Талантты жастарға шарапатшы – Shell

Талантты жастарға шарапатшы – Shell

Елімізде көптеген ірі компаниялар гранттар жариялап, оны жеңіп алған білімді жастарды алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуларына мүмкіндік жасап, барлық шығындарын өтеп отыратын дәстүр қалыптастырған. Солардың бірі – Shell мұнай компаниясы. Ол соңғы бірнеше жылдан бері Kazenergy (Қазэнерджи) қауымдастығының білім беру бағдарламасының басты демеушісі болып табылады. Кеше Астанада аталмыш компания мен қауымдастық өкілдері компания грантын жеңіп алған үздіктермен кездесу өткізді.

«Қазэнерджи» қауымдастығының атқарушы директоры Әлиакпар Мәтішевтің айтуынша, қауымдастықтың білім беру бағдарламасы төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. «Біздің елде жасыратыны жоқ, кез келген мақсатты жастың ел экономикасын дамыту жұмыстарына атсалысуға мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті біз бағдарлама бойынша мұнай, газ саласында қызмет етуге ниет білдірген, бойында ерекше дарыны бар, бірақ әлеуметтік жағынан мүмкіндіктері шектеулі болып жататын жастарды іріктеп, қолдау көрсетіп келеміз. Бүгінде еліміздің мұнай, газ саласы отандық білікті мамандарға зәру болып отыр. Сондықтан біз оқытып жатқан студент жастар еліміздің мұнай, газ саласындағы мамандардың қазақстандық үлесін арттыруға елеулі үлес қосады деген үміттеміз. Әрине, мұнымен маман мәселесін түгел шешіп жатырмыз деп айта алмаймын. Аздап болса да, өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бірақ бұл біз қолға алып отырған үлкен істің бастамасы ғана. Болашақта білікті мамандардың қатары әлі арта береді деген ойдамын», – деді қауымдастықтың атқарушы директоры.

Кездесуге «Қазэнерджи» қауымдастығының білім бағдарламасы негізінде еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан барлығы 13 студент келіпті. Әлиакпар Мәтішев бізге: «Шараны өткізудегі мақсат – дарынды жастардың «Шелл» компаниясы мен «Қазэнерджи» қауымдастығының қызметі мен жұмыстары жөнінде кеңірек мағлұмат алып, аталмыш ұжымдардың басшылығымен танысып, өздерінің қарым-қабілеттерін танытып, сондай-ақ өз көзқарастарымен бөлісу», – деп түсіндірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста