Жер суғарып, мал баққан - байлықтың көзін тапқан

Жер суғарып, мал баққан - байлықтың көзін тапқан

«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында жасалып жатқан мемлекеттік қолдаулардың арқасында бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндіріп, ел экономикасына қызмет етіп әрі өз тұрмысын да түзеп жатқан азаматтар көп. Солардың бірі Мақтарал ауданы Достық ауыл округiне қарасты Гүлiстан елдi мекенiнде тұратын Махмуд Субханов есімді азамат. Бұл туралы okg.kz сайты жазды.
Махмуд Субхановтың мал бордақылау iсiн қолға алғанына онша көп уақыт бола қоймапты.
— Өзiмiздiң суармалы жерiмiз болғандықтан, жылда қауын, мақта егумен айналысып жүрдiк. Қанша дегенмен, өнiмнiң барлығын түгел сатып жiбере алмайсың. Егiстiкте қалып қойған қауын, қарбыз, мақта қалдықтарын ысырап етпей, бiр кәдеге жаратудың жолдарын iздестiре бастадым. Ойлана келе, мұның ең ұтымды тәсiлi мал бордақылау деп ойладым. Мал басын көбейту үшiн «Ырыс» микроқаржы ұйымынан былтыр 6 миллион теңге несие алдым. 7 пайыздық мөлшерлемемен 3 жылға бөлiп төлейтiндей етiп, келiсiмшарт жасадық. Алған қаражатымызға он өгiз, он бұзау, бес сиыр алып, кәсiбiмiздi бастадық. Күзде бiраз өгiздердi семiртiп, бабы келiскендерiн базарға шығарып саттық. Нәтижесi жақсы, бiр өгiздiң бағасы 300 мың теңгеге дейiн барды. Соның арқасында несиемiздiң бiраз бөлiгiнен құтылып үлгердiк. Иелiгiмiзде 45 гектар жерiмiз бар. Сондықтан мал жем-шөбiнiң 50 пайызы өзiмiзден шығады деуге болады. Дәл қазiргi уақытта фермамызда 20 бас iрi қара мал бар, оның 10-ы сауынды сиыр. Күнiне шамамен 30-40 литрдей сүт аламыз. Себебi, барлық сиырды сауа бермеймiз, кейбiрiн бұзаулары аяқтанғанша төлiне беремiз. Базарға сүт, айран, сүзбе апарып сатамыз. Мұнда екi адам жұмыспен қамтылған. Олардың жалақыларын уақтылы төлеп отырамыз. Келешекте қора-жайымызды кеңейтiп, жем-шөп жинайтын бөлек кең орын салсақ деп жоспарлап отырмыз, — дейді С.Махмудов.

Ресми мәліметтер бойынша жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие берілген. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен 35 мыңнан аса мал басы сатып алынды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста