Қазақтың мол рухани қазынасы әлі талай жобаға арқау болады

Қазақтың мол рухани қазынасы әлі талай жобаға арқау болады

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры, академик:

– Тәуелсіздіктен бергі кезеңде ұлттық әдебиеттану, фольклортану және өнертану саласында бұрын-соңды болмаған ірі жо­балар жүзеге асырылды. Соның бірі – жүз томдық «Бабалар сөзі». Кеңес кезінде «Қо­быланды», «Алпамыс», «Қамбар», «Ер Тар­ғын» сияқты батырлар жыры, тіпті ер­тегі, мақал-мәтел сияқты халық әдебиетінің шағын нұсқаларының өзі түзеліп, күзеліп шығып жатты. Ол кездегі саясат «Әрбір ұлт­та екі мәдениет бар: біреуі – буржуазия­лық, біреуі – пролетарлық. Біз пролетарлық мәдениетті қолдаймыз» дейтін Лениннің қағидасы болатын. Соған байланысты ұлт­қа ортақ бір мәдениетті екіге бөліп таста­ған­нан кейін, біздің көп дүниеміз халыққа жетпеді. «Бабалар сөзінің» жүз томдығы осы олқылықтың орнын толтыру мақсатын­да жоспарланды. «Бабалар сөзінің» алғаш­қы 30 томын кеңес кезінде жарыққа шық­па­ған шығармалар құрап отыр. Айталық, діни дастандар, шығыс елдерінің сюжетіне құрылған хикаялық, ғашықтық жырлар 20 томға жүк болса, Қытайдағы қазақтардың халық ауыз әдебиеті он томға топтастырыл­ды.
«Бабалар сөзіндегі» әр томда орта есеппен көлеміне қарай 10-15 мәтін бар. Біз әр мәтінді «Халықтың аузынан қалай жазылып алынды? Қолжазбада қалай? Болмаса Қазанда, Ташкентте ХІХ ғасырда жарыққа шыққан нұсқасы қандай?» деген сұрақтар төңірегінде жан-жақты зерттеп, мүмкіндігінше ешбір сөзін өзгертпей, сол қалпында беруге тырыстық. Әр мәтінге қашан, қайдан жазылып алынғандығы, кімнің жазып алғандығы, қолжазбаға кім тап­сырғандығы, жырды кім жырлағандығы туралы ғылыми түсініктеме бердік. Діни дастандарда Құран сөздері, пайғамбар­лардың аттары көп кездеседі. Соған бай­ланысты тарихи-діни есімдерге анықтама, жер-су аттары, ескі араб, түркі, парсы сөз­де­ріне түсіндірме сөздік берілді. Бұған қоса әрбір томның соңында ағылшынша, орысша қысқаша түйіндеме бар.
Тағы бір үлкен жетістік – «Қазақ әдебие­ті тарихының» он томдығы. Онда біз төл әдебиетіміздің шежіресін сонау сақ, ғұн, үй­сін дәуірлерінен бастап, 1991-2001 жыл­дар аралығын, яғни Тәуелсіздік тұсындағы бостан әдебиетке дейін келіп тоқтадық. Осы барыста біз қазақ әдебиеті тарихының, оның ішінде жазба әдебиеті тарихының екі жарым мың жылдық жүріп өткен жолын көрсетіп шықтық. Қилы замандарда тыйым салынып, халыққа бейтаныс жатқан дүниелердің барлығын қайта қарап, тың жаңалықтарды оқырмандарға ұсындық. Біз сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарла­масының аясында «Қазақ музыкасының антологиясы» деген үлкен бес томдық ға­жап дүние шығардық. Кеңес кезінде тыйым салынған «Жарапазан», «Жар-жар», «Бақ­сы сарыны», «Сыңсу», «Жоқтау», «Қошта­су», «Беташар» сияқты халық мұраларын мәтінімен, нотасымен, қосымша түсінік­терімен бердік. Әрқайсысының көлемі энц­иклопедияға тұрарлық. Бұл жағынан профессор С.Күзембаева бастаған музыка мамандары, консерватория ұстаздары да атсалысып, көп жұмыс істеді. Орыс тілінде дайындалған «Әлемдік әдебиеттану» мен «Әлемдік фольклортанудың» үш томдық­тарының да орны бөлек. Тағы бір жаңа жобамыз – 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» сериясы. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жеті институттың ғалымдары, 16 секция жұмыс жасайды. Осы орайда айта кететін нәрсе – әр институт жылына жеке экспедиция жібереді. Меніңше, кешенді, жүйелі зерттеу жасайтын біріккен экспе­диция ұйымдастырсақ, тіпті қолайлы бо­лар еді.

  Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бастаған жұмысты аяқтау – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың арманы. Сон­дық­тан қалай болғанда да «Мәдени мұра­ны» мәресіне жеткізуіміз керек. Елбасының өзі «Бабалар сөзін» өте жоғары бағалады. Өйткені қазақы ортада, қазақы қасиет­ті сіңіріп өскен Елбасымыз ұлттық құнды­лығымызды ұлықтайтын «Мәдени мұра» бағдарламасына айтарлықтай жанашыр болып отыр. Кітап оқуға халықтың қызғу­шы­лығы артып, асылынан алыстап қалған елдің  беті  бері  қарап келеді.  Оқырмандар­ға оңтайлы болу үшін шығарып жатқан кітап­тарымыздан электронды оқулық жа­сауға тырысып жатырмыз. Алдағы уақытта «Ба­ба­лар сөзін» аяғына дейін жеткізу, 20 том­дық «Әдеби жәдігерлер» сериясын бі­ті­ру, «Қазақ музыка антологиясын» жалғас­ты түрде шығару міндеті тұр.
Ұлық жобаның айналасында шығып жатқан кітаптарды орта мектептерде, жо­ғары оқу орындарында көмекші оқу құра­лы ретінде пайдаланса, ғылыми ізденіске, білім жетілдіруге өте үлкен жәрдем береді. Қазақтың таусылмайтын мол рухани қазынасы әлі талай жобаға арқау болады. Классикалық қазақ романдарының, поэ­ма­ларының, пьесаларының сериялары қазақша-орысша шығарылса, қазақ поэ­зия­сының, романдарының тарихы жеке жазылса деген үлкен ой-армандар бар. «Тәуел­сіздік үшін күрестің қазақ әдебиетін­де бейнеленуі» дейтін ірі тақырып та зерт­теуді күтіп жатыр. Өйткені Елбасы Жол­дауын­да: «Тәуелсіздік – біздің ең басты мұратымыз. Халқымыздың сан ғасырлық арман-аңсары», – деп атап айтты. Міне, мұ­­ның бәрі ұрпақтардың еншісінде деп ой­лаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста