«Жас Ұлан» кубогы тұсауын кесті

«Жас Ұлан» кубогы тұсауын кесті

Өткен аптада Алматыда футболдан республикалық «Жас Ұлан» кубогы додасы өтіп, онда 12-13 жас аралығындағы жеткіншектер доп тепті. Бұл турнирді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы өткізді.
Қазіргі таңда біздің елде футболға қы­зы­ғушылық танытушылар мен айна­лысу­шылар саны артып келеді. Біреу мінберде тұрып қолдау көрсетсе, енді біреу алаңда додаға түсуге асық. Бұлардың барлығы да Қазақстан халқының салауатты өмір сал­тын қалыптастырып, бойларына ұжым­дық рухты сіңірулеріне ықпал етеді.
Ал доп додасында елеулі жетістіктерге жеткісі келгендер алтын уақыттарын жа­сыл алаңда немесе жаттығу залында өткі­зіп, аяқдоп өнеріне балалық шақтан ма­шық­танулары керек.
Сондықтан «Жас Ұлан» кубогының мақ­саты – оқушылар арасында салауатты өмір салты идеясын нығайту, қазақстандық футбол мәдениетін ары қарай дамытуға ықпал ету, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын насихаттау.
Аталмыш турнирге 13 өңірден, атап айт­қанда, Астана және Алматы қалала­ры­нан, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Пав­ло­дар, Маңғыстау, Қызылорда, Қоста­най, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақ­стан облыстарынан осы аймақтардың ең үз­дік командалары қатысты. Олардың бәрі де – облыстық (қалалық) іріктеу турнирле­рінің жеңімпаздары.
Жас жеткіншектер турнирі салтанатты түрде ашылып, балалардың естерінде қа­лар­лықтай болып ұйымдастырылды. Әрі Алматы қаласының «Черлидерлер» тобы өнер көрсетіп, теңбіл доп додасына қаты­су­шы балалардың көңіл күйін көтерді.
Ал жасыл алаңдағы қызу доданың қоры­тындысы бойынша Павлодар облы­сының №25 мектебінің құрама командасы турнирдің жеңімпазы әрі «Жас Ұлан» ку­бо­гының иегері атанды. Екінші орынды Аты­рау облысы, үшінші орынды Алматы қала­сының жас футболшылары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сон­дай-ақ осы турнирге қатысқан әрбір оқу­шы­ға бағалы сыйлықтар мен сертификат­тар табыс етілді. Әрі «Үздік ойыншы», «Үз­дік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жартылай қорғаушы» аталымдары бойынша ерекше көзге түс­кен жас футболшылар анықталып, ол­ар­ға кубок, диплом және бағалы сыйлық­тар табысталды.
Бұл турнирге УЕФА-ның жаттықтырушы кадрларын дайындау бағдарламасы жө­ніндегі техникалық директоры Қайрат Адам­беков қатысты.
Нәзира Бөлтірікова, «Жас Ұлан» бірың­ғай балалар және жасөспірімдер ұйымы­ның төрайымы:
– «Жас Ұлан» кубогы биыл бірінші рет сарапқа салынып отыр. Биылғы до­да­ға 13 өңірдің аймақтық іріктеу дода­ла­рында топ жарған ең үздік команда­лары қатысты. Біз енді осы турнирді жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналды­ру­ды мақ­сат тұтып отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста