Түркістан кешендері қашан бітеді?

Түркістан кешендері қашан бітеді?

Бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру – Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі.
Осы орайда Түркістан қаласында да бұқаралық спортты дамытуға бағытталған нақты қадамдар жасалуда.
Қала әкімі Қайрат Молдасейітовтің бастамасымен қасиетті шаһардағы қос бір­дей стадионды жаңғырту жұмыстары жүр­гізілуде. Осы атқарылып жатқан шаруаның барысымен танысып қайтқан өңір басшысы мердігерлерге кесте бойынша белгіленген уақытта және сапалы жұмыс жүргізілуі ке­рек­тігін ескертті. Тарқатып айтқанда, бір кездері жанкүйер­лердің дүбірі үзілмейтін Октябрь Жарылғапов стадионын жаңғырту мақсатында басталған қарқынды құрылыс­тың қарқыны бәсеңсіп, соңғы жеті-сегіз жылда басталған іс аяқсыз қалған болатын. Осы мәселені шешуді қолға алған қала басшылығы биыл бұл мақсатта облыс басшы­лығына ұсыныс жасай отырып, бюджет қоржынынан қаржы бөлуге қол жеткізген болатын. Нәтижесінде аталмыш стадионға облыстық бюджет есебінен 55 млн теңге қаржы бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары жүр­гізілуде. Сонымен бірге Балуан Шолақ атындағы орталық ста­дионда жабық спорт кешені құрылысы жүр­гізілуде. Оған жергілікті бюджет есебінен 109 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары өз мерзімінде жүргізіліп келеді.
Міне, осы нысандарда атқарылып жат­қан тірліктердің барысымен танысып қайтқан қала әкімі Қ.Молдасейітов БАҚ өкілдеріне қос нысандағы жұмыстар осы жылы бітіп, пайдалануға берілетіндігін жеткізді. Сонымен қатар бұл жұмыстардан бөлек, бұқаралық спортты дамыту мақса­тында демеушілер есебінен өңірімізде жыл соңына дейін 33 жазық спорт алаңы салынып, барлығын 322-ге жеткізу жос­пар­ланса, бүгінде соның 20-сы салынып, іске қосылғанын тілге тиек етті.
Аталған екі нысанның құрылыс мердігері «Керуен сарай» ЖШС басшысы Б.Ирис­­метов: «О.Жарылқапов атындағы ста­дион – Қала күні мерекесі қарсаңында, ал Балуан Шолақ стадионындағы спорт кешені Тәуелсіздік күнінің қарсаңында пайдалануға беріледі», – деп отыр. Әрі осы спорт кешендерінің саны таяуда Ескі Иқан ауылында жаңадан бой көтерген спорт сарайымен толықты.
Жалпы, соңғы кездері Түркістанда даңқты спортшыларға ескерткіш орнату мәселесі де жүйелі жолға қойылып келеді. Мәселен, өткен жылы Сидней Олимпиа­дасының жеңімпазы Б.Саттархановқа арналған ескерткіш бой көтерсе, осы жылы демеушілер есебінен Түркістан топыра­ғынан шыққан Ә.Нұрмаханов, Х.Аққалиев сынды нар тұлғалы азаматтардың ескерткіштерін­ орнату қолға алынды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста