Шаңғы жарысынан Универсиадада қола жүлде иеленген Анна Шевченко тартысты сәттер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
"Екінші орынды сақтап қаламын деп ойладым. Күміс алар едім, екі секунд қана кешіктім, өкінішті. Келесі қашықтықты анықтап жатырмыз. Бүгін жарыстың екінші бөлігі өтті, біріншісінен ауыр. Өте қиын жол. Жылдамдық та түсіп кетті. Оның үстіне күн шығып, қар құрылымы өзгерді. Бастысы шаңғым жақсы сырғыды", - дейді Шевченко.
Еске салайық, Анна Шевченко Алматыда өтіп жатқан 2017 жылғы Универсиадада Қазақстан атынан алғаш жүлдеге ілккен спортшы. Ол ресейлік екі спортшыдан кейін келіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыстың екінші бөлігіндегі қашықтық - бес шықырым.