Бізден баяғы дарқандық, кеңдік, ашықтық деген қасиеттер кеткелі қашан

Бізден баяғы дарқандық, кеңдік, ашықтық деген қасиеттер кеткелі қашан

Өткенде Америкада тұратын досыммен сөз барысында ананы - мынаны сұрасып біраз әңгімелестік.
Америка халқының менталитеті туралы сөз болғанда мұхиттың арғы жағындағы досым былай деді;
"Бұлардың әр салада мықты мамандары, қасқыр тірлікпен өмір сүретін қасқырлары бар әрине, ұлы Американы құрап шыққан солар ғой, бірақ бұлардың бұқара қара халқы өте қарапайым, кішіпейіл және тәрбиелі болып келеді. Бір ғана мысал, сен бұлардың көшеде кетіп бара жатқан адамынан бірдеңе сұрасаң, ол саған жымия қарап жауап қатады. Иығымен қағып кетсе де, кешірім сұрап ізет ұрып жатады. Қашан көрсең де көздері күлімдеп езулері жымиып тұрады. Сосын қашанда елп етіп саған қамқорлық жасап, қол үшін тигізуге даяр ақжарқын боп келеді, керемет тіпті, бұл Америкаң нағыз қайырымдылық ордасы сияқты. Ана біздің постсоветтік елдерде біреу біреуге жымия қараса, ондағы адамдар "бұл маған күліп тұр ма" деп ыңғайсызданып, қорлануы мүмкін. Жалпы, орысқа қатысты елдердегі адамдардың қабақтары қатулы, тоңқ ете қалуға дайын ызалы, бақытсыз болады ау деймін, бұл шамасы оларға орыстан жұққан.
Бірақ біздің бабаларымыз - баяғының қазағы тап осы американдықтар сияқты ашық, ақжарқын, ізетті болған, біз де бұрын осындай болғанбыз" деп күрсінеді досым.
Оның бұл сөзінің жаны бар. Расында біз - қазақстандық қазақтар сырттай салқынқанды, суықтау халықпыз ғой жалпы. Бұны әсіресе елге сыртта қаймағы бұзылмай қазақшылығы сақталып аңқылдап келіп жататын оралмандар жақсы аңғарады. Бізден баяғы дарқандық, кеңдік, ашықтық деген қасиеттер кеткелі қашан.
Баяғының қазағының жөні бөлек.
13 ғасырдағы қазақ жеріне ат басын тіреп, Батудың қабылдауында болған Рим папасының өкілі Плано Карпини өз жазбаларында былай дейді;
"Бұл халық өз билеушілеріне, о дүниелік болған бабаларының алдында, ел билеген тұлғаларына өте адал болып келеді, бұларда жалған сөйлеп, өтірік айту деген жоқ. Бұл халықтың арасында өзара айтыс - тартыс деген болмайды.Ұрлық - қарлық деген нәрсе бұларда атымен жоқ, сондықтан болар, бұлардың есіктеріне өмірі құлып салынбайды. Бұлардың тіпті малы адасып басқа қораға кіріп кетсе де, оның иесі адасқан малды қайта айдап келеді. Жалпы бұлардың ауызбірлігі, ынтымағы өте берік және тауқыметке шыдамды, жолда ашқұрсақ жүрсе де жүзінен күлкісі кетпейтін дарқан, ақжарқын халық" дейді.

Қазақтар сан ғасыр осылай өмір сүрген екен, ана совет заманында да есігін құлыптауды білмепті.
Енді бұл, қулық - сұмдық, мансапқорлық, екіжүзділік, қылмыс, дүниеқоңыздық, т.б басқа жаман қасиеттер біздің бойымызға қайдан дарыған екен?

Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе - дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Сыяз бар десе жүрегім
Орнықпайды суылдап.
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап деп Абай 19 ғасырдағы орыс отаршылдарының қазақтан шыққан қызметкерлерін суреттейді.
20 ғасырдың басында Жүсіпбек (Аймауыт) былай дейді;
Көршіміз орысты алайық. Бұлардың қара халқы надан болды. Оқығаны ұлт қамын ойлаған жоқ, қызыққа, шенге, дәрежеге салынып, бас пайдасынан өзгені ескерген жоқ. Шенеунігі өзі қожа, өзі төре болып, қара халықты менсінбеді, жан есебінде көрмеді
"Орыс шкөлінің тәрбиесі де оқығандарды ұлтшылдық, кішпейілділік, таза жүректі қызметкерлікке артық әсер бермейді. Орыс балалары ұлт дегенді көп ескермейді, көбі өзімшіл, мақтаншақ, тәкаппар келеді. Оларда жақсы мінез шамалы, ал қызметке кіргелі көргені – Николайдың жадағай шенеуніктері. Олардың көретін рахаты: жақсы киім, жақсы тамақ, тройка арғымақ, катайтса, секектеткен «мадмазел» (әйел). Мәжілісі – арақ, қарта, биллиард, салтанат, айбар: «Тақсыр-еке! Господин!», шұлғыған, шоқынған қара жұрт, міні, бұлардан алған тәрбиенің түрі осы сияқты".....

P.S. Өкінішке орай жаратылысы осындай адамдар кейін бізге большевиктік Қазақ ССР і деген отар мемлекет құрып берді, қызылдар халықтың психологиясына, салт - санасына әсер ете отырып бүгінгі дүбараны тудырды, біз әлі күнге шейін осы қалыпта сол отаршылдар мемлекетінің руһани, идеологиялық, табиғи ізбасарымыз.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста