Мұңнан өрілген мұражай

Мұңнан өрілген мұражай

Осыдан 11 жыл бұрын, яғни 2001 жылдың 2 қарашасы күні Шымкент қаласының қақ ортасынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражай ашылған болатын. Оған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қатысқан-ды.
«Соңғы үлгідегі сәулеттік дизайнмен ерекше салынған мұражай қызыл, қара, сұр түспен өрнектелген. Ішкі залы киіз үйдің қалпын, ал сыртқы көрінісі аспаннан түскен найзағайды бейнелейді. Сұр түс НКВД-ның шинелін, яғни киімін меңзесе, қызыл түс жазықсыз төгілген қанды, қара түс еліміздің басына түскен нәубет – қара күнді еске түсі­реді», – дейді мұражай директоры, ақын Ханбибі Есенқарақызы.
Дөңгелек залдың ортасындағы «Репрес­сия» деп аталатын скульптура ешкімді де бейжай қалдырмайды. Көзіңе жас алдыра­тын, кеудесін халық үні кернеген, тоталитар­лық жүйеге қарсы, оққа кеудесін тосқан «Алаш» азаматтары, олардың аяғына ора­лып «кетпеші, көке» деп зар еңіреген жас бүлдіршіндердің аяулы халі, шындығында да, аяныш туғызады. Сол қасіретті айнала қоршап тұрған портреттердегі Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Сұлтанбек, Ахмет, Жүсіп­бек, Әлихан, Міржақып, Мағжандар әйнек терезелерден көрермендерге қарап:
«Ат!» деген кім?
Атқан қайсың?
Қаным қайда төгілген?
Қабірім қайда көмілген? – деп тұрған­дай.
Мұражайдың басты атрибуттары голо­щекиндік «Кіші Қазан» саясатының дүмпуі, яғни байларды тап ретінде жою, мал-мүл­кін тәркілеу арқылы қазақ халқын қолдан ұйымдастырған айтулы жұтқа әкеліп тіреу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру, бай-батырақтарды жер аудару, өзге ұлт өкілде­рін тоғытып әкеліп Қазақстан жеріне қо­ныс­тандыру, 1935-1938 жылдардағы қа­зақ зиялыларын қуғын-сүргінге салып, атып, азаптап өлтіру және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен ондағы саналы жастар қозғалысымен аяқталады. Жалық­пай ізденудің нәтижесінде бүгінге дейін 14 300 тарихи құжат жинақталыпты. 90 мыңнан астам адам Алаштың қайраткер ұл-қыздарының өмірдеректерімен және олар туралы түсірілген деректі фильм­дермен танысты. Биылғы жылдың алғашқы бес айының өзінде мұражайға бас сұғып, тарихымен танысқандардың саны 7306-ға жетті.
Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ, мұражай директоры:
– Қолымыздағы бар мәліметтерге қарағанда, бұл нәубетте республика бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған 103 мың адамның 25 мыңы атылған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында (ол кезде Әулиеата, Қызылорда, Оңтүстік бір өлке болған) 7 мың адам тұтқын­далып, 2,5 мыңы оққа байланды. Өкінішке қарай, бұл тізім бүгінге дейін жалғасып, дерексіз кеткендердің құжаттары іздестіру арқасында әлі де табылуда. Қазақстанның өзге өңірле­рін­де қуғын-сүргін құрбандарына арнайы мұражай ашылмағандықтан, біз басқа облыстардың да саяси құрбандары туралы мәліметтер жинаумен айналыстық. Мұражайдан Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Талдықорған, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан­дағы қуғын-сүргін құрбандары туралы құжаттармен танысуға болады. Бұл іздену алдағы кезде Түркия мен Ресей өңіріне де жол бастамақ.

