Жайық жағасындағы жекпе-жектер

Жайық жағасындағы жекпе-жектер

Оралдан бокстан ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды.
Жайық жағасында керілген шаршы алаң­да төрт күн бойы алыс-жақын шетел­дер­ден және еліміздің барлық аймағынан келген 100-ден аса былғары қолғап ше­бер­лері он салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.
 Бұл турнирдің еліміздің Батыс өңірінде бокстың дамуына өзіндік үлес қосатындығы белгілі. Жергілікті боксшылардың шеберлігі арта­тындығы сөзсіз. Осы турнирде екі бір­дей боксшының чемпион атануы, ай­мақ­тық бокс федерациясының алғашқы же­тіс­тіктері екендігі даусыз.
Енді халықаралық турнир қоры­тын­ды­сына келсек, 49 келіде финалда 11:7 есе­бімен тараздық Ербол Алпысбаевты ұтқан Алматы облысының боксшысы Мардан Берікбаев алтын жүлдені иеленді. 52 ке­ліде шығысқазақстандық Мирас Жа­қы­пов­тың мерейі үстем болды. Ол шешуші жекпе-жекте астаналық Ілияс Жақ­сы­лы­қов­ты жеңді. 56 келіде тараздық Мұхит Амантаевтың бағы жанды. Ал 60 келіде шымкенттік Закир Сафиуллин мен Ресей­ден келген Тафдых Байрамов кездесіп, жекпе-жек 10:10 есебімен тең аяқталды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс жерлесімізге берілді. 64 келіде жамбылдық Талғат Әлімқұлов, ал 69 келіде өскемендік Манат Өмірзақов бірінші орын алды. Ал 75 келіде финалда өнер көрсеткен оралдық Ерік Әлжанов шеберлігіне жиналған жұрт ризашылықпен қол соқты. Ол өзінің қар­сы­ласы, өскемендік Тимур Ганзаны сұлатып са­лып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқ­та­ды. 81 келіде қонақтардың арасынан қырғыз Шыңғыс Бурбашев жеңіске жетсе, 91 келіде қарағандылық Алексей Севос­тья­нов топ жарды. Ал ауыр салмақта Орал­дың тағы бір боксшысы турнир жеңімпазы атанды. Руслан Ақмолдашев астаналық Ер­мек Үсеновтен ұтылып жатып, соңғы раунд­та өз шеберлігін паш ете білді де, ол бір ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті.
Әсия Аманбаева – «ең үздік төреші», Ерік Әл­жанов «үздік шеберлігі үшін» деген ар­найы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қа­тар жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бар­лығы ақшалай сыйлықпен мара­пат­тал­ды.

ФИНАЛ
49 келі:
Мардан Берікбаев (Алматы обл) – Ербол Алпысбаев (Жамбыл обл) –11:7
52 келі:
Мирас Жақыпов (ШҚО) – Ілияс Сүлейменов (Астана) – 9:6
56 келі:
Мұхит Амантаев (Жамбыл обл) – Темірбек Диханбаев (ОҚО) – 8:4
60 келі:
Закир Сафиуллин (ОҚО) – Тафдых Байрамов (Ресей) – 10:10
Төрешілер шешімі бойынша жеңіс   
З.Сафиуллинге берілді.
64 келі:
Талғат Әлімқұлов (Жамбыл обл) – Думан Сүлейменов (Қарағанды обл) – 5:2
69 келі:
Манат Өмірзақов (ШҚО) – Юнади Точиев (БҚО) – 9:7
75келі:
Ерік Әлжанов (БҚО) – Тимур Ганза (ШҚО) – 13:4
 Кездесу үшінші раундта тоқтатылды.
81 келі:
Шыңғыс Бурбашев (Қырғызстан) – Арман Рысбек (СҚО) – 9:7
91келі:
Алексей Севостьянов (Қарағанды обл) – Александр Гульевский (Жамбыл обл) – 9:3
+ 91 келі:
Руслан Ақмолдашев (БҚО) – Ермек Үсенов (Астана) – 8:7

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста