Жолдама сағымға айналды

Жолдама сағымға айналды

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Минскіде өткен әлем чемпионаты Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшін өте сәтсіз аяқталды. Бірінші дивизионның «А» тобында сынға түскен хоккейшілеріміз соңғы екі ойында жеңіліске ұшырап, төртінші орынға табан тіреді.
Венгрия U-18 құрамасымен болатын ойынға дейін Қазақстан жеткіншектері «А» тобына бөлінген жалғыз жолдамадан үмітін үзбей келген. Бірақ мадияр ұландарымен болған ойында 1:6 есебімен ойсырай ұтылып, таулары шағылды. Жалғыз гол­ды біздің құрама сұрмергендерінің бірі­не айналған Максим Жабунин соқты. Владимир Беляев жаттықтыратын өрен­де­ріміз бұдан соң айдын иелері Бела­русь U-18 құрамасымен кездесті. Негізі, бұл ойынның нәтижесі турнир кестесіне ешқандай өзгеріс енгізбейтін еді. Беларусь бозбалалары бұл кездесуге дейінгі қарсы­лас­тарын оңды-солды жеңіп, ешбір құрама қуып жете алмастай болып қара үзіп кеткен-ді. Мақсаттарына қол жеткізсе де, соңғы ойында қарқындарын бәсеңсітпей, біздің жеткіншектерді де тізе бүктірді. Есеп – 1:6. Қазақстандықтар сапынан бұл матч­тағы жалғыз голды Михаил Рахманов енгізді. Екі ойында да Қазақстан U-18 құрамасының қақпасын басында Максим Грязнов қорғап, кездесу барысында оның орнына Александр Кузьменко шықты.
Сонымен, Қазақстан U-18 құрамасы биыл да алдарына қойылған мақсаты орындай алмады. Яғни келесі жылы кіл мықтылар арасындағы жоғарғы диви­зионда өнер көрсетуге құқық беретін жал­ғыз жолдамаға қол жеткізе алмай, елге қайтты. Кейінгі жылдары жеткіншектеріміз үшін жоғары дивизион жолдамасы сағым­дай бұлдырап, жеткізер емес. Соңғы үш жылда мүмкіндіктері жетерліктей болып көрінгенімен, бақтары жанбады. Минскіде өткен мұзайдын додасының қорытынды кестесі төмендегідей:
Әлем чемпионаты. Бірінші дивизион. «А» тобы.


Ескерту: о – өткізген ойындары, ж – жеңістері, ож – овертаймдағы жеңістері, оұ – овертаймдағы ұтылыстары, ұ – ұтылыстары, ш/а – шайба айырмасы, ұп – ұпайы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста