Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»-делінген. Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті.
Демек, кем дегенде үш тілді меңгеру – бәсекеге қабілетті болудың басты шарты деуге негіз бар. Олай болса қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан ғылыми өзгерістердің заман талабынан пайда болған қажеттіліктер екені сөзсіз. Соның бірі – білім берудің жаңа бағыты ретінде белең алған көптілділік мәселесі бүгінде бүкіл елді толғандырып отырған күрделі мәселе болып отыр.
Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі. Жалпы айтқанда, көптілділік – белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Көптілділікті меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Көптілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламторға бейімделу мүмкіндігіне ие болады.
Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін меңгеріп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. Көптілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып қалыптасуы анық.
Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі Қазақстанның тілдік жағдаяттар мәселесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында көрініс табады, мұнда елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, үш тілді, яғни қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін ғаламдық экономикаға табысты кірігу тілі ретінде дамыту қажеттілігіне сәйкес «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру ұсынылады. Осы орайда Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Бағдарламаны үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланған:
• 2011-2013 жылдарға белгіленген бірінші кезеңінде тілдерді қолдану мен оданәрі дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жиынтығын өткізу белгіленген;
• 2014-2016 жылдарға арналған екінші кезең аясында мемлекеттіктілді меңгеру мен қолданусаласында жаңатехнологиялар мен әдістерді енгізу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, сондай-ақ тілдіккөптүрлілікті сақтау жоспарланған;
• 2017-2020 жылдары, яғни үшінші кезеңінде қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейі, оның тиісті қолданылу сапасы мен басқа тілдердің ұстанымын одан әрі сақтай отырып, оны меңгеру деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу арқылы нәтижені бекіту жүзеге асырылады.
Көптілділік тұлғаны халықаралық тұрғыдан тәрбиелеудің тікелей құралы болып есептеледі. Яғни көптілділік – өзін өркениетті және тарихи субъект ретінде таниалатын, даму кезінде өзелінің және адамзат тарихын қабылдайалатын, өзіүшін, халқыүшін, мемелекетіүшін, адамзат болашағы үшін жауапкершілік жүгінсезінетін, өзаратәуелділік пен әлембүтіндігіне, адамзатөркениетінің ғаламдық мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете түсінетін, адамның азаматтық құқықтарын мойындайтын және саяси бостандыққа ұмтылатын тұлға тәрбиелеу құралы. Ол қоғамдағы гуманизм идеалын жасау үшін басқа адамдармен, қозғалыстармен, қоғамдық институттармен қызмет атқаруғадайындығы мен қабілеттілігін көрсетебілетін және де қоғам, адам және табиғат арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын ұқыпты да тиянақты, білікті маман мен адамды дайындауды талап етеді.
Негізінде, көптілді және билингвалды білім беру әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде жаңалық емес. Бірақ, қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыстапқан моделдерін енгізу – жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс.
Көптілділік – білім берудегі жаңа бағыт болғандықтан, оның білім беру жүйесіне енгізуде туындайтын әрбір мәселелерін ғылыми тұрғыдан негіздеп отыру бүгінг іұстаздар, әсіресе жас мамандардың болашақ ұрпақ үшін атқаратын тікелей міндеті деп білеміз. Сондықтан да өркениеттің көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі өзгерістерді дұрыс қабылдап, оның кедергісіз жүзеге асуына ықпал етуге ең алдымен, біздер – ұстаздар міндеттіміз.
Біз өз бойымызда көптілділікті қалыптастыру, студенттерге көптілдібілім беру мақсатында ең бекету арқылы білім берудің жаңа бағыты – көптілділікті жүзеге асыруға үлес қосамыз.
Шетел тілдері, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының
аға оқытушысы Оскина М.С.