Ұлағатты ұстаз турнирі

Қуантқан САПАРОВ (фото)

Есік қаласында бокстан Алматы облысынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Станислав Тынысбековтің жүлдесі үшін балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында республикалық дәстүрлі турнир өтті.
Белгілі бокс ардагерінің 75 жылдық ме­рей­тойына орай, биыл 22-нші мәрте ұй­ымдастырылған шаршы алаң бәсекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен және көрші Қыр­ғызстан мен Өзбекстаннан келген ұзын саны 200-ден астам боксшы қатысты. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Рес­публикалық бокс федерациясының өкілдері мерейтой иесіне федерация бас­шысы Тимур Құлыбаевтың құттықтауын жеткізіп, арнайы сый-сыяпатын табыс етті. Қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты. ҚР спорт және денешынықтыру агенттігі, Алматы облысы әкімдігі мен бокс федерациясы тарапынан да үлкен құрмет көрсетілді. Серік Әбденалиев, Мәдихан Сау­данбеков, Болат Сағындықов сынды отан­дық бокстың ардақты ардагерлері, Олим­пиада чемпионы Ермахан Ыбрайы­мов пен ережесіз жекпе-жектен әлем чем­пио­наттарының жеңімпазы, Ұлттық жек­пе-жек федерациясының президенті Са­быр­жан Махметов, өзге де елге танымал атпал азаматтар Станислав Балтабекұлын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Серік Әбденалиев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
– Біз Станислав екеуміз бір салмақ­та өнер көрсеттік. Техникасы бай, соқ­қысы жой­қын болатын. Одан 10 айдай кіші бол­сам да, құрдастардай қатар жүр­дік. Шар­шы алаңда бір-бірімізбен аянбай айқаса­тынбыз да, жекпе-жек біт­кен соң қол алы­сып, құшақтасып, дос­тық көңілмен тарқа­са­тын­быз. Талай қуанышты да, қайғыны да бірге бөліс­тік. Сол жалындаған жастық шақтағы достық қарым-қатынасымыз әлі күнге жалғасып келеді. Стастың боксқа деген айрықша махаббаты 75 жасқа келсе де, жүрегінде әлі маздап тұр. Осы күнге де­йін қаншама елге танымал талантты шә­кірт­тер тәрбиеледі. Бұйыртса, бола­шақта да тәрбиелей бермек. Тек Алла тағала өмір берсін деп тілейік.

Станислав Балтабекұлы 1938 жылы 16 мамырда Приморье өлкесіндегі Владивос­ток қаласында әскери отбасында дүниеге келген. Әкесі Балтабек шекара қызметінің капитаны болған. Сол жақта оған қастан­дық жасалып, оқ атылған. Қасындағы Ста­нислав деген сарбаз оққа кеудесін тосып, ажалдан арашалап қалған. Соның құрме­тіне көп ұзамай дүниеге келген жалғыз ұлы­на Станислав деп ат қойыпты. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Тынысбеков­тер отбасы Украинаның Житомир қала­сын­да тұрып жатқан екен. Балтабек бірден жұбайы Макинұр мен ұл-қыздарын елге қайтарады. Өзі 1943 жылы Любимовка се­ло­сын фашистерден азат ету барысында ерлікпен қаза тапқан. Сұрапыл соғыс жыл­дары анасымен, әкпелерімен бірге наға­шы­ларының қолында өскен Станислав 7-сыныпты бітірісімен Талғардағы ауыл­шар­уа­шылық техникумына оқуға түседі. Сол жерде спорттың түр-түрімен айналы­сып, еркін және қазақша күрестен, волей­бол­дан техникум намысын қорғай бас­тай­ды. Бокс қолғабын да сонда киіп, бокс­шы әрі бапкер ретіндегі болашақ үлкен же­ңістеріне алғашқы қадамдарын жасай­ды.
Станислав Тынысбеков, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
– Сұм соғыстың кесірінен асқар таудай әкемнен тым ерте айырылдым. Бірақ анам мен әпкелерімнің арқасын­да жетімдіктің қасіретін көрген жоқпын. Құдай сәтін сал­ған шығар. Анам «Қайт­сең де жалғыз ұл­ым­ды сақтап қал» де­ген әкемнің соңғы ама­натын орындады. Сұрапыл соғыс жыл­дары, одан кейінгі қиын уақыттарда шама­сы келгенше бізді бағып, қақты. Соның арқасында үлкен рингте үлкен жетістіктерге жет­тім. Бапкерлік жұмысқа кіріскелі шә­кірт­терімнің бақтарын ашуға тырысып ке­лемін. Жарым Нұрхан екеуміз ұлда­ры­мыз­ды ұяға, қыздарымызды қияға қон­дырдық. Сол үшін шексіз бақытты­мын. Есіктегі спорт мектебінің дирек­то­ры болғаныма 40 жыл­ға таяп қалды. Ендігі арманым – осы өңір­ден Олим­пиа­да чемпионын шығару.

Талай таланттың тұсауын кесіп, бағын ашқан дәстүрлі турнир төрт күнге созылды. 2001-2002 жылдары туған балалар ара­сын­дағы 30 және 32 келі салмақ дәреже­лерінде жергілікті жас таланттар Зураддин Зандаров пен Алмат Жиенбай қарсылас шақ келтірмеді. 1996-1997 жылғы жасөс­пі­рімдер арасындағы бәсекелерге қатысу­шылар саны тым көп болғандықтан, ұй­ым­дастырушылар 52 мен 56 келі салмақ­тағы боксшыларды екі топқа бөлуге мәж­бүр болды. Мұнда 46 келіде Есік қаласы­ның өкілі Ербол Ахмедуллаев топ жарды. 52 келіде Алматы облысы Байтерек ауы­лынан келген Әсет Мұқатаев пен дәл осы сал­мақта 2-нші топта сынға түскен шым­кенттік Талғар Молдабаев бірінші орынға ие болды. 56 келіде де екі спортшыға бас жүлде берілді. Олар – есіктік Самиль Хата­лиев пен Балтабай ауылынан келген Расул Масимов. 60 және 64 келі салмақ­тарда жергілікті ағайынды боксшылар Сұлтанбек пен Асылбек Есеновтер жеңіске жетті. Фи­налдағы қарсыласы, алматылық Ғалым­жан Бекболатты нокаутқа түсірген Сұлтан­бек турнирдің ең үздік боксшысы атанды. 69 келіде тағы бір есіктік Виталий Афана­сь­ев топ жарса, 81 келіде алматылық Нұр­сұл­тан Нағашыбаев үздік шықты. Ере­сек­тер сынында 52 келі салмақтағы жергілікті танымал боксшы Мардан Берікбаев бас жүлдемен қатар, үздік техникалық шебер­лігі үшін арнайы сыйлыққа ие болды. 75 және 81 келі салмақтарда да жергілікті бокс­шылар Израиль Наргизов пен Уатқан Қыран жеңіске жетті. Аса ауыр салмақта алматылық Қуаныш Өмірзақ финалда Максим Мелтонянды техникалық нокаут­пен жеңіп, жеңімпаз атанды.
Мардан Берікбаев, турнир жеңімпазы:
– Мен Станислав Балтабекұлының төл шәкіртімін. Ол кісінің берген тәлім-тәр­бие­сі маған тек рингте ғана емес, күнде­лік­ті өмірде де кәдеге жарауда. Сол үшін ұстазыма ризамын. Осыған дейін бірнеше халықаралық турнир­лерде жеңіске жеттім. Жастар арасын­дағы Қазақстанның чем­пио­нымын. Бо­ла­­шақта Олимпиада ойын­да­рына қа­ты­сып, жүлде алсам деген ар­маным бар. Сонда ғана бапкерімнің үмітін то­лық ақтай алар едім.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста