Әр аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі қомақты

Әр аймақтың ауыл шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі қомақты

Еліміздің агроөнеркәсіптік  кешені 20 жылдың ішінде дағдарыс кезеңдерін еңсере отырып, нарық қатынастарына әбден бейімделді. Бұл саладағы өнім өндіру жыл сайын артып келеді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 1991 жылғы 77,8 млн теңгеден 2010 жылы 1,4 трлн теңгеге өсті. 20 жылдың ішінде 11,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. ЖІӨ-дегі сала үлесі ұлғайып, 9,6 пайызға жетті. Осы орайда әр аймақтың ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесін атап айтуға тұрарлық.
Алматы облысындағы ауыл шаруа­шылығы жалпы өнімінің  көлемі 20 жыл ішінде 227,8 млрд теңгеге жетіп, 1991 жылмен салыстырғанда 69 есеге артты. 
Биыл 264, 8 млрд теңгенің өнімін өндіру көзделген. Облыс бойынша 1 млн 177 мың тонна көлемінде рекордтық астық жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда, картоп, көкөніс, жеміс пен жидек егістері алқабын тамшылата суару 1,9 есеге өсті. 
Сондай-ақ биыл 17 мың тонна жеміс пен көкөніс сақтайтын заманауи қойма салынды. 106 жеміс-көкөніс қоймасының сыйымдылығы 120 мың тоннаны құрады. Бүгінгі күні облыста көлемі 36 гектар аумақ­тағы 473 жылыжай бар. 19 гектар аумақта 112 жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр. Оның жалпы көлемі  70 гектарға жеткізіледі.   
Жамбыл облысында 1992 жылы небәрі 193 шаруа қожалығы болған.
Содан бері олардың саны 16 мыңнан асты. Қазір ауылшаруашылық өнімдерінің 40 пайызы солардың үлесінде. Одан басқа 100-ден астам ірі шаруа қожалықтары құрылған. Тұтас алғанда, аймақтағы ауыл шаруашылығының үлес салмағы 17,5 па­йыз­ды құрайды. Алдағы уақытта шағын қожалықтардың басын біріктіру ісі қолға алынады. Өйткені бәсекеге қабілетті, халықаралық стандарттарға сай өнім шы­ғару­ға уақ қожалықтардың шамасы жете бермейтіні айқын.
Облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 1994 жылы мұндағы жалпы ішкі өнім көлемі 5 млрд теңгені құраса, 2010 жылы 68,5 млрд теңгені құрады. Алдын ала ақпар бойынша, биыл ЖІӨ көлемі жеті пайызға көбейіп, 70 млрд теңгені құрауы тиіс.
Ақмола облысы  – еліміздегі ірі агроөнеркәсіптік аймақ. Мұндағы жалпы өнім бүкіл елдегі өндірілетін өнімнің 16 пайызын құрайды. Тәуелсіздік жылдары өндірілген өнім көлемі 1993 жылғы 14,2 млрд теңгеден  2010 жылға дейін 7,7 па­йыз­ға көбейіп, 109 млрд теңгені құрады. 
1999 жылы әр гектардан 8 центнерден дәнді-дақылдар алынса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 17,1 пайызға жетті. Биылғы жылы дәнді-дақылдардың рекордтық өнімі жиналды – 7,5 млн т. Экспорт үлесі 4 млн тоннаға жетті. Астана қаласының айнала­сында азық-түлік белдеуін құру үшін 2008 жылдан бері ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтауға ар­налған 43 инвестициялық жоба жүзеге асты. 27,4 млрд теңгенің 27 жоба және жү­зеге асып жа­тыр.
Ақтөбе облысында Үдемелі индус­трия­лық-инновациялық бағдарлама шең­бе­рінде Индустрияландыру картасына ауыл шаруашылығы бойынша 2,5 млрд теңгенің сегіз жобасы енген. Оның жарты­сынан астамы игерілді. Бұлар – 500 сиырға арналған «Анди» сүт-тауарлы фермасы, 5 гектар жердегі «ӘлемТағам» жылыжай кешені, 8 мың тонналық үш көкөніс сақтау қоймасы және көкөніс терминалы, еділбай қойының «Еділбай-Элит» тұқымдық база­сы және т.б  Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім өндіру көлемі 1995 жылғымен салыстырғанда 15,6 есеге артты. Бәсекеге қабілетті өнім шығару және ірі қараның етін экспорт көлемін ұлғайту мақсатында «Сыбаға» республикалық бағдарламаға сәйкес, облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 2383 бас мал сатып алып, міндеттемені 103,6 пайызға орындады.
Шығыс Қазақстан облысында 1991 жылы жалпы аймақтық өнім 8,8 млрд теңгені құраса, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында бұл көрсеткіш 1270 млрд теңгеге жетті.  Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 7 есе артып, 153 млрд  теңгеге жетті. Соңғы үш жылда 14 мыңнан астам шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Қостанай облысында 1993 жылмен салыстырғанда жалпы аймақтық өнім 226 есе өсіп, жан басына шаққанда 975,4 мың теңгені құрады. 1993 жылдан 2010 жылға дейін ауыл шаруашылығы жалпы өнімдері 112 есе өскен. Атап айтқанда, 1993 жылы 1,9 млрд теңге болса, 2010 жылы 213,5 млрд теңгеге  жетті. 
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында соңғы жеті айдың ішінде ғана ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 68,3 млрд теңгені құрады.  Бұл – 1995-2002 жылдардағы көрсеткіш­тен жоғары. Соңғы екі жылдың ішінде су шаруашылығы нысандарын қалпына кел­тіру есебінен 77 мың г суармалы жер қол­да­нысқа енгізіліп, 9 мың жұмыс орны құ­рыл­ды. Бұл бағыттағы жұмыс әрмен қарай жалғасып, 2011 жылдың соңына қарай қалған 26,7 мың га жер пайдалануға бері­леді. Бүгінгі күні оның 19,1 гектары қолда­нысқа енді, 6 мың адам жұмыспен қамтыл­ды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл­ша­руашылық өнімі бүкіл республикалық көле­мі­нің 12 пайызын құрайды. Биылғы жылы облыс диқандары гектарынан 21 центнерден өнім жинап, 8 млн тоннадан астам астық жинады. Мал шаруашылығы да өркендеп келеді. Соңғы бес жылдың ішінде өнімділік пен сапаны арттыруға 4 млрд теңге бөлінді, асыл тұқымды мал шаруашы­лығын қолдауға 854,4 млн теңге бөлінді.
Павлодар облысында Тәуелсіздік жылдары ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге арналған 300-ден астам кәсіпорын құрылды. Осы саладағы жалпы аймақтық өнім соңғы жылдары 73 есе өсіп, 60,7 млрд теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері­нің өндірісі 185 есе өсті. Ақшаға шаққанда 26,4 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күні облыс өз тұрғындарын етпен, сүтпен, жұ­мыртқа, ұн, жарма, көкөніс пен картоп­пен қамтамасыз ете алады. Құрылым саны 618-ден 4120-ға жетті.
Атырау облысы Мұнайлы да өндірісті өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға да барынша көңіл бөлініп келеді. Мәселен, ауыл шаруашылығының көлемі 1991 жыл­мен салыстырғанда 40 есе, соның ішінде мал басы 1,3 есе өсті. Өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 17 жылыжай, 24 көкөніс сақтау қоймасы, ауылшаруашылық цехтары және бордақы­лау алаңдары іске қосылған. Облыстың 12 шаруашылығында тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Осының нәтижесінде қазір облыс көкөніс өнімдері бойынша сұранымның 60-70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Балық аулау көлемі жылдан-жылға артып келеді. 1991 жыл­мен салыстырғанда бұл сала 1,4 есе өсімге қол жеткізді.
Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы мәлімет бойынша,  ауыл шаруашылығы жалпы өні­мі­нің көлемі 51,8 млрд теңге болды. Облыс­тың барлық санаттағы шаруашылық­тары есепті кезеңде 51,7 мың тонна ет, 194,2 мың тонна сүт, 105,9 миллион дана жұмыртқа өндірді.
Қарағанды облысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам басу қарсаңында облыс диқандары рекордтық астық өнімін жинап, қамбамызға 734 мың тонна астық құйды. Сондай-ақ картоп өнімділігі орта есеппен 191 центнерді құ­рап, ең жоғары көрсеткішті иеленді. 
Өсімдік шаруашылығы саласын және суармалы жерлерді түлетуді әртараптан­дыру шеңберінде суармалы жерлердің алқабы 2010 жылға қарағанда 1194 гек­тарға, оның ішінде картоп 809 гектарға, көкөніс 312 гектарға ұлғайды. 15,0 мың гек­тарға мал азығы егілді, ал майлы да­қыл­дар 1656 гектарға ұлғайып, 8096 гек­тар­ды құрады.
Мал шаруашылығы саласы да айтар­лықтай оң нәтижелерімен қуантуда. Мә­селен, ет өндіру, 2010 жылмен салыстыр­ғанда 3,4 пайызға, жұмыртқа өндіру, 29,3 пайызға, жүн өндіру, 7,4 пайызға жоғары­лады. Сүт өндірісі 271,9 мың тоннаны құ­рап отыр.
Маңғыстау облысында  ауыл шаруа­шылық өнімдерін өндіруді арттыруға арналған жұмыс жалғасады. Оның ішінде тамшылатып суаруды енгізу және асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау арқылы. Соңғы үш жылда өңірдің ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Мал басы өткен жылдармен салыстырғанда орта есеппен 6 пайызға өсті. Тек жарты жылдың ішінде 130 га алқапта тамшылатып суару әдісі қолданылды, 25 пайызға кө­к­өніс-бақша өнімдерін өсіру аймағы кеңей­тілді.
Қызылорда облысында  соңғы жыл­дары күріш егісі көлемі 75-77 мың гектарға жетті. Бұл – елімізде өндірілетін күріштің 85 пайызы. Осылайша, бұл облыс күріш жар­масына деген ішкі сұранысты толық қам­та­масыз етіп отыр. Ауыл шаруашылығы жал­пы өнімінің көлемі 2011 жылдың қаң­тар-маусым айларында 437 млн теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жыл­дың салыстырмалы кезеңімен 100 пайызды құрады. Мал шаруашылы­ғында 2011 жыл­дың 1 шілдесіне меншіктің барлық нысан­дары бойынша 12362 бас ірі қара мал, оның ішінде 5869 бас сиыр, 52458 бас қой мен ешкі, 1556 бас жылқы, 674 бас түйе, 1067 бас шошқа, 19259 құс өсірілуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста