Australian Open-2023: Бүгін Елена Рыбакина финалда чемпиондық атақты сарапқа салады

Australian Open-2023: Бүгін Елена Рыбакина финалда чемпиондық атақты сарапқа салады

Бүгін Аустралия ашық біріншілігінің финалында қазақстандық Елена Рыбакина мен әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко чемпиондық атақты сарапқа салады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қос теннисші де Аустралия ашық чемпионатының финалына алғаш рет шығып отыр.

 

Бұған дейін 23 жастағы Елена Рыбакина 2020 жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді. Ал одан бір жасқа үлкен Арина Соболенко төртінші айналымнан асып көрген емес.

 

Е.Рыбакинаның өткен жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанғаны белгілі. А.Соболенко 2021 жылы Уимблдон мен US Open, 2022 жылы US Open додасында жартылай финалға дейін жеткен. Бұл оның «Үлкен дулыға» турниріндегі алғашқы финалы болмақ.

 

Қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде де беларусьтік теннисші үш сетте басым түскен.

 

Финалдық матч сенбі күні Астана уақытымен сағат 14.30-да басталады.

 

Аустралия ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 51,3 млн АҚШ долларынан асады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Елена Рыбакинаның алғаш рет финалға шыққанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Елена Рыбакина Аустралия чемпионатында эйс жасаудан үздік атанды.

 

Қазақстандық жас теннисші Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста