Шығыстың балуан қыздары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы

Шығыстың балуан қыздары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы

Осыдан бірер күн бұрын Сеулде самбодан жастар және жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Онда үш қызымыз әлем чемпионы атанып, жас таланттарымыз барлығы 20 медаль еншілеп, жерлестерін қуантты, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Самбодан еліміздің жастар және жасөспірімдер арасындағы құрамалары туған елге 3 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль олжалап қайтты. Саф алтынның үшеуін де таланты бойжеткендеріміз жеңіп алды. Олар – Гүлфайруз Наймантаева, Нәзгүл Маратова және Зере Бектасқызы.
Самбошыларымыз туған келге табан тірегенде осы үш чемпионның ішінде Зере Бектасқызымен және оның жеке бапкері Біржан Имахановпен тілдесудің сәті түсті.
Зере Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Саржал ауылында туып өскен. Қарапайым отбасынан шыққан екен. Үйдегі үш баланың кенжесі. Ағасы жас кезінде күреспен айналысқан көрінеді. Әпкесі анасының ұлағатты жолын жалғап, ағартушы ұстаз болған. Тек Зере ғана кәсіби тұрғыда спортпен айналысыпты.
Самбомен және дзюдомен айналысып жүргеніне сегіз жыл болған. Кейінгі жылдары самбодан Қазақстан және Азия жастары мен жеткіншектері арасында ешкімге дес бермей келеді. Жастар арасында самбодан төрт рет Азия чемпионы атанғанының өзі осы сөздерімізге дәлел бола алады деп ойлаймыз. Сондай-ақ Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпинатында күміс жүлдегер атанған. Ал дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионатында үш рет жеңімпаз болды. Көптеген халықаралық турнирлерде жүлдеге іліккен. Кейінгі жылдары қазақ күресінен де бақ сынап, маңызды біріншіліктерге қатысып жүр.
Зеренің жеке бапкері – Біржан Имаханов. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облысының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек етеді. Қарамағында 30-дан астам шәкірті бар. Өзі самбодан спорт шебері. Бірақ Семейдегі спорт мектебінде өз шәкіртерін күрестің үш түріне баулиды – самбо, дзюдо, қазақ күресі.
Қарапайым, мақтануды білмейтін Біржан өзі туралы ештеңе айтпады десек те болады:
– Одан да Зере туралы жазыңыз. Жастарымызды осылай ынталандыра түскендіріңіз дұрыс шығар. Көңіл бөліп жатырсыздар, рахмет сіздерге. Негізгі айтарым, Зере – Шығыс Қазақстан облысы бойынша күрес түрлерінен әлем чемпионы болып отырған алғашқы қызымыз. Менің де халықаралық аренада ерен жетістікке қол жеткізіп отырған алғашқы шәкіртім, алғашқы қарлығашымыз, – деумен шектелді.
Зере болса, бұл жетістігіне тоқмейілсіп отырған жоқ. Алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғап, бапкерлерінің сенімін ақтауды мақсат тұтады. Жасы 20-да. Сеулдегі жастар және жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 72 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіпті.
Әлбетте бізде ауыр салмақта белдесетін қазақ қыздары аз болушы еді. Сондықтан Зерені көріп қуанып қалдық. Болашағы – алда. Өсіп-жетіле түсіп, ауыр салмақтарда ел намысын қорғайтын аруларымыздың бірі болар деп іштей топшыладық.
Зере Бектасқызы мен Біржан Имаханов Семейге жол жүрейін деп тұр екен. Сондықтан көп шүйіркелесе алмадық. Әйтсе де, талантты балуан қыз бен оның қарапайым, еңбекқор бапкеріне сәттілік тілеп, қош айтыстық. Әлі кездесерміз деп ойлаймыз. "Алмас қылыш қап түбінде жатпайды" дегендей, мұндай әлеуеті зор дарынды балуан қыз бен талантты жас бапкер әлі талай асуларды бағындырар. Соған тілектеспіз. Сеулден әкелген саф алтындары алдағы ерен жетістіктерінің басы ғана деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста