Серке тартқан серілер қолдау күтеді

Серке тартқан серілер қолдау күтеді

Көкпар ойынының бертінгі жылдары ғана қайта түлегенін ел-жұрт жақсы біледі. Қазір көкпар ойыны теледидар арқылы да насихатталуда. Өкінішке қарай, ұлттық ойынның осы түріне құзырлы орындар тарапынан жеткілікті мән беріліп жүрген жоқ.
Мәселен, қазіргі уақытта Екібастұз өңі­рінде көкпар үш өңірде ғана тартылады. Атап айтқанда, Ақкөл, Екібастұз және Өлеңті ауылдық округтерінде көкпар­шылар командалары құрылған. Әрине, спорттың қай түрін болсын алға бас­тыратын – оның нағыз жанашырлары. Осы орайда тіл ұшына ең алдымен Ақкөл ауылының аза­маты Дәурен Жандар­бековтің есімі ора­лады. Көкпар десе, өзге дүниені ұмытатын жас жігіт өзінің ерен ұйымдастырушылық қа­білетінің арқа­сында маңайына ұлттық ойын­ды өзі сияқ­ты жан-тәнімен сүйетін жі­гіт­терді топтас­тырып, ат жаратып, жат­тық­тырып, дода алаңын жасап, ойындар өт­кізіп, тіптен шалғай аймақтардағы жа­­рыс­­тарға алып шығып жүр. Ал көк­паршы­лардың жарысқа шығуы айтуға жеңіл шығар, әйтпесе іс жүзінде оңай шаруа емес. Ойыншыларды жеткізуді былай қойғанда, аттарды жет­кізуге көлік табу машақаты тағы бар.
Екібастұз ауылдық аймағы көкпар­шыларының құрама командасы қазір Павлодар облысындағы таңдаулы коман­далар сапына енді. Ал жекелеген көкпар­шылар байтақ елімізге танымал болды. Атап айтқанда, Аманжол Мақажанов, Мейірман Өмірбаев, Еркебұлан Егінбаев, Айбын Уахитов, Нұрбол Жүсіпов әр жыл­дары еліміздің жастар құрама командасы сапында додаға түсті және түсіп жүр. Қай жағынан алсақ та, көкпардың шыққан биігі спорттың басқа түрлерімен салыс­тырғанда бір мысқал да кем емес, қайта артық болмаса... Тек бір өкініштісі, ұлттық ойынды өрге сүйреген осы жігіттердің еңбегі жергілікті билік тарапынан лайықты бағаланбай келеді. Рас, Екібастұз қаласы әкімдігінің спорт бөлімінің бастығы Зейнеп Нұркенова көкпаршыларға қолы­нан келгенше көмегін беріп, облыстық спар­такиадаға қатысуларына жағдай жасап-ақ жүр. Алайда қазіргі таңда бұл аздық етеді.
Біріншіден, көкпар барлық өңірде кеңінен насихатталып, командалар құру­дың қолға алынғаны жөн. Бұл көкпардың жаңа белеске көтерілуіне серпін берер еді. Содан соң көкпаршылар командасы бап­керіне жалақы төлеу мүмкіндігі қарас­тырылуы тиіс, ал спорт мектебі жанынан ауылдардың бірінде ұлттық ат спорты филиалы ашылса, нұр үстіне – нұр. Екін­шіден, көкпаршылар шеберлігі жарыс­тар­да жетіледі. Олардың өз күшімен жа­рыстарға шығып жүргенін айттық, әйтсе де ендігі уақытта көкпардан жарыс өткізу спорт бөлімдерінің жылдық жоспарына енгізілсе және оны иппод­ромдарда қала тұрғындарының да наза­рына ұсыну жағы шешілсе... Сонымен қатар көкпаршыларға біркелкі киім тіктіру, шет жерлерде өтетін додаларға (жылына екі-үш мәрте) шығуы үшін қаражат бөлу мә­селелері де назардан тыс қалмауы тиіс. Үшіншіден, ұлттық ойын­­да айтарлықтай нәтиже көрсеткен жеке­леген көкпаршылар құрметтелуі керек. Қо­рыта айтқанда, кө­неден жеткен көкпар ойы­нына қазір қызығушылық ба­сым. Әсіресе ауыл жастарының атқа мініп, сер­ке тартуға деген ынтасы зор. Жас буын­ның жүрегінде тұтанған осы отты өшіріп алмау – бұқараның да, биліктің де парызы.
Саягүл ТӨЛЕУБАЕВА, «Екібастұз қаласы әкімдігі спорт және денешынықтыру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы:
– Көкпар ойынына Екібастұз өңірінен санаулы ауылдың ғана атсалы­суының себебі – екінің бірінің атқа қолы жетпей­тіндігінде. Бұл мәселе барлық ауылға ортақ қой деп ойлаймын. Мұндайда жергілікті әкімдер өздері бас болып қолдамаса, болмайтын сияқты. Сосын көкпаршылардың іссапарлық шығында­ры да төленуі қажет. Біз көкпар ойында­рын жариялағанда ережені барлық ауылға жібереміз. Оған елдің бәрі селт ете бермейді. Көкпар коман­даларына бюджеттік норма бойынша 15 мың теңгеден жүлде беріледі, яғни команда­дағы он адамға 1 мың теңгеден келеді. Көкпардың қауіпті ойын екендігін және күш-жігерді қажет ететінін ескерсек, бұл жүлде мөлшері, әрине, күлкілі. Сондық­тан көкпарға демеушілер керек