Ұлттық қысқы ойындарымыз бар ма?

Ұлттық қысқы ойындарымыз бар ма?

Ертең қазақ топырағында VІІ қысқы Азия ойындарының алауы тұтанады. Өкінішке қарай, осынау дүбірлі доданы өз жерімізде өткізіп отырып, оның бағдарламасына бірде-бір ұлттық ойынымызды, спорттық өнерімізді қоса алмадық. Неге?..
Оның басты себебі – «Қазақта ұлттық қыс­қы спорт түрі жоқ-мыс. Қазақтың ұлт­тық ойындарының бәрі жазғы спорт түр­лері екен». Бұл – қазіргі мамандардың ай­тып жүрген уәждері. Шынымен-ақ, Ха­лық­ара­лық Олимпиада комитетінің қағидасы бойынша, қысқы ойындар бағдарламасына тек қар немесе мұз үстіндегі додалар (ойын­дар, жарыстар) енгізілуі керек. Осы­дан бірер жыл бұрын шетелдік шағын фут­бол мамандары футзалды (залда ойнайтын шағын футболды) қысқы Олимпиада ойын­дары бағдарламасына енгізуге тал­пынып көргенде, ХОК шенеуніктері олар­дың ап­тық­тарын осы қағидаларымен су сепкендей басқан. Дұрыс-ақ. Ал біздің қар немесе мұз үстінде ойналатын ұлттық ойын­дарымыз немесе төл өнерлеріміз жоқ па? Шынымен-ақ солай ма? Адам сенбейді. Негізі, мүлде жоқ емес қой, бар. Бірақ бізге жетпеген, ұмытылып қалған. Мысалы, осыдан бірер жыл бұрын ертеде еліміздің қысы ұзақ шығыс өңірлерінде керлингке ұқсас бір ойын ойналғаны белгілі болды. «Зайсан көлінің үстінде ойналған бұл ойын неге екені белгісіз, «дукпа дукан» деп ата­лыпты», – дейді ҚР керлинг қауымдастығы пре­зи­ден­ті Виктор Ким. Айтып отырған – қазақ емес, басқа ұлттың өкілі. Ал қазекем «бізде қысқы спорт түрі болмаған» деп бейқам жүр. Қалай жоқ?! Сонда ұлан-байтақ жерді ме­кен­деген ата-баба­ла­ры­мыз­дың солтүс­тік­ті ме­кендеген тұрғындары ештеңені ал­да­ныш қыл­май, қол қусырып бос жүрген бе?!  Алты ай қа­лың қар басып жа­татын сол­түстік өңірдегі қазақтардың балалары да қыс бойы ойын ойнамай, үйде бүрсиіп отыра берген бе? Мүмкін емес қой. Зерттеп, қазбаласақ, тарихтың қатпарларында қа­лып қойған осындай қысқы ойындарымыз аз емес шығар. Жақында «конькиді ойлап тап­қан – қазақтар» деген дақпырт шығып, ба­сылды. Рас болса, соны неге дә­лел­де­мей­міз? Аты­на шана жекпеген, шанамен шөп неме­се бас­қадай жүк тасымаған қазақ бол­ды ма екен, ерте заманда? Жоқ, әрине. Сонда сол кезде мектепке бармайтын, күні бойы ал­да­натын ермектері (компьютерлері, те­ле­ви­зорлары) жоқ балалардың шана теуіп ойнаулары да мүмкін ғой.
Қазақтар ертеден қан сонарда аңға шығып, бүркіт салған. Бұл спорт, өнер емес пе не? Спорт түрі болмаса, саяткерлік өнер неге ұлттық ойындар федерациясының құрамына енгізілген. Сондықтан саят­кер­лік­ті спорт емес деу – әбестік. Спорттың не­гізгі критерийінің бірі – баптау. Қай спорт­тың түрін алсаңыз да, команданы бап­тап, спорт­шыларды дайындайды, үй­ре­теді, жат­тықтырады. Олимпиада ойын­дары бағ­­дарламасында ат спорты бар. Онда ар­ғымақпен кедергілерден секіріп те, сәй­гү­лік­пен жорғалап жүріп те сайы­са­ды. Яғни атты да баптайды, үйретеді, дайын­­дай­ды, жат­тықтырады. Сол сияқты саят өне­рінде қы­ран құсты да баптайды, үйре­теді, дайын­дайды, жаттықтырады. Сон­дық­тан саят­керлікті «ол спорт емес» деу, мүлде дұрыс емес сияқты.
Кейбір мамандар «қыран құсты аңға тек қыста емес, жазда да сала береді, сон­дық­тан саяткерлік өнерді тек қысқы спорт түрі деу қиын» дейді. Ал қазір шаңғымен тұғыр­дан секірушілер мен биатлоншылар жаз бойы қол қусырып отырмайды. Шаң­ғы­мен тұғырдан секірушілер көк майса шөп үстімен жазда да секіре береді. Ал биатлоншылар аяқтарына шаңғыға ұқсас ролик киіп алып, жарысып жүр. Әлем кубогінің кезеңдік жарыстары өткізіліп келеді. Коньки орнына ролик киіп жарысып жүргендер қаншама?!
Сөз соңында айтарымыз, қазақта қыс­қы спорт түрлері болмаған емес, бол­ған. Қар немесе мұз үстіндегі ойын­да­ры­мызды атадан балаға мирас қылып сақтай алмаған өзіміз кінәліміз. Батысқа еліктейміз деп жүріп, ұлттық ойындарымызды мүлде ұмыта бастағанымыз өтірік емес. Енді заман үрдісіне сай, саяткерлік өнерімізді спорт­тық сайыстарға келтіріп, ықшамдап жасасақ қайтеді? Ережесін бекітіп, да­мы­туға болмай ма?
Елемес ӘЛІМХАНҰЛЫ, Қазақтың спорт және туризм академиясының вице-пре­зи­ден­ті:
– Қазақта қысқы спорт түрлері бол­ма­ған деп жүргендер кім ол?! Қалай бол­маған? Қыс болатын жерде қысқы спорт­тық ойындар болмаушы ма еді? Осы­дан 2 мың жыл бұрын қазақ жерінде шаң­ғы тепкендер болғандығы жөнінде де­ректер бар. Одан артық не керек! Қа­зақ баяғыда коньки де тепкен, шана­мен де сырғанаған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста