Кейінгі кездері төл өнеріміз тоғызқұмалақтан бірнеше маңызды біріншілік өткізілді. Біз соның тек ең соңғыларына тоқталып өтсек деп едік.
Қараша айының басында Шымкентте тоғызқұмалақтан жастар арасындағы (16, 18, 20 жасқа дейінгі) Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан 180 спортшы қатысты. Олардың арасында бес спорт шебері болды. Әр жас мөлшерінде мына тоғызқұмалақшылар ел чемпиондары атанды:
Бозбалалар:
16 жасқа дейін – Бексұлтан Бостандықов (Қызылорда облысы),
18 жас – Нұрбек Құрманов (Астана),
20 жас – Ардақ Қанапашев (Павлодар облысы);
Бойжеткендер:
16 жас – Гүлнұр Спанова (Қостанай облысы),
18 жас – Әсел Темірханова (Павлодар облысы),
20 жас – Айнұр Байзекенова (БҚО).
Ал осыдан бірер күн бұрын Швейцарияның Ля Тур де Пэ қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир болып өтті. Оған Швейцариядан, Антигуадан, Нидерландыдан, Франциядан және Қазақстаннан 12 спортшы қатысты. Жүлделі орындардың бәрін Қазақстан тоғызқұмалақшылары иеленді. 1-орынды Әсел Далиева жеңіп алса, Нұрбек Қабиев – 2, ал Диана Кенина 3-орынға ие болды.
Ал қазан айының ортасында Прагада (Чехия) тағы бір халықаралық турнир өткен болатын. Оған Чехия, АҚШ, Словакия, Словения елдерінен және Қазақстаннан 16 спортшы қатысып, 1-орынды Роза Райымбекова (Қазақстан) еншілеген. Мартин Кутис пен Ондре Сач (екеуі де – Чехиядан) 2 және 3-орындардан көрініп, тоғызқұмалақ ойынын чехтардың да тәп-тәуір меңгеріп алғандығын дәлелдеген.
Тоғызқұмалақ тақтасы – шартарапта
Последние статьи автора