Пекинде Шығыс жекпе-жектерінен дүниежүзілік ойындар (WMAG) өтуде. 28 тамыз күні басталған кешенді дода бүгін аяқталады.
WMAG айқастары шығыс жекпе-жектерінің 13 түрінен өтуде. 1108 спортшы 119 медаль жиынтығын сарапқа салуда. Шығыс жекпе-жектері түрлерінің кеше кешкісін аяқталған айқастарының қорытындысын есепке алмағанда, әзірше Қазақстан қоржынында бес медаль бар. Ерлан Тілеуімбетов джиу-джитсуден 69 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Нұрлан Тілеуімбетов 77 келіде күміспен күптелді. Таэквондошы Арман Шылманов (+80 келі) бұл жолы ел қоржынына күміс салды. Ал тай боксында бақ сынаған Сеңгіров (81 келі) және панкратионшы Жетпісбаев (70 келі) қола медаль олжалады.
Газетіміздің алдағы санында Шығыс жекпе-жектерінің дүниежүзілік додасына толығырақ тоқталатын боламыз.
Шығыс жекпе-жектері
Последние статьи автора