Мұражай қызметкерлері қуғынға ұшы­раған азаматтардың құжаттарын ел-елден, жер-жерден жинаумен қатар, тарихи жер­лер атауының мазмұнына да үңілуде. «Қасірет» мемориалының орны қалай таңдалды? Неліктен «Албастысай» аталған? «Қайтпас» атауы қайдан шықты? Осы сауал­­дарға тереңірек түсінік беру мақса­тымен мұражай қызметкерлері бірқатар зерттеумен айналысты. Бүгінде оны білетін қуғын-сүргін құрбандары өмірде жоқ. Кейбірінен қалған ұрпақтарымен қарым-қатынас жолға қойылған. Солармен, көне­көз қариялармен жүздесті, сөздерін бейне­таспаға түсірді.
– Сол кезеңде қозы бағып, тай қуған балалар, яғни тірі куәгерлермен тілдесіп қалуға тырысқан әрекетіміз нәтижесіз болған жоқ. Түкібаев Шақабай, Татыбаев Сиқымбай, Бекжігітов Асқарбек секілді ақсақалдардың әңгімесі төмендегіше өрбі­ген болатын: «Ел басына нәубет тиген жыл­дары біз бала едік. Ауылымыздағы қырдың ар жағынан кешке қарай, түнде атылған мылтықтардың дауысы естілетін. Құлағы­мызға ыңырсыған, жылаған, айқайлаған үндер келетін. Әке-шешеміз бізге естірт­пеуге тырысатын және ол жаққа аяқ бас­пауы­мызды талап ететін. Аш иттер кейде ауыл­ға адамның аяғын, қолын тістеп әкеле­тін. Бір күні қозы бағып жүргенде балалық әуестігіміз ұстап, Албастысайға бардық. Биік жарды үңгірлеп қазып, өлген адамдар­ды төсек жинағандай бірінің үстіне бірін қалап, жинап қойыпты. Бетін жаппағанына қарағанда, қатары әлі де көбейеді деп жоспарланса керек. Кейбірі атқан жерінде сілейіп жатыр. Көбісін атқан бойда құдыққа тастапты. Құдықта су орнына қан шүпілдеп тұр. Шамасы, белгілі бір бай тұрған-ау, екі-үш үйдің аумағындай алаңқайда дүние-мүлік тіреліп тұр. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген емес пе, ешкім тимеген. Бірақ елді аштық жайлап, жоқтық қыспаққа ал­ған кезде иманнан безген біреулердің сонда барып, иесіз қалған жерден атыл­ғандардың бүтін киімін, кейбір мүлкін алып келе жатқанын жұрт көрген. «Қайдан келе жатырсыңдар?» – деген сұраққа «Сель­магтан» деп жауап берген. Ел әлгілер­ге қарғыс жаудырған. Кейін сол сұғанақ қолдылардан ұрпақ қалмағанын естіпті», – деді ақын апа. – «Қайтпас» аталған ауыл туралы екі пікір бар. Біріншісі: НКВД-ның жансыздары «халық жауы» деп, ұстаған адамдарын Шымкенттің түрмесіне қамап, соңынан арбаға салып немесе жаяу айдап, сол жаққа беттегеннен-ақ, жұрт «Е-е, енді бұлар қайтпасқа кетіп барады» дейді екен. Ал большевикшілердің таратқан пікіріне сүйенсек: Кеңес өкіметі орнаған жылдары сол жерде қоныстанып отырған бес-алты үй «жұмыс дегенде қайтпай істейді екен, содан «Қайтпас» деп аталған» дейді. Ал Албастысай аталуы – ымырт басталғаннан төбенің ар жағынан күңіренген, жылаған айқай-шуға үрке қараған жұрт ол жерді «Албастысай» атап кеткен.
Мұражай директорының айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, жыл сайын 31 мамырда Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты ұйымдастырылатын облыстық ауқымдағы іс-шараға қуғын-сүргін құрбан­дарының ұрпақтарын, туған-туыста­рын, жер аударылып келген халықтардың өкілдерін шақырып, митинг өткізіледі екен. Мұражайға, негізінен, мектеп оқушылары, студент жастар, қала жұртшылығы, қонақ­тар, еңбек және соғыс ардагерлері, турис­тер, шетелдіктер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, елшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, іскер топтар келеді. Биылғы ми­тин­гіге қуғынға ұшыраған арыстарымыздың ұрпақтары Алматыдан арнайы келіп, қатысқалы отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста