Ауыл әлеуеті артып келеді

Ауыл әлеуеті артып келеді

Ауыл – қазақтың негізгі күретамыры. Ұлт руханиятының  ошағы да ауылдан бастау алады. Салт-дәстүр, мәдениеттің сарқылмас мол қоры да ауылдарымызда сақталып келеді. Көпті көрген көнекөз қарттарымыз ауылда жатып-ақ ұлт болашағы үшін ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуда. Осы орайда қазақты ауылсыз елестету қиын. Мұны ескерген Елбасымыз да ауыл мәселесін бір сәт естен шығарған емес. Соның дәлелі – мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуын ауылдың өмір деңгейімен бағалаған ел басшысының ауылдың әлеуетін көтеру бағытында уақыттың сұранысына сай қабылдап отырған мемлекеттік бағдарламалары.
Еліміздегі дәйекті жүргізілген әлеумет­тік-экономикалық реформалар ауыл шаруашылығы секторындағы бірқатар оң өзгерістерге жол ашты. Ауыл шаруашылығы өндірісі өркендеп, ауылдық тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретін жобалар іске асырыла бастады. Себебі нарық­тың нар көтермес ауыр жүгі, ең ал­ды­мен, ауылдарға салмақ салған еді. Жеке­шелендіру кезінде бұрынғы колхоз бен совхоз таратылды. Мал мен жерді жеке­шелендіріп алған кейбір жаңа қожа­йындар нарық заңын толық игере алмай титықтады. Ауыл шаруашылығы саласының тозығы жеткен техникасы өндіріп жұмыс жасап, мол өнім алуға мүмкіндік бермеді. Ауылдағы мәдениет үйлері, кітапханалар мен балабақшалар бірінен соң бірі жабы­лып, есігіне қара құлып ілінді. Ал орталық­пен байланысатын жолдар қырық тесік болып, күрделі жөндеуді күтіп тұрды. Осы бір қордаланған мәселелерді ретпен шешу үшін мемлекет кешенді жобалар мен бағ­дар­ламалар жасауы керек болатын. Елба­сының көреген саясатының арқасында ауыл мәселесін шешуге арналған іс-шара­лар дер кезінде жасалды. Соның дәлелі – 2002-2005 жылдарға арналған «Ауыл жылы» мемлекеттік бағдарламасы, 2004-2010 жылдардағы «Ауылдық аумақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының қабылдануы. Сонымен қатар «Дипломмен – ауылға» жобасы да жас мамандарды ауылға тарту арқылы шалғай елді мекен­дер­дің тамырына қан жүгіртуге арналған  ерекше бағдарлама болды. Қазақстан халқының 47%-ы ауылдық жерлерде тұратынын ескерген ел басшысы «Ауызсу», «Ақ бұлақ» бағдарламалары арқылы ауыл тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз етуді көздеді. 2007-2009 жылдары «Ауыз­су» бағдарламасына сәйкес 55 елді мекен үшін 285 шақырым су құбыры тартылып, 68 мың адам таза ауызсумен қамтылды. 2009 жылдың аяғында ауыл халқын сумен қамту деңгейі 61 пайызды құрады. Алдағы уақытта «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында қалған ауылдарымыз да таза сумен қамтылады  деп күтілуде.
Айта кетер жайт, ауыл үшін жасалып жатқан іс-шаралар оң нәтиже берді. Бір кездері ауылдан үдере көшкен халық ауыл­ға тұрақтанып, болашаққа деген сенім кү­ше­йе түсті. Ұлттық халық санағының дерегі бойынша, соңғы 10 жылда ауыл халқы 12 пайызға өскен. Бұл, әрине, көңілге қуаныш ұялатады. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 1999 жылы ауыл тұрғындары рес­публика халқының  43,6 пайызын құраған болатын, одан бергі уақытта халықтың ауылға тұрақтануы жыл өткен сайын артып келе жатыр. Осы орайда ауылдық жер­лер­дегі тұрғындар санының артуы мемлекет  атқарған оң істердің нәтижесі екені дау­сыз.
Ел басшысы жыл сайын халыққа арна­ған Жолдауларында алтын бесік ауылды заманға лайық дамытып, өркендетудің ма­ңыздылығын айтумен келеді. 2002-2005 жылдары жобаланған «Ауыл жылдары» бағдарламасы аясында жүргізілген кешен­ді жұмыстарға дейін кейбір орталықтан шалғай елді мекендердің  жағдайы ауыр деңгейде болды. Елбасы бастамасымен қолға алынған ауқымды еңбектер нәти­жесінде көптеген мәселе оң шешімін тапты.  Ауыл жылдарында жол, ауызсу, мектеп, аурухана құрылыстарын жүргізуге – 2003 жылы шамамен 40 миллиард, 2004 жылы – 50 миллиард, 2005 жылы 55 миллиард теңге мемлекет қазынасынан бөлінген. Ауыл жылдары мемлекет тарапынан атқа­рылған істің бас-аяғы бұл ғана емес. Ауыл халқының рухани-мәдени өмірі де назар­дан тыс қалған емес. Қазір жер-жердегі мәдениет үйлері өз жұмыстарын қайта жаңғыртып, әрбір мереке сайын кешенді түрде ойын-сауық ұйымдастыруда.
Орталықтан шалғайда орналасқан ауылды жаңа ғасыр талабына сай дамыту үшін бүгінгі күннің жас мамандары қажет екені белгілі. Сондықтан  мемлекет «Дип­лом­мен – ауылға» жобасы арқылы кадр мәселесін шешуді қолға алды. Мұнда жас­тар ең әуелі өз мамандығы бойынша қыз­метке орналасса, екіншіден, жолдамамен барған жастар ауылдық жерлерден мемлекеттің көмегімен баспаналы болуға және бір реттік жәрдемақы алуына мүм­кіндігі бар. Бағдарлама жүзеге асқаннан бері ауылдық жерлерге 6000-нан астам жас маман қызметке орналасыпты. Биылғы жылдың өзінде мемлекет 4000 жасты атал­мыш жоба бойынша ауылдарға тарту­ды көздеп отыр. Ауылға жолдама арқылы бет түзегендердің  қатарын педа­гог­тер, дәрігерлер, мәдениет қызметкерлері мен халықты әлеуметтік қорғау қызмет­кер­лері құрайды.  Бүгінде қаржы дағда­рысы етек­тен тартып тұрған кезде мұндай ауқымды шаралар – болашақта ауылдық жерде тұруға ниеттенген жастардың ықы­ласын арттырып, болашаққа үміт ұялатып, олар­дың тұрақтап қалуына жасалған игі қадам. Бүгінде алыс ауылдық аймақтарда комму­налдық желілерді қайта жарақтан­дыру, сумен, жылумен қамтамасыз ету, жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта жөндеу сияқты шешімін таппай отырған мәселелерді тез арада шешу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Ауыл шаруашы­лығына беріліп отырған дотация жылдан-жылға артып келеді. Мемлекеттің кешенді жобаларының нәтижесінде ауыл­дық жерлердегі шешімін таппай келген біраз мәселе оң бағыт алуда. Ұлтымыздың ал­тын қазығы ауыл өмірін жақсарту мем­ле­­кетіміздің басты міндетіне айналғаны –қазақ үшін үлкен қуаныш!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста