Әсіресе құрылыс иелері тәубасына келсе жақсы болар еді. Түркиядағы зілзаладан үлкен сабақ алса.
Себебі онда күл-паршасы шыққан 12 қабатты үйлер осыдан он шақты жыл бұрын "Жұмақтан бір көрініс" деген жарнамамен өте қымбат бағаға сатылса керек. Бағасына қарай сапасы деп сенген байғұстардың өмірі не болды ал? Үйінді астында қалды...
Бүгін сол құрылыстың иесі Мехмет Яшар Жошкун шетелге қашып бара жатқан жерінен Стамбул әуежайында ұсталды дейді Assel Kairolla.
Не істесең де арыңның алдында ұялмайтындай етіп істе деген осы ғой.
Құдай біздің елге үйлер сапасының "артын ашып" беретін сынақ бермей-ақ қойсын деп тілейік!
Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан