Спартакиада – ел спортының бесігі

Жасөспірімдер мен жас­тар арасында са­лауат­ты өмір салтын орнықтыру барысында ҚР Білім және ғылым министр­лігі Дене тәр­бие­сі­ ұлттық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық орталы­ғы­ның атқарып отырған жұмыстары ұшан-теңіз. Осындай жемісті жұ­мыс­­тар­дың қайнар көзі мектеп пен колледж оқу­шы­ла­­ры­ның арасында өтетін жазғы және қысқы спарта­киа­далар, сондай-ақ студент жас­тарды қамтитын жазғы және қысқы универ­сиа­да­лар болып табылады. 2000 жыл­­дан бастап, осы орта­лық он жыл бойы мил­лион­даған оқушы­ларды қа­тыстырып, кезекпен оқу­шы­лар спарта­ки­адасын, студенттер универ­сиа­да­сын үзбей өткізіп келеді.

Биыл мектеп пен колледж оқушылары ара­сында V жазғы спартакиада тамыз айы­ның басында мәреге жетті. Спар­та­киа­даның бас төрешісі қызметін атқарған атал­мыш орталықтың бас директоры, КСРО-ға, Қазақстанға еңбек сіңірген жат­тық­тырушы, педагогика ғылымының док­торы, профессор Меркіжан Қошаев мыр­за­мен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
– Меркіжан Нағашыбекұлы, биылғы спартакиаданың барысы, өту деңгейі қандай дәрежеде болғанын өзіңізден естісек.
– ҚР Білім және ғылым министр­лі­гі­нің 2010 жылдың 6 қаңтарындағы бұй­рығы бойынша мектеп пен колледж оқу­шылары арасында V жазғы спартакиаданы өткізу міндеті біздің орталыққа жүктелген болатын. Халқымызда «Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп» деген мақал бар. Бүгін кешенді жарыс өз мәресіне жет­кен­нен кейін, «осындай дода ойдағыдай өтті, бітті» деп айта салу оңай. Оны ми­нистр­­­лік алға қойған биік деңгейде ұйым­дастырып, өткізу біздің орталыққа үлкен сын болғаны айтпаса да түсінікті. Бұл орай­да, ұйымдастыру алқасы тиянақты дайын­далып, бағдарламалар қабылдадық. Сонау сәуір айының басында жалауы кө­те­рілген спартакиаданың финалдық ай­қас­тарына еліміздің барлық аймағынан 7834 спортшы қатысып, олар аса тартысты өткен спорттық сында 801 түрлі медальдар жиынтығын сарапқа салды. Спартакиада спорттың 47 түрін қамтып, 60-тан астам жарыс (сайыс) бойынша өтті. Атап айтар болсақ, суға жүзу, волейбол, жеңіл ат­ле­ти­ка, дзюдо, баскетбол, бадминтон, тоғыз­құ­малақ, шахмат, грек-рим, еркін, қазақша күрес түрлері, садақ тарту, мылтық ату, үл­кен теннис, стол теннисі, президенттік көп сайыс, су добы, гандбол, сем­серлесу, бокс, регби, жа­ғажай волейболы сияқты түр­лері бар. Спарта­киа­даның фи­налдық айқас­тары елі­міз­дің 14 қаласында өткізіліп, қа­ла тұрғын­да­рының, спорт сүю­ші жас ұр­пақ­тың өнеге тұ­тар қоз­ғалысына ай­нал­ды.
– Мәке, енді қандай көр­сеткіштерге қол жет­кі­зіл­геніне, бұқаралық си­па­ты қалай болғанына ба­ға бере кетсеңіз.
–Спартакиаданың фи­нал­дық бәсекелері өткен облыс аймақтарының бар­лы­ғы дерлік, жарысқа қа­ты­су­шыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, олардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы мүл­тік­сіз атқара білді. Бірде-бір ай­мақта оқыс оқиғалар орын алып, тәртіп бұзу бол­ған жоқ. Спартакиада до­да­ла­­рына 42 халықаралық дә­ре­жедегі, 637 ұлттық дә­режедегі төреші әділ­қа­зылық етті. Спорттың әр түрлері бойынша елі­міз­дің ұлттық құра­ма­ларына мүше спорт­шы­лар­дың спар­та­киа­даның финалдық до­да­ларына (айқас­тарына) қатыса алу мүм­кіндігі алдын ала ойластырылып, ақ­тық сындар олардың бос уақыттағы мер­зімдері кезінде өткізілді. Бұл дегеніңіз – спартакиада сынында бәсекелестік арта түсті деген сөз. Жалпы, мектепаралық, ауданаралық, облыс көле­міндегі өткен әр­түр­лі жарыстарға 1 мил­лион 200 мыңдай жас­өспірім қатысты. Спартакиада ба­рысында 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 67 спорт шебері, 1100 спорт ше­бер­лігіне кандидат дайын­далды.
– Бес айға жуық уақытқа созылған бе­­сінші спартакиаданы қортындылай кет­сеңіз.
– Ең алдымен спартакиаданың финал­дық айқастары Сингапурде өткен жас­өспірімдердің олимпиадалық ойын­да­ры­на жолдама алу жолындағы нағыз ірік­теу сыны болғанын атап өткім келеді. Қо­ры­тындысына келсек, Алматы қаласы өткен ІV спартакиадағыдай, ең көп алтын ме­дальға қол жеткізді. Алматылықтар жа­рыстың 50 түріне қатысып, 15 спорт түрі­нен бірінші орынды иеленсе, олардың не­гізгі қарсыластары, Оңтүстік Қазақстан спорт­шылары жарыстың 47 түрі бойынша сын­ға түсіп, 10 түрінен бірінші орын алды. Бұ­рынғы спартакиада ойындарында бір­де-бір рет жүлдегерлер қатарына ілініп көрмеген Жамбыл облысы спорт­шы­ла­ры­ның жүлделі үшінші сатыға көтерілулері нағыз спорттық ерлік деп айтуға тұрарлық. Төртінші орынды Павлодар облысы мен Ас­тана қаласы бөлісті. Бұдан кейінгі орын­дарда – Алматы және Қостанай облыстары, ал­ғашқы алтылық осындай.
– Қолдарында бар мүмкіндікті то­лық пайдалана алмай отырған немесе үл­кен спорттың ертеңгі болашағы, тау­сылмас қоры болып табылатын жас­өспірімдер спортына мән бере бер­мейтін облыстарды қадап-қадап атап өтсеңіз.
– V спартакиада барысында ұпай жи­най алмаған үш облысты қинала отырып атау­ға мәжбүрмін. Олар – Батыс Қазақстан мен Атырау, Ақмола облыстары. Батыс­қазақ­­стандықтар жарыстың 17 түрі бойын­ша, ал атыраулықтар 10 түрі, ақмолалықтар 16 түрі бойынша ғана жарыс жолына шық­ты. Мұндай келеңсіз жағдайды облыс­тар­дағы тиісті орындардың басшылары немен түсіндірерін білмейміз. Қазақстан спор­ты­ның тарихынан жақсы білетініміз, Қара­ғанды облысы үнемі спортта алда жүретін ай­мақтың бірі еді. Әлеуметтік эконо­ми­ка­лық мүмкіндігі зор облыста Теміртау, Жез­қаз­ған, Балқаш, Сәтбаев сияқты ірі өнді­ріс­тік қалалары да бар. Әйтсе де, осы облыс спортшыларының 9-орыннан көрі­нуі олардың мүмкіндіктеріне сай емес, әри­не.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста