Жеребе командалық жұптарды анықтады

Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай қазанның 1-2-cі күндері өтетін «Қазақстанның бокс федерациясының кубогы – 2011» турнирінің командалық кестесі бекітілді.
Жеребе тастау арқылы рәсімделген кес­теге сәйкес төрт дивизион бойынша кез­де­се­тін 16 команданың жұптық жекпе-жек­те­рі анықталды.
Сонымен, жеребе додаға қатысушы ко­мандаларды мынадай тізімде орна­ла­с­тыр­ды: «Солтүстік» дивизионда – Солтүстік Қазақ­стан облысы мен Қостанай облы­сы­ның боксшылары Қостанай қаласында, ал Қарағанды мен Ақмола облыстарының ко­ман­далары Қарағанды қаласында кезде­се­ді. «Оңтүстік» дивизионда: Алматы – Қызыл­орда облыстары Алматы қаласында күш сынасса, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақ­станның командалары Таразда жұ­ды­рық­та­­сатын болады. «Батыс» дивизионы бойын­ша Атырауда Маңғыстау мен Батыс Қазақ­стан облыстары шаршы алаңға шыға­ды, ал Атырау мен Ақтөбенің бокс­шы­лары Ақтөбе қаласында өзара бәсекеге түспек. Сондай-ақ «Шығыс» дивизионында Павлодар мен Шығыс Қазақстан об­лыс­та­ры Өскемен қаласында өнер көрсетсе, Тал­ды­қорған қаласында Астана мен Алматы облысының боксшылары бір-біріне қар­сы­лас болмақ. Ұйымдастырушылардың ай­туынша, «Қазақстанның бокс фе­де­ра­ция­сының кубогы – 2011» турниріне «Ас­та­на арландары» қатыспайды. Себебі олар­дың басқа да додалары бар.
Турнирдің 1/4 бәсекелеріне қатысатын командалардың жұптық жекпе-жектері де жеребе арқылы анықталмақ. Оны Қазақ­стан­ның бокс федерациясы өз ішінде өт­кі­зіп, барлық ақпаратты облыстарға интернет арқылы таратып беруді жоспарлап отыр.
«Біздің негізгі мақсатымыз – отандық боксты дамыту. Сондықтан биыл сырттан легионерлер тартылмайды. Командалар өз дивизионында ғана ұтылған командадан боксшыларды тек жартылай финалға дейін ғана тарта алады. Бұл өте дұрыс ше­шім деп ойлаймын. Себебі оның арқасында қа­зірдің өзінде аймақтардағы бокстың өсуі байқалады», – дейді бокстан ҚР мем­ле­кет­тік бапкері Болат Әбдірахманов.
Қазақстан бокс федерациясының үй­лес­тірушісі Берік Маржықпаев атап көр­сеткендей, бүгінде елімізде легионері жоқ кәсіби боксшылардың аймақтық қо­сын­дары қалыптасып үлгерді. «Әрине, бұған дейін бізде легионерлерді тарту тәжірибесі бол­ған. Бірақ ол Қазақстан бокс феде­ра­циясының мақсатына қайшы. Сондықтан біз ол жүйеден бас тартып, қазірдің өзінде оң өзгерістерді байқап отырмыз. Мәселен, Ал­маты облысында боксшылардың екі бір­дей құрамы дайындалып, алдағы тур­нирге қатысайын деп жатыр. Биыл біз бокс­та үздік аймақты анықтамақпыз. Мі­не­ки, бір дивизионда ұтылған командадан жар­тылай финалға дейін боксшыларды тартуға рұқсат бар. Ал одан кейін қалған командалардың күшін байқап көреміз. Бұл турнирде облыстар өз дайындығын көрсе­те алады», – деп атап көрсетті Берік Мар­жы­қпаев. Федерацияда бокстан әйел­дер­дің ұлттық құрама командасының үй­лес­ті­руші қызметін атқарып жатқан ол алдағы тур­нирге әйелдер арасындағы бәсе­ке­лер­дің бірнеше категориясын енгізуді ұсынып отыр.
«Қазақстанның бокс федерациясының кубогы – 2011» турнирінің додалары AIBA олим­пиадалық жүйесінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Әрбір команданың құ­ра­мына 49-91 келі салмақтағы 10 боксшы кіреді. Турнир жеңімпазы ұпай санына қа­рай анықталады. Жеңіске жеткен әрбір жекпе-жек үшін бір ұпай беріледі. Ал жал­пы­командалық есеп бойынша тең ұпай жинаған командалардың ішінен жеңімпаз ең жоғары 91+ келі салмақтағы жекпе-жек­тердің қорытындысы бойынша анық­та­лады. Турнирдің жүлде қоры – 50 мың доллар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста