Тазының құны жылқымен тең

Тазының құны жылқымен тең

Қостанайлық Игілік Карманов төртінші атасынан бері ұшқан құс пен жүгірген аңды қалт жібермейтін кәсіби аңшылар. Қаннан берілген қасиет дарыған Игілік  бұл күнде қазақтың тазы ит  тұқымының сирек кездесетін түрін өсіріп, саятшылықтың ерекше үлгісін көрсетіп отыр,  деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанайдағы тілшісі.
 
 Игілік Кармановтың өсіріп отырған қазақ тазылары бұл күнде оның сенімді серіктері, таптырмас көмекшілері, қымқуыт тіріліктен шаршағанда  жанның рахатына айналған. 

Тазы  итттердің ең көне тұқым. Ол бірнеше мың жылдан бері адамның асыл қазынасына айналды. Ол сұңқардың ұясынан пайда болды деп есептеледі. Тазының жылдамдығы мен қырағылығының мәні осында жатыр. Аңыз бойынша, бірде алып жыртқыш құс ұясына кішкентай күшігін алып келеді.  Бірақ оны  аяп, өлтірмей,  балапан ретінде баптап тамақтандырды. Ол күшікті ақыры адамдар ұстап алып, қолға үйреткен. Содан тазы иттер шығып отыр. Сондықтан да болар, көбінде саятшылықта сұңқар мен бүркітпен біргежиі аңға салған.  Олар бір-бірін қыимылмен түсінетін сияқты, – дейді ерекше тазылардың иесі Игілік Карманов.
Асыл тұқымды иттердің иесі қала жетіндегі Заречное ауылында тұраы. Жастайынан ауыздықпен алысқан тұлпарлардың бабын білетін Игіліктің ауылдың шетінде салып алған жеке ат қорасы бар. Оның жеті тазысыда осы арадағы сенімді көмекшілері.

Тазы ата-бабаларымыз үшін қашанда орыны бөлек. Содан болар басқа жануарлармен салыстырғанда ол айрықша орынға ие болған. Оған киіз үйге кіруге, иелерімен бірге тұруға рұқсат етілген, - деп сөзін жалғастырады  Игілік.

Аңшының айтуынша, соңғы жылдары тазы тұқымы иттерге сұраныс артып келеді екен. Оны өсіруге аға буын өкілдерімен қатар жастарда ден қоя бастапты. Оның сыртында шетелдердің азаматтар оның тамаша аңшылық қасиеттерін жоғары бағалап,  осы тұқымға қызығушылық танытуда екен. 

Қазіргі таңда Қостанай қаласының аумағында 10 шақты тазы өсірушілері бар,  Ал жалпы облыс бойынша олардың саны біршама болып қалатын секілді. Әсіресе Амангелді, Жангелді және Науырзым аудандарында тазы иттерін баптап отырған тұрғындар көптеп саналады.


Еліміздегі тазыларды шартты түрде екіге бөлуге болады. Елдің оңтүстік аймақтарында өсірілген иттердің осы тұқымдарының жүндері жұқа,  дамымаған құлақтарындағы, аяқтарындағы терілері тақыр және құйрықтары қысқа болады.Ал, Торғайда немесе басқа суық жерлерде өсірілген иттердің  терісі қалың. Олар аязға жақсы шыдайтынына қарамастан, түнде оларды  жылы қораға немесе арнайы  жылы орындарда ұстау дұрыс, - дейді тазы иттердің иесі.
Жалпы мамандар бұл тұқымды жеке үйде ұстауға кеңес береді.  Ешқандай жағдайда пәтерде ұстауға болмайды екен. Ең жақсысы қала сыртындағы жерде ұстаған дұрыс. Өйткені тазы тұқымдары  қарғыбау немесе шектеулі кеңістікте ұстауға көнбейді.


Тазыларға әрдайым еркіндік қажет. олар іс жүзінде бір орында отырмайтын иттер, үнемі қозғалыста болады. Күзетші ретінде тазы тиімсіз. Себебі, бұл иттердің табиғатынан адамға агрессия жоқ, бейтаныс адамды көргенде тек сақтық танытып, жанына жақындамайды.Тазының күшігі алты айдан бастап аң аулауға дайындала бастайды. Дегенмен олар өз бетінше көп нәрсені үйренеді, табиғаты өте қызық иттер. Айтпақшы, олар 80 км/сағ жылдамдықпен өз олжасын жібермейді,- дейді Игілік Қарманов.
Игілік Қарманов тазылардың бағасы әр түрлі екеін айтады, Оның бәрі қан мен текке байланысты. Күшіктің құны 30 мың теңгеден тұтас бір жылқының құнына дейін баруы мүмкін. 2012 жылы иттің бұл тұқымы Қазақстанда ұлттық қазына ретінде танылғаны бекер емес. 

Оның сыртында биыл мемлекет басшысының қолы қойылған арнайы заңда қабылданды.

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста