Тағы да дау: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жеңісіне қатысты мәселе туындады

Тағы да дау: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жеңісіне қатысты мәселе туындады

Британиялық бокс сарапшысы Тэйлор О’хоггинс Махмуд Сабырхан мен Мэттью Макхейл арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты. Бірақ сарапшы мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды sports.kz сайты.

Кеше Махмуд Сабырхан 1/8 финалда төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Алайда жанкүйерлер Макхейлді тиісті нокдауннан айырды деп наразылық білдірді. Олардың ойынша төрешілердің дәл осы шешімі шотландиялық боксшының жеңіске жетуіне кедергі болған. 


"Бұған қатысты даудың бары рас. Махмуд Сабырхан Мэттью Макхейлді жеңді, алайда Макхейлге бір нокдаун есептелуі керек еді. Екінші раундта ол джеб арқылы Сабырханды тепе-теңдіктен айырып, канвасқа тақаған болатын. Бірақ төреші мұны боксшының аяғы тайып кетті деп бағалады. 

Сабырхан мұның алдындағы раундта жеңіп келе жатқан. Дегенмен "нокдаун" болуы керек еді. Осы нәрсеге қатысты сұрақ туындайды: нәтижені қалай есептейміз? 10-9 Макхейлдің пайдасына ма әлде 10:10 теңбе-тең бе? Қандай жағдай болмасын, Махмуд - келесі кезеңге өтуге лайықты спортшы. Бәсекеге толы жекпе-жек болды деуге тұрарлық", - деп жазды өз твиттерінде О’Хоггинс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста