өзі тудырып отырған қажеттілік екені сөзсіз. Ең бастысы бұл қадам әлемдік өркениетпен тұтаса отырып дамуға бағытталған мемлекеттік маңызы бар стратегия екеніне көңіл аударған жөн.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.
ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев айтулы шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеп диктант жазуға қатысушыларға сәттілік тілеп, лебізін білдірді. Ол өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел болашағын латын әліпбиімен байланыстыруы - ұлт үшін жасалған маңызды қадам болғанына тоқталды. Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы мемлекеттік тілде жалпықазақстандық ашық диктант жазу – Қазақстан халқы Ассамблеясының төл жобасы екеніне және бұл шараның көздегені қоғамымызда халықты ұйыстырушы фактор ретінде мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа әліпбиге көшу аяқ астынан қабылданған шешім еместігін, ол мәселе тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері жиі көтеріліп келе жатқан маңызды мәселе екенін де тілге тиек етті.
Тарихқа көз жүгіртіп қазақ әліпбиінің өткеніне зер салсақ, 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Содан бері қазіргі қолданыстағы алфавитті қолданып келеміз.
Латын әліпбиінде жазу қазіргі жастар үшін аса қиындық тудырмайды. Өйткені көптеген жастар ағылшын тілін біледі. «Кез-келген ұлы дүниелер асығыс жасалмайды. Сондықтан да Елбасы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу сатысын белгілеп берген болатын. Латын тілі - инновацияның тілі. Оның біздің тұрмысымызда бұрыннан бар екенін мойындауымыз керек. Мәселен, күнделікті қолданатын электрондық поштамыз, немесе көлігіміздің мемлекеттік нөмірі латын қарпінде таңбаланған. Қазақ тарихын қарап отырсаңыз, бұрынғы мемлекет, әдебиет қайраткерлері латын қарпінде жазған. Сондықтан, біз қазір латын әліпбиіне көшпейміз, керісінше, қайтып ораламыз дегенді айтқым келеді. Оған қоса бұл мемлекеттік тілдің дамуына үлкен дем береді деп сенемін», - деді жиында сөз ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА депутаттар фракциясының мүшесі Геннадий Шиповских.
Бұл шараға дайындық жұмыстары мұқият жүргізілген. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы филиалдары арқылы еліміздің түкпір-түкпіріне алдын ала хабарланып, акция туралы ақпарат кеңінен таратылды.
Диктант жазуға «2019 jyl – Jastar jyly» тақырыбы арнайы таңдалып алынды. Оның мәтінін филология ғылымдарының кандидаты, елге белгілі жазушы, аудармашы Камал Әлпейісова оқыды. «Мәтінді құрастырған кезде оған қосарланған сөздердің, кірме сөздердің, екі әріптің бірдей қайталануындағы дыбысталуы мен жазылу тәртібінің қатыстырылуын қадағаладым. Мәселен, Ассамблея деген сөзде кириллицада «с» әрпі қатар келсе, латын графикасында «Asambleıa» болып, бір ғана «s» әрпі жазылады. Қатысушылардың арасында өзге ұлт өкілдері бар екенін ескеріп, жазуға берілетін уақытты шектемедік. Қосымша мәтінді де мейлінше баяу, ұғынықты етіп оқуға тырыстым. Жалпы диктант мәтінінде 160 сөз бар», - дейді мәтін авторы Камал Әбілқасымқызы.
Елімізде 2022 жылдан бастап, бастауыш мектеп бағдарламасына латын әліпбиін енгізу көзделіп отыр. Ал 2025 жылға дейін барлық іс-қағаздар, оқулықтар, мерзімді баспасөз латын әліпбиінде шығарылу жоспарланған.
Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің жастары диктант жазуға акциясына көптеп қатысты. Осы ретте 2015 жылдан бастап ҚХА қолдауымен жүргізіліп келе жатқан «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында 50 мыңға жуық түрлі этнос өкілдерінің балалары мемлекеттік тіл үйрену курстарына қатысқанын айта кеткен жөн.
«2019 jyl – Jastar jyly» тақырыбындағы диктант жазу жарты сағат уақытты қамтыды. Диктантты қатесіз, сауатты жазған қатысушы Ассамблея атынан марапатталады.
Барлық өңірлер бұл маңызды шараға белсенді түрде атсалысты. «Бұл бастама қатысушыларға өздерінің сауаттылығы мен қазақ тілін білу деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Ашық диктантты «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы», аудандық Достық үйлер ұйымдастырды. Серіктестік танытқан облыстық лингвистикалық орталыққа, облыстық, аудандық кітапханаларға алғыс білдіреміз. Жазылған диктанттарды ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық кеңес» КММ жіберетін боламыз. Тексеру нәтижелері 20 қыркүйек 18:00-де белгілі болады, - деді ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директорының орынбасары Жанар Алқанова.
Өңірлерде диктант мәтінін тіл мамандары, қазақ тілінің мұғалімдері оқыған. Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша арнайы комиссия құрамы бекітілген.
Бұл іс-шараның нақты мақсаты жұртшылыққа латын графикасын қолданудың маңыздылығын насихаттау. Жазу сауаттылығын арттырып, дайындық жұмыстарына үн қосу және халықтың ынтымағын күшейтіп, жастарды білікті маман ретінде тәрбиелеу. Бүгінде латын әліпбиін қолданушылар кириллицаны қолданатындарға қарағанда әлде қайда көп. Әлемде кириллица он бір елде ғана қолданылады екен. Ал 120-дан атсам ел латын әліпбиімен жазыды. Осы көсеткіштен-ақ латын әліпбиіне көшудің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. Сондықтан болашағымыз үшін, алға қадам басып дамуымыз үшін өте қажет болып отырған әліпби ауыстыру науқанына атсалысу еліміздің әрбір азаматының парызы.

Нұрлы Еділов
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста