Ол Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Экспресс К.
Telegram-дағы Чиновник каналының жазуынша, қазақстандық спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жаппай тәртіпсіздікке шақырды және қатысты деген күдікпен қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 272 бабы, 3 бөлігі бойынша (жаппай тәртіпсіздік) қамауға алынды. Іс соталды тергеу материалдарының бірыңғай реестріне енгізілді, делінген ақпаратта.
Еске салайық, Қуат Хамитов осыдан жеті күн бұрын өзінің әлеуметтік парақшасында бейнежазба жариялаған. Видеода ол Алматы қаласындағы шығыс айналма жолдың бойында жиналып жатқанын айтып, халықты сол маңға шақырған болатын.