Тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы әлем чемпионы

Жексенбі күні велоспорттан Голландияда әлем чемпионаты аяқталды. Биылғы бүкіләлемдік біріншілікте Қазақстан велошабандозы алғаш рет әлем чемпионы атанып, алтынмен апталды.
Қазақстан велоспорты тарихында әлем чемпио­наттарының аламан жарысында ешқашан алтын алмаған болатынбыз. Енді, міне, Алексей Луценко алғаш рет осындай ерен жетістікке қол жеткізіп отыр.
Луценко 1992 жылы 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысындағы Үлкен Малышка ауылында дүниеге келген. Велосипед ершігіне 2005 жылы отырған. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы. Биыл Қазақстан чемпионатының аламан бәйгесінде екінші орын алған (Бірінші орынды Асан Базаев иеленген болатын).
Валькенбургтегі 23 жасқа дейінгі жастар ара­сындағы аламан жарыста Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып қиып, Қазақстан велоспор­тының абыройын асқақтатты. Ол 177,1 шақырымды 4 сағат 20 минут 15 секунд уақыт ішінде жүйткіп өтті.
Негізі, көмбеге жас велошабандоздар легімен жетті. Бірақ бір-бірімен үзеңгі қағыстырған қалың нөпірдің арасында Луценконың «шайтанарбасының» алдыңғы дөңгелегі мәре сызығын өзгелерден сәл бұрынырақ қиды. Француз Брайан Кокар мен Бельгия велоспортшысы Том ван Асбрук одан сәл-пәл ғана қалып қойды.
Жалпы, Луценконың жеңіске жетуіне Қа­зақ­стан құрамасының сапындағы басқа ве­лоспортшылар да сүбелі үлес қосты. Бұл рет­те Алексейдің өзі:
– Бәйге оңай болған жоқ. Аяғына қарай ал­қынып қалдым. Екінші тынысым тез ашы­ла қоймай, қара терге түстім де. Бірақ көм­беге жақындағанда бәрі де ойдағыдай бол­ды. Жанымдағы командалас достарыма ай­тар алғысым шексіз. Олар бірлесе отырып, та­маша жұмыс істеді. Әсіресе жарыс жо­лының соңғы кезеңінде, – деді.
Осы орайда тізіп өтейік, Арман Қамышев – 27-орынға, Даниил Фоминых – 64-орын­ға, Владислав Горбунов – 83-орынға, Ни­ки­та Өмірбеков – 92-орынға, Мақсат Аяз­баев 111-орынға ие болды.
Жалпы, Голландиядағы әлем чемпио­на­тына велоспортшыларымызды бастап бар­ған мамандарымыз Александр Шефер мен Дмитрий Седун жастар арасындағы құра­ма­мыздың деңгейі өте жоғары екендігін баса ай­туда. Біз де жастар арасындағы вело­спорт­шыларымыздың әлеуеті зор екен­дігін осы әлем чемпионаты басталған кезде жазғанбыз.
Негізі, әлем чемпионатына қатысқан жастарымыздың бәрі «Астана-2» клубының сапында шыңдалған. Ал осы талантты жігіт­тердің арасындағы Алексей Луценко мен Арман Қамышев әлем чемпионаты бастал­май жатып «Астана» кәсіби клубының са­пы­на алынған болатын. Ендеше, келесі жы­лы олардың Батыстағы беделді көп­­күн­­діктердің көрігін қыздырып жүр­гендеріне куә болсақ, нұр үстіне нұр болады.
Бұдан кейін жасөспірімдер арасындағы аламан жарыс өтіп (128,8 шақырым), онда Қазақстан бозбалалары аса жоғары көрсеткішке қол жеткізе алмады. Виталий Марухин – 28-орынды, Диас Шағаев – 58-орынды, Ерлан Пернебеков 91-орынды қанағат тұтса, Виктор Окишев пен Сергей Лучшенко жарысты аяқтай алмады.
Ал ересектер арасындағы 261 шақы­рымға созылған аламан жарыста біздің мамандар Асан Базаевқа зор сенім артқан болатын. «Асан қазір бабында, алғашқы ондыққа ілігуі керек» деген еді Голландияда жүрген Александр Шефер.
Алайда Асанның бағы жанбады. Бәлкім, командалас достары лайықты деңгейде көмек көрсете алмаған да болар. Десек те, төрткіл дүниенің ауыздарымен құс тістеген дүлдүлдері арасында Асан соңына дейін тайталасып, 18-орынға ие болды. Ал Дмитрий Муравьев пен Александр Дьяченко жарысты аяқтай алмады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста