Депозитке ақша салу харам ба?

Депозитке ақша салу харам ба?

Сәлеметсіздер ме! Біз машинамызды сатып, ақшасын депозитке салып қойған едік. Ай сайын үстеме ақша түсіп тұрады, жас отбасы болғандықтан айлық шығындарымызға жақсы көмектеседі. Бірақ депозит харам деп білсек те аса мән бермедік. Өйткені, жақсы пайыз түсіп тұратын еді, қуанып жүре беретінбіз. Депозитке қатысты кандай үкімдер бар туралы толық ақпарат білмейміз. Өтінемін, түсіндіріп бересіздер ме, исламдағы орны қандай? Үстінен түскен ақшаны қолданбадық әлі, банкте тұр. Не істеуге болады? Өзіміз үшін жұмсауға болады ма? Әлде барлық үстемесін садақа етіп беру керек пе? Сосын ақшаны қайда сақтау керек? Айдана
Ассаламалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу!
Сұраққа жауап берместен бұрын қазіргі күндегі банктердегі депозиттік жүйеге тоқталып кетсек. Біздің білуімізше, қазіргі кездегі көптеген банктердегі депозиттік жүйе: сіздің ақшаңызды алып, өздерінің қаржылық айналымына салады. Яғни, заңды тұлғаларға немесе жеке азаматтарға (сіз берген ақшаны) үстемелік пайызбен есептеп қарызға береді. Осы ретте банк екі ортада пайда тауып отырады. Мысалы, сіздің салған жүз мың теңгеңізді басқа бір тұлғаға 20%- пайыздық үстемемен қарызға беріп, жартысын банк өзіне қалдырып, қалғанын сіздің депозиттік есепшотыңызға ай сайын аударып отырады.
Депозиттік жүйе арқылы пайда табуы осындай сипатта болса, бұл түрі исламда «риба – өсім» деп аталады. Бұлай жасау – шариғатымызда кесімді түрде қайтарылған амал. Өйткені, ол ауадан ақша табу, қарыздан пайда көру болып саналады. Қасиетті Құранда: «Алла сауда жасауды адал етіп, өсіммен пайда табуды харам етті»,[1] – деп бұйырылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің бір хадисінде «:Әрбір пайда көзделген қарыз – өсім»,[2] – деп ескерткен.
Өсімқорлық жолмен (кредитпен ) келген ақшада береке бола бермейді. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Алла Тағала өсімнен берекені кетіреді»,[3] – дейді.
Алайда, сіздер білместікпен салып, пайда көріп қойсаңыздар, оны өздеріңіз пайдаланғаннан көрі кедей-кепшікке садақ етіп бергендеріңіз дұрыс болады. Бірақ, садақаның бұл түрін құлшылық қайырымдылығына жұмсауға болмайды. (Мысалы, мешіт-медресе шығынына).
Ақшаңызды пайызсыз сақтау жолына келер болсақ, кейбір банктерде еш пайыссыз ақшаңызды ағымдағы есепшотқа салып қою жолдарыда қарастырылған болуы мүмкін. Ол ақшаңызды керек кезде, сол көлемде өсімсіз ала аласыз. Бұл – бірінші жолы. Ал, екінші жолы – сіз артық ақшаңызды белгілі бір кісімен келісіп, оның кәсібін қаржыландыруыңызға болады. Ақша табудың бұл түрін ислам шариғатында «Мудораба» деп атайды. Мудорабаның негізгі шарттары:+

1. Тапсырылған ақшаның көлемі белгілі болуы әрі қолма-қол тапсырылуы шарт.
2. Бұл жағдайда кәсіп екеуіңізге ортақ болады. Яғни, түскен пайда да, келген шығын да ортақ болады.
3. Түскен пайданы өзара пайыздық мөлшермен келісіп алу міңдеттеледі.
4. Кәсіптен түскен табыс мөлшері екеуара белгілі болуы қажет.

Асқар Мұқанов.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста