Темір тұлпар ерттеген түйе балуан

Темір тұлпар ерттеген түйе балуан

 Бүгінгі таңда белбеулі күрестің қай түрінде болмасын, ауыр салмақтағы балуандар тапшы.  Тіпті бұл жағдай елімізде нөмірі бірінші спорт түрі саналатын боксыңызда да кездесіп жатады. Қазақта нар тұлғалы  азаматтар көп болған ғой. Балуан Шолақ пен Қажымұқанның ізбасарларын алайда бүгінгі таңда іздеп табу қиынға соғып отыр. Дзюдодан Елдос Ыхсанғалиев кеткеннен кейін оның орнын лайықты басады деген Ержан Шымкеев те халықаралық аренада өз жанкүйерлерін қуанта алмауда. Самбода жастардың бірі Айдос Қаңлыбаев та айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алмай жүр. Ал төл күресімізде де осындай жағдай қайталанып отыр. Ауыр салмақтағы балуандар жоқ емес, бар. Бірақ олардың басым көпшілігі біресе самбоға, енді бірде дзюдоға ауысып, қазақ күресіне тек қомақты жүлде тіксе ғана белдеседі. Алайда қазақ күресі мен самбода 15 жылдан аса табанды түрде белдесіп, талай халықаралық турнирлерде ел мерейін тасытқан балуан Қуаныш Салықбаев жайында әңгіме өрбітпекбіз.
Телжан Күдеров

– Әңгімеміздің әлқиссасын әдет бойынша спортқа қалай келдіңіз, содан бастасақ?
– Мен өзім негізінен, 5-6 сыныптардан бастап мектептегі спорттық бұқаралық шараларға белсене қатыса бастадым. Дойбы мен шахматтан да, баскетбол, футбол сынды командалық ойын түрлерінен де әуелі сыныптың, одан  кейін мектебімнің намысын қорғадым. Дойбы мен шахматқа құштарлығымның оянуына ағам  Әбділдабектің септігі тиді.  Кейіннен сыныптастарымның барлығы самбомен айналысып жатқаннан  соң, мен де самбо үйірмесінің табалдырығын аттадым.
Бұл  1983 жыл болатын. Алғашқы бапкерлерім Төлеубек Шәкенов пен Асқар Теміржановтан самбо мен қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін ұйрене бастадым. Алайда үш-төрт айға жетер-жетпес уақытта әр түрлі себептермен жаттығуы үзіліп қалады. Бірақ күреске деген құштарлығы  басым болып, 1985 жылдың күзіне қарай жаттығуын қайта жалғастырып, көп ұзамай-ақ қазақша күрестен мектепаралық, аудандық спартакиадада жүлдеге іліне бастадым.

– Сонымен республикалық деңгейге қай кезден бастап көтерілдіңіз?
– Мен 1989 жылы Семей малдәрігерлік институтына оқуға түстім де, сол жердегі білікті бапкер Серік Қоржыкеновтің көмегімен самбо мен қазақша күрестердің қыр-сырын тереңірек игере бастадым.Аз ғана уақыт ішінде алдымен студенттер арасындағы, одан кейін республикалық жарыстарда жүлдеге іліндім. Міне, осы тұста ЖОО басшылары «не күресіңмен айналыс, не оқу оқы» деп, мәселені қабырғасынан қойғаннан кейін, III курсты тамамдар кезде оқумен қош айтысуға мәжбүр болдым.
90-жылдардың орта тұсы, өздеріңіз білесіздер, қарбалас кезең, 1995 – 1996 жылдары самбодан Қазақстан біріншіліктерінде топ жара тұрып, қаржының тапшылығы салдарынан екі бірдей әлем чемпионатына бара алмай қалдым.

– Ал нағыз бабыңызға еніп, ел ішінде жүлде бермей жүрген кезіңіз қай тұс?
– 1999–2001 жылдар аралығында  әбден бабыма еніп, бағым жанып, күресімнің  жаңа белеске көтерілген тұсы деп айтсам, әбден болады. Мәселен, дәл осы жылдары ол күрестің үш түрінен: самбо, дзюдо, қазақ күресі – 24 республикалық, халықаралық жарыстарға қатыссам, содан 18 бас бәйгені олжаладым. Бұған қаншама күміс пен қола жүлдемді қосыңыз.  Осы үш жылдың ішінде самбодан екі мәрте Қазақстан кубогының иегері, қатарынан үш мәрте Қазақстан чемпионы атандым. 2001 жылы Ташкентте өткен самбодан Азия чемпионатында Азия чемпионы атанып, алтыннан алқа тақтым.

– Ал енді қазақ күресінде темір тұлпарды қай кезден бастап тақымдай бастадыңыз?
– Жаңа жоғарыда айтып өткенімдей, 2000 жылдың бас кезінде мен спорттық бабымда болдым. 2001 жылы еліміздің Қазақша күрес федерациясының президенті, өзіміздің жерлес ағамыз Мұхтар ҚұлМұхаммед мырза болатын. Содан Алматыда Тәуелсіздіктің 10 жылдығына байланысты «Атамұра» корпорациясының демеушілігімен өткен қазақ күресінен тұңғыш халықаралық  турнирде түйе балуандар бәсекесінде бас жүлдеге темір тұлпар тіккен болатын.  Бұл турнирде 37 түйе балуан белдескендігін айта кетейін. Сол сында алғаш рет ұтып, бірінші мәрте бас жүлде – су жаңа темір тұлпар «Жигули» көлігін тізгіндеген болатынмын. Одан кейін осы дәстүр жалғасын тапты. Шымкентте Ерзат Төкиев турнирінде бас жүлде «БМВ» автокөлігін жеңіп алдым. Қызылорда қаласының мерейтойында бас жүлде – «Жигули» көлігіне ие болдым. Бұған тағы Жетісай, Семей облысының Абай ауданы Қарауылда өткен турнирлерден  жеңіп алған темір тұлпарларды қоссаңыз,  саны 10-нан асып-жығылады. Әзір де тұғырдан түскен жоқпын. Өзімнің қызметімді спортпен әркез ұштастырып жүремін. Аяулы жар, ұлағатты әке болуға тырысып жүремін.

Қуаныш ЖҰМАБЕКҰЛЫ
1971 жылы 8 шілдеде, бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданы Қызылбұлақ ауылында дүниеге келді. Самбодан Азия чемпионы, бес дүркін Қазақстан чемпионы, төрт дүркін Қазақстан кубогының иегері.
Қазақ күресінен Азияның екі мәрте абсолюттік чемпионы, 30-ға тарта республикалық және халықаралық турнирлердің абсолюттік жеңімпазы,  Қазақстанның төрт дүркін абсолюттік чемпионы, Қазақстан кубогының үш мәрте иегері.
Спортқа сіңірген еңбегі үшін Қуаныш Салықбаев күрестің үш түрінен спорт шебері және самбо мен қазақша күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленіп, Елбасының қолынан отандық спортқа сіңірген еңбегі үшін «Алғыс хат» алды.

Қазақ елін ұяттан құтқарған Қуаныштың бір екі белдесуі әлі күнге дейін көз алдымда. Жетісайда дәстүрлі қазақ күресінен Бахыт Жаңбырбаев турнирі өтеді. Сол сында жыл сайын өзбек балуандары келіп, бас жүлде – темір тұлпарды мініп кетеді. 2004 жылы Қуаныш та барды білек сыбанып. Өзбек пен тәжік кілең сом балуандарын әкеліпті. Қуаныштың бір өзі солардың үшеуімен белдесті. Біреуі іріктеу белдесуінде таза ұтса, екіншісін жартылай финалда жеңді. Ал өзінен салмағы он келі ауыр Акбар Бакировты финалдағы өте шиленісті белдесуде өзінің тобықтан шалып құлату әдісімен жеңіп, бас жүлде темір тұлпарды мініп кеткен еді. Одан кейін былтыр желтоқсан айында Қызылордада өткен қазақ күресінен Азия чемпионатында тағы да келген қонақтарды тоқтатар ешкім болмай, жиналған жүртшылық Қуанышқа үмітпен қарады. Финалда өзбек балуанын алып ұрып, Азия чемпионы атанған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста