Бүгінгі ұрпаққа «үлкен террордың» шындығы айтылуы керек

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Әдетте террор десе, бүгінгі бұқараның көз алдына көк тіреген ғимараттар немесе метро, ірі сауда орталықтарында кенеттен гүрс ете қалған жарылыс, сондай-ақ сақалды еркек, бүркенген әйел елестейді. Әрине, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиға әлемге терроризмнің осындай картина, осындай сценарийін көрсетіп, жаһан жұртшылығысанасына «бұл – ХХІ ғасыр трагедиясы» деген дәнді септі. Алайда шын мәніндегі террордың тырнағына адамзат, әсіресе Алаш жұрты одан әлдеқайда ерте ілініп еді. Алдымен «аша тұяқ қалмасын» деп мал басын қылғытудан бастап, тігерге тұяқ қалмаған  соң жан басын жұтуға көшкен 1937-1938 жылғы репрессия, міне, нағыз террор осы болатын. ХХ ғасыр басындағы Сталин, Ежов, Голощекиндердің қолымен жасалған осынау қанды қырғын, 1937-38 жылғы қанды репрессияға биыл – 75 жыл.
Осынау тарихымыздағы қаралы да таны елімізде ең бірінші болып ескеріп, «Қазақстандағы «Үлкен террор шындығы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізген Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық «Тұлғатану» орталығы және Алматы қаласы тарихы музейі мен ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты болды. Ақпанның соңғы күндерінде Алматыдағы ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты ғимаратында өткен бұл игі шараға тарихшылар Бейбіт Қойшыбай, Қайдар Алдажұманов, Әли Оразұлы Жандосов, саясаттанушы Айдос Сарым, сондай-ақ репрессия құрбандарының көзі тірі ұрпақтары және біршама зиялы қауым жиналды. Сөз басы әуелі жыл басынан бастап дүниеден озған қуғын-сүргіннің куәгерлері мен ұрпақтарын еске алу үшін жарияланған бір минут үнсіздік пен аруақтардың рухына бағыштап оқылған Құраннан басталды. Ал биыл бақилық болғандар аз емес еді, атап айтқанда, 1 қаңтар күні қуғын-сүргін куәгері, сол жайлы кітап жазған Федор Яковлевич Осадчий, сосын бірінен соңы бірі көз жұмған Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова, Райхан Қалижанқызы Жұмабаева, Гүлнар Міржақып қызы Дулатова сынды асылдың сынықтары болатын.
Бейбіт ҚОЙШЫБАЙ, тарихшы:
– 1938 жылдың ақпан айынан бастап осы Алматыдағы Кеңес Одағының Жоғарғы соты әскери коллегия сының көшпелі сессиясы жұмыс істеді. Алғаш 25 ақпандағы мәжілісінде 30 шақты адам ды атуға үкім шығарған еді. Содан бастап ол көшпелі сот бірнеше ай бойына күніне бірнеше адамнан сол үкімде аттары аталған азаматтарды атумен шұғылданды. Осы Алматы қаласында қазіргі Наурызбай батыр көшесі мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында сол тұста түрме болды, «халық жауы» деп айыпталғандар сонда қамалып, ату жазасы түн ортасында сол түрменің жертөлесінде жүзеге асып отырған. Сосын мүрделерді тиеп алып, осы күнгі Жаңалық деген жерге апарып тастай берген. Ол жерді НКВД-нің өзі мойындаған. Демек, 1937-1938 жылы «Үлкен террор» болды деп жатқанымыз тіпті де негізсіз емес. Бүгінде осы қылмысқа тікелей атсалысқан «шолақ белсенділер» есімдерін айғақтайтын құжаттар толығымен ашылуы тиіс. Бірақ бүгінде қисынсыз бір нәрсе, соның ашылмай отырғандығы, ол – басқа мемлекеттің қылмысы ғой, олай болса ол неге әлі күнге бүркемеленеді? Ашаршылық та, репрессия да – мемлекеттік қылмыс. Ал өз халқына қарсы осындай сұмдық қылмысқа барған мемлекет қазір жоқ. Олай болса, біз неге бүгінде жоқ мемлекеттің қылмысын барынша ашпай отырмыз? Бұл жерде біз білмейтін не сыр бар? Керісінше, бүгінгі Тәуелсіз елдің халқының өз тарихын біліп, өз мемлекетінің сондай сұмдыққа жол бермейтініне сенуі үшін ашық айтылуы тиіс.

                             Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

19 КОМИССАР МҮРДЕСІН ӘШКЕРЕЛЕГЕН БИТ
КПСС Халық комиссары Ежовтың №447 шұғыл бұйрық бойынша жүзеге асқан «үлкен террордың» ең бірінші құрбанының аяусыз оққа ұшқан күні 1938 жылдың 25 ақпаны болатын. Және бір айтарлығы, ату жазасына кесілгені туралы жария етілгені де осы 19 комиссардың өлімі еді. Себебі сіз орындалып отырған басқа да қазақтың бәлен мың азаматының атылғаны туралы ақпарат аса құпия сақталып, жақын туыстары, жалпы, қазаққа «олар он жылға жер аударылды, хат жазып, хабар алмасуға қатаң тыйым салынды» дей салған.
Орынша ҚАРАБАЛИНА, ардагер ұстаз:
– Осыдан 75 жыл бұрын 25 ақпан күні 1938 жылы менің әкем Ұзақбай Құлымбетов бастаған он тоғыз комиссар атылды. Олардың мүрделерін қапқа салып, түн ортасында Алматыдан отыз шақырым жер дегі Боралдай деген сайға лақтырып-лақтырып кеткен. Іс осымен бітті, жабулықа зан жабулы күй де қалады, тірі жан көрген жоқ, ешкім білмейді деген оймен сенімді түрде кете барған. Алайда Құдай бар ғой, ол нені қалай әшкере қылудың ретін өзі біледі. Тұрмыстың ауыр кезі, жергілікті тұрғындар ішер ас, киер киімге жарымайды, солар бір күні ойламаған жерден әлгі мүрделердің үстінен түседі.
Өздері жалаңаяқ жүрген байғұстар әлгілердің етіктерін олжа санайды. Сөйтсе, олар байқамаған екен, етіктер биттеп кетсе керек. Содан сатып құтылайық деп базарға апарса, сол жерде ұсталады ғой. «Мынадай биттеп кеткен етікті қайдан алдыңдар?» деген айғай соңы, не керек, 19 комиссар денесі жатқан жерді әшкерелейді. Әрине, бұл жайт еш жерде ашып айтылмаса да, халықтың есінде қалған. Әрине, 1937-38 жылдары біз тым кішкентай болдық. Бәрімізге «әкелерің халық жауы, шешелерің де соның жол дасы» деп екеуін де түрмеге қамап, бірін тіпті атып, ал біздерді бір отбасындағы ба уыр ларды бір-бірімізден шырқырата ажыратып, жан-жаққа балалар үйіне жі берді, қатыгездікпен. Жылап-еңіреп жүрсек те, біз әкеміздің жау екеніне сен бедік. Бүгінде Құлымбетов жөнінде көп ай тылмай жатыр. Біріншіден, кінә Құлым бетовтің балалары, мына бізде болуы керек: Үкіметке сендік, тарихшыларға сендік. Сөйтіп жүргенде уақытты өткізіп алыппыз. Енді өкінгенмен қайран жоқ. Бірақ Құлым бетов туралы бірде-бір еңбек, кітаптың жоқтығы жүректі ауыртады, әрине.
Айта кету керек, заманында көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың үркердей азаматтары ның қатарында болған Ұзақбай Құлымбетов Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы, онымен қоса, сауда министрі қызметтерін атқарған. Бұл 1930 жылдардан бастап 1937 жылға дейінгі аралық еді. Қазақстан автономиядан одақ тас республикаға айналған 1936 жыл болса, яғни ол осы Ұ.Құлымбетов басқарып тұрған кезге тұспа-тұс келді деген сөз. Және тұңғыш рет Қазақстанның одақтас республика ретіндегі Конституциясы жарияланғаны да осы кез. Ал бұл – үлкен іс, үлкен жетістік! Басшы болған кезде Ұзақбай Құлымбетов небары 45 жаста болса, ұсталып кеткенде арыстай азамат 47-ге толып үлгермеген де еді. Ең қызығы да сол, Құлымбетовті алашордашылар да іздеген, қызылдар да іздеген. Неге десеңіз, ол кісі елде орыс-қазақ мектебінде мұғалім болған, ондай сауатты адам ол кезде өте қат екені сөзсіз түсінікті. Жалпы, бір ғана Құлымбетов емес, қазақта атылған сан мыңдаған азамат қылшылдаған қырқында кеткені, ең құрығанда елуді еңсермегені өкінішті...
МИРЗОЯН КІМ: МЫРЗАЖАН БА, ӘЛДЕ?..
Орынша ҚАРАБАЛИНА:
– Біз бүгінде тәуелсіз елміз, шүкір, сондықтан бір менің әкем ғана емес, күллі қазақтың игі жақсысын атып тастаған қанішерлердің есімдерін бүгінде ашып айтуға тиіспіз. Соның ең біріншісі – Левон Мирзоян. Біз оны қаншама жылдар бойына Мырзажан деп еркелетіп, «ол келіп бізді аштықтан құтқарды», «ол келіп мал саны көбейді» деп дәріптеп, бүгінге дейін оның атына көше беріп жатырмыз. Ал анығында, Мәскеуде Юрий Жуков деген журналист кітап жазды, сол кітапты оқыған мәскеулік маған хабарласып, «сіздің әкеңізді құртқан – Мирзоян» деп бірақ сәтте көзімді ашты. Қазір енді мына жиында да мен бір жағы тарихшылардан «бұрын Мырзажан деп еркелетіп келдіңіздер, ал сол Мырза жаныңыз мына жақта басқаша сөйлеп, қазақтардың ішін дегі азаматтарды қара тізімдеп Сталинге астыртын жібере берген, соған бүгін қандай баға бересіздер?» деп сұрауға келдім.
ТЕРРОР-ПАЙЫМ
Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
Ең үлкен мәселе – бүгінгі Ресей Ленинді қашан көмеді емес, Ленинді қашан қазып алады деген әңгіме. Жарайды, 140 миллион халқы бар Ресей өзі біледі, егер оларға Путин ұнаса немесе Сталин ұнаса, ол – өз еркілері. Ал біз бөлек ұлтпыз. Біздің ұлтымызға ХХ ғасырда сталинизмнің тигізген қияметі мен қылмысы қазақтың бұрын-соңды бүкіл тарихында көрген қайғы-қасіретінен асып түседі. Сондықтан біз бұған ешқашанда жол бермеуіміз керек. Мәселен, біздің бүгінгі тақырыбымыз, яғни биыл 75 жыл толып отырған қаралы датаға себепкер адамдардың бірі – Левон Мирзоян. Әрине, ол алып репрессиялық машинаның бір тетігі ғана, бірақ маңызды тетігі, өйткені ол анау-мынау емес, тұтас бір республиканы басқарды. Ал бүгінгі жағдайда жалған патриотизм, жалған ұлтаралық қатынасқа са лынып, әлгіндей жендеттің атына көше беру, оның атымен елді мекендерді атау – тіпті ұлы армян халқын құрметтегеннің өзінде, өрескел қателік. Біз мұны ешкімнің алдында бүгежектемей, ашық айтуымыз керек.
Екінші үлкен мәселе – жүйе, біздегі бүгін адамды сыйламай, адам құқығын таптау дегеннің барлығы сол кешегі коммунизмнің біздің санада қалдырған іздері. Егер біз ұлт боламыз десек, өзіміздің географиямызды дұрыстауымыз керек, екіншіден, тарихтан сабақ алуымыз керек. Ал егер біздің көптеген ағаларымыз секілді «совет заманы жаман болған жоқ, ол заманда зауыт-фабрика салынды, колхоз-совхоз құрылып, мал басы өсті» деп, ана қылмысты ақтағысы келсе, онда олардың қазақтың жүріп өткен тарихын түйсінбегені, одан ешқандай сабақ алмағандығы. Не нәрсенің де құны болады. Мен қазір орыстың кейбір публицистері мен саясаттанушыларымен былай тартысып жүрмін: елестетіп көрейікші, сіздің 100 туысыңыз бар, мен оның 70-ін атып тастаймын, есесіне, екі балаңызды оқытамын, үш балаңызды емдеймін, қалған туысыңызды шетелге апарамын, үй салып беремін өзіңізге, сонда сіз мені кешірер ме едіңіз деймін. Олар «жоқ, кешірмес едім» дейді. Олай болса, неге біздің ұлт өзіне сондай қастық жасағандарды кешіруі керек? Егер Сталиннен кейін, ашаршылық пен басқа да зұлматтардан кейін Қазақстанда Ғылым академиясы ашылса, зауыт салынса, ол Сталиннің жетістігі емес. Себебі қазақ жерінде зауыт, фабрика салынса, ол қазақ үшін емес, КСРО жай ғана сол елдің жерасты байлығын игеріп, шикізат қорын пайдалану арқылы экономикасын көтеруді көздеді. Сондықтан біз «советтер жарыл-қады» деген сауатсыз көзқарасты доғарып, өткенімізге де сыни көзқараспен қара уымыз керек. Тарихи шындық деген бар. Сон- дықтан жалған сөз, жалған түсініктерге еріп, барлығына бас шұлғып, компро мистер ге бара берсек, ол арымызды таптау болып табылады. Бәлкім, соны бүгінде осы Мирзояннан бастау керек шығар. Екі бірдей үлкен астанамыздағы үлкен көшелеріміздің атын беру – бұл өз ұлтымыздың тарихына, жалпы, ұлтымызға бейжай қараушылық, намыссыздық. Мен кеше Астанада ол көшемен екі рет жүруге мәжбүр болдым, өйткені – даңғыл. Есесіне, Міржақып Дулатов бабамыздың атындағы көше қандай кіп-кішкентай?! Сонда әлгіндей үлкен даңғылға Мирзояннан басқа тұлға табылмай қалды ма, оның орнына неге кез келген арысымыздың атын бермеске? Өз арымыз бен ұрпағымыздың алдындағы ұлттық борышымыз өтелген болып табылар еді.
Үшінші әңгіме – саясат. Бүгінгі тәуелсіз қоғамға жаңа тарихи жады, жаңа жады саясаты керек. Әрбір тарихшы, әрбір алаш танушы, әрбір Алаш арыстарының ұрпағы – ол бір жады. Олардың әрқайсысының көргені, білгені, зерттегені – үлкен бір тарихи архив. Біз сол қылмыстан жиіркенетін жағдайға жетуіміз керек. Жиіркенбей арылмаймыз, арылмай ұлт бола алмаймыз. Тағы бір үлкен мәселе – архивтер. Сөз сіз, бүгінгі күн үшін шындықты айтқымыз келсе, архивтерді түгелімен ашуымыз керек.
Баяғыда, яғни репрессия атаулы аяқталып, алғашқы «халық жаулары» ақталып шығып жатқан 1956 жылы Анна Ахматоваға өзі репрессияға ұшыраған орыстың мықты ақын әйелі: «қазір түрмеден шыққан Ресей мен түрмеге отырғызған Ресей көшеде бірін-бірі кездестіріп қалса, сұмдықтың көкесі сонда болады, бірін-бірі талап жейді» десе керек.
Сол ұрпақтың шет жағасы – мына отырған өздеріңіз. Бүгін кейде біздің әлі сол кеңестік кездің ықпалынан арыл мағанымыз білініп қалады, ұрпақ ауыс қанымен, істеген ісі тура сол кездегіден еш айырмасы жоқ. Мысалы, бүгінде Алаш десе, арқа еті тырысып қалатын шенеуніктер бар әлі.
Еврейлерде бақа мен сарышаян туралы әпсана бар. Сарышаян өзеннің аржағына өтуі керек, бірақ жүзе алмайды. Сосын жағада жүрген бақаға жалынады. Ал бақа оның шағып алатынын біледі ғой, келіспейді. Сарышаян шағып алмауға уәде беріп, өлердегі сөзін айтқан соң, бақа оны арқасына отырғызып, өзеннің ар жағына алып өтуге келіседі. Алайда өзеннің қақ ортасына келгенде, кенет сарышаян бақаны шағып алады.
«Ей, сен не істедің, маған шақпауға сөз бергенің қайда? Енді не болды, мен де, сен де суға батып өлеміз ғой?» десе, сарышаян «білем, кешір, өзімді қанша тежеуге тырыссам да, қарсы тұра алмадым, себебі менің табиғатым осындай еді» депті. Яғни мұнымен біздің айтпағымыз не? Империяның табиғаты өзгермей, еш нәрсе өзгермейді. Бүгінде баяғы коммунизм идеясын қайта жандандырғысы келетіндер тонын теріс айналдыра киіп, саяси сахнаға сыналап еніп жатыр. Біз сондықтан осы нәрсеге осы бастан қарсы тұруымыз керек. Елімізді қандай да бір қауіптен құтқару үшін осындай нәрселерді біз ашық айтуымыз керек. Мемлекеттік орындарға бүгінгі жиынға келген қауым бар, ақпарат құралының өкіл дері, ұлтқа жаны ашитын зиялылар болып, хат жазып, халық болып көтерсек.
Мирзоянды, мәселен, бүгінгі күні Армения басшылығы насихаттағысы келеді, бірақ мәселе армяндарда емес, мәселе – ол ұлттан шыққан бір ғана адам, Мирзоянның ұлтымызға тигізген зардабында болып тұр. Сондықтан осы Мирзоян мәселесін де, көп кешікпей ұлттың мүддесіне шешуіміз керек, әйтпесе қолымызды мезгілінен кеш сермеген соң, бәрі бекер.

ТЕРРОР-ФАКТ
Жалпы, ресми дерек репрессияда Қазақстан бойынша барлығы 118 мың адам сотталып, оның 25 мыңы атылғаны жайлы айтады. Негізі, НКВД бұйрығы бойынша репрессия 1937 жылдың 5 тамызынан бастап төрт ай жүреді деп ұйғарылған. Яғни желтоқсанның аяғына дейін бітуі керек болған ол бұйрық бойынша барлығы 7500 адам сотталып, 2500-і атылуға тиіс болған. Сонда ол межені еселеп орындаған түрмелердің бәрін толтырып, қосымша тағы жазалауға рұқсат сұрап, жоғарғы жаққа жолдаған жергілікті жандайшап, «шолақ белсенділер». Дәлірек айтсақ, Мирзоянның қолымен жазылған хатта елімізде 8000-нан астам адамды тұтқындап, 3000-нан астамын атуға рұқсат сұраған. Оған КПСС Халық комиссары Ежовтың «егер де жағдай қажет етіп, одан да көбірек репрессия керек болса, онда маған дәлелдеріңді айтып, арнайы өтініш тастаңдар» деген қаулысы негіз болды. Біз мұны 1937 жылдың қарашасы соңында Л.Мирзоянның Сталинге жазған құпия телеграммасына сүйеніп айта аламыз. Құпия телеграммада «бізге тағы қосымша бірінші категориямен 600 адамды атуға, 1000 адамды соттауға лимит беріңіз» делінген. Және бұл бер жағы ғана.

ТҮЙІН
Сонау бір сұрғылт кеште кенет «Қара воронмен» келіп, асқар таудай әкесін алып кеткенде бесікте қалған бала бүгінде шашын аппақ қырау шалған қарияға айналды... Тіпті «атылды» деген қаралы хабар алса да, олар ардақты әкеден күдерін үзбеді. Қайран әкенің сүйегі әлдеқашан қурап кетті дегенге көз көрмеген соң, көңіл сенбейді. Әдетте, адам өз жақынының бақилық болғанына қабіріне өз қолымен бір уыс топырақ салған соң барып сенеді ғой, көңіл де содан кейін суына бастайды. Ал бұл буынның қасіреті де сол –ең құрығанда әке рухына Құран бағыштайтын қабір де таба алмайды... Ең құрығанда «Могиканның соңғы тұяғы» іспетті осы қалған санаулы арыстарымыздың ұрпақтарына бір орталық, бір музей ашып беретін жөніміз бар ғой. Әке мұрасын қоярға жер таппай, әр балкон мен әр жертөлеге қаратып қою біз секілді Тәуелсіз елге жараса ма? Әрбірден кейін, бүгінгі Тәуелсіздікте сол асылдарымыздың қаны мен қыршын кеткен ғұмыры барын ұмытпайық!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста