Он екі жылда бір айналып келетін ұлу жылы туған ұлы тұлғалар әлем тарихында аз емес. Бір мүшел сайын дүниеге келген кемеңгер Жер тұрғындарын ғаламшардың әр түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады.
Бұл тізімді шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям (1048) бастаса, атақты жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы Эдгар По (1810), әйгілі қаламгерлер Льюис Кэрролл (1832), Дж.Р.Толкиен (1892), Иосиф Бродский (1940), Максим Горький (1868) де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан.
Ал әлемнің жаратылысы мен тылсымына көз тіккен философтар арасынан «фашизмнің рухани атасы» Фридрих Ницше (1844), коммунизмнің «көкесі» Фридрих Энгельс (1820), Освальд Шпенглер (1880), Жан-Жак Руссо (1712), әйгілі педант Иммануил Кант (1724) осы жылы дүниеге келіпті.
Саясатқа қатысы барлар арасына танымал тарихи тұлғалар өжет қыз Жанна д’Арк (1412), орыс патшасы Николай II Романов (1868), Америка президенті Авраам Линкольн (1810), Эрнесто Че Гевара (1928), көрші Владимир Путин (1952), Франсуа Миттеран (1916), Эдуард Шеварднадзелерді (1928) атауға болады.
Ұлу жылы туған саясаткерлер арасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев (1940) та бар.
Ұлу жылы туған ұлылар аз емес. Олар әлем тарихында өз қолтаңбаларымен түрлі жол салып-ақ келеді...
Ұлу жылы туған ұлы тұлғалар
Последние статьи автора