Ән болып әуелеген Қасым жырлары

Ән болып әуелеген Қасым жырлары

Қан майданның қақ ортасында жүріп, қаруы мен қаламын қатар ұстаған қазақтың ержүрек ақындарының бірегейі – Қасым. Қасымның от пен оқтың арасында туған жалынды жырлары заман өзгеріп, буын ауысса да, оқырманын әсерсіз қалдыра алмайды. Қаншама жыр, екі дастан, аудармалар қалдырған ақын қысқа ғұмырында қазақтың ән айдынына да тамшыдай болсын үлесін қосып үлгерген. Өкініштісі, Қасымның сан әнінен ел құлағында екеуінің ғана қалуы.
Қазақтың есті әндеріне әуес кез келген адамнан «Қасымның қандай әнін білесіз?» деп сұрасаңыз, «Дариға, сол қыз» бен «Өзім туралыны» жаңылмай айтатыны анық. Ал алдыңғы буын әншілер, Қасым­ның көзін көрген жандар басқа да әнде­рінің болғандығын айтады. Бірақ олар не себепті бүгінге жетпей қалды?
Мыңбай РӘШ, ақын, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
– Қасымның «Өзім туралы», «Да­риға, сол қыз», «Ақсәуле» әндерінің үшеуін де білемін. 1952 жылы Ғафу Қайырбековпен бірге үйіне барғанда, өзінен үйренгенмін. Ол әндерді өзім домбырамен айтып тұрамын. Қасым, негізі, көп ән шығарған. Бірақ олардың барлығы ұқыпсыздықтан, Композитор­лар одағы не басқа біреу айналыспаған соң, кезінде нотаға түспей ұмыт қалған.
Қасымға баспана сыйлаған «Өзім туралы» атты өлеңіндегі өмір шын­дығы ақынның көкірегін жарып шыққан ән арқылы өмір-толғауына ай­нал­ды. Ол әнді тыңдаған адам бір ғана Қасымның тағдырын емес, қазақтың қамын ойлаған азаматтардың бейнесін, тыныс-тіршілігін түсінетіні хақ. Бұл тол­ғауды бізге жеткізген – әнші, композитор Тұрсынғазы Рахымов.
Тұрсынғазы РАХЫМОВ, композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:
– Қасымның әнін мен 70-жылдары ауыл қарттарынан үйреніп алып келдім. Абайдың сөзіне жазылған «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» өлеңінің әнін біреулер Жәнібек Кәрменовтікі десе, біреулер Қасым Аманжоловтікі дейді. Бала күнімде 1947 жылы Қасымның Абай ауданына келгендігін естігенмін. «Бұл сол тұста шыққан ән» деседі үлкендер. Менің ойымша да, ән Қасымдікі. Композитор Теміржан Базарбаев 1947 жылы сол әннің Қасымға тиесілі екендігі жөнінде газеттен оқығандығын айтқан.
Жұрттың барлығы Жәнібектей ән дүлдүлінің әні деп жүрген «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» әні туралы тың деректі Тұрсынғазы ағадан естігенде, таңғалғаным рас. Ал оның, шындығында, кімдікі екендігін музыкатану ғылымының құзырына тапсырайық.

Түйін
Ал қазақтың жыраулық поэзия­сының дәстүрін ХХ ғасырда қайта түрлендіріп, халыққа отаншылдық рух сыйлаған, соның әсерінен сын­шылар тарапынан теперіш те көрген батыр ақын жырлары ғасырға жуық уақыт өтсе де, тазалығы мен мөл­дірлігін жоймай келеді. Ал нақты орындаушысы болмаған соң, халық жадынан өшіп, мұрағаттарда ғана сақтаулы қалған әндері болса, Қасымның 100 жылдығы аясында табылар деген үміттеміз. Себебі өлмейтін мұра ақынның өзі өлсе де, теңіз бетіне қалқып шығарына күмән жоқ. «Ұмытса да достарым, Ұмытар ма мені елім!» деп Қасым ақынның өзі айтқандай, дариядай даналық іздеушісі табылса, тасада қалмас...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста