Әйел затының көтерер жүгін жеңілдетіп, көзіндегі мұңды арылта алмаса, керегі не мұның?

ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ...


Заманына қарай бүгінде адам да, талғам да өзгерген, балам. Дәл осы әйелдер мерекесінде өзіне гүл сыйлануын ерекше қалайтын қыз-келіншектер де, нәзік жандыларға, ең алдымен, бір шоқ гүл алғанды дұрыс көретін ер-азаматтар да баршылық. Өйткені әйел – құдірет, ана – жұмақ, ананың жүрегі – әлемнің жүрегі, қыз – кие, қыз – қасиет, қыз — на­мыс. «Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, аманаты, тарихы, өмірі – бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай». Тұла бойы мейірім мен төзімнен жаратылған қазақ келінінің болмысы тіпті өзгеше. Сондықтан да бір күн бойы олардың ерекше құлпырып жүргені гүл алумен, құшағын гүлге толтырумен өлшенер... Бірақ біздің қоғамда дәл осы күні жақұт қондырылған сақинадан бастап, қымбат көліктің кілтіне дейін гүлге орап сыйлап ерекшеленгісі келетін дарақылар да, аяулы жандарын, ең құрыса, бір шоқ гүл алып беріп қуанту үшін ғана күні бойы жүк түсіріп еңбектенетін жігіттер де баршылық. «Гауһар тасты жүзік болмаса, гүліңнің қажеті жоқ» дейтіндер мен үш тал гүлге балаша шаттанатын қыз-келіншектер де кездеседі. Мерекенің бәрі мерекелік көңіл күй сыйлай бермейді. Ең үлкен сыйлық – адамға шынайы ілтипат көрсетіп, көңіл сыйлау. Жартысын таппай жалғыз қалған қыздар да, жалғыз ұлынан немесе жұбайынан айырылып қалған әйелдер де бар өйткені. Өзге сөйтті екен деп табиғатыңда жоқ нәрсеге көзсіз ұмтылып тыраштанудан жасандылық байқалмай қоймайды. Осыны ешқашан ұмытпағайсың! Бір күн қуантып, әлің жеткенше сыйлық жасап, елден қалмай өзгеден көргеніңді істегеніңмен тіршілік тауқыметі әйел затының көтерер жүгін жеңілдетіп, көзіндегі мұңды арылта алмаса, керегі не мұның? «Тым болмаса өз мерекесінде көппен бірдей қуансыншы» дейтін түсініктен гөрі нәзікжандылар барынша бақытқа бөленіп, жиі қуанышқа кенеліп жүрсе деген ой басым тұрғаны дұрыс, балам! «Қазіргі күні қазақтың қыздары қайсар, мәрт, бірсөзді, керісінше жігіттері ұсақталып кеткен, уәдесінде тұрмайды». Осындай ұғым жайлап келеді, осындай пікірдегі адамдар көбейді. Көліктің тізгініне ие болып қанша жерден ірілік танытар ермінезді болса да, ол – тек сыртқы қабық! Әйел затының жаратылысынан ешқайда кетпейтін нәзіктігін жоғалтып алуына сен үлесіңді қоса көрме. Сенен осыны сұраймын. Әйелдің әлсіздігін пайдаланып, әлімжеттік көрсетіп күшпен бағындыру – басқа. Еркектікті осымен өлшейтіндер де табылады. Иманға ұйыған ұлтымыздың ұстанымдарының бірі – анаға құрмет, жарға – жанашыр, қарындасқа –қамқор, әпкеге қорған болу. Міне, бұл мүлде бөлек. Әжелерге мейірім сыйла, аналарды ардақтай біл, ұлым. Бір күн мерекеде ғана емес, өмірден өткенше аяулы жандардың жел жағына шығып, ауырына арқаңды төсе. Сен жүрген жерде қазақтың қызы өзін ешқашан қорғансыз, керексіз сезінбесе... Еліне ес, жауына сұс болар сендерсіңдер, ұлттың ұяты мен намысы да сенің және сенің замандастарыңның қолында. Білем, бесік тербетіп ана болуға жаралған жандардың мейірімін аңсап, еркелегің кеп тұрады, ол – табиғи заңдылық. Бірақ қазақтың жігіті өрлік пен рухтан жаралғаны да жадыңнан шықпасын! Ұлым, саған айтам, саған айтпай кімге айтамын? «Әке – балаға сыншы», әке балаға тағылым беруге міндетті. Өз басым кіршіксіз таза өмір кештім деп те айта алмаймын. Себебі мен періште емеспін, қателіксіз адам болмайды. Қазір әжептеуір жасқа келдім. Оң-солыма баға беретіндей көргенім мен түйгенім бар. Неге екенін білмеймін, көз жасымен-ақ көңіліндегісін ақтара салатын, бар тілегін перзентінің жолына арнап, ағайынға тілеулес, ауыл-аймаққа құт, еріне – серік, уәдесіне берік болған әйел затын мерекемен осылай құттықтағым келді. Әкеңді дұрыс түсінгейсің, балам!

Турыс Бекжан  

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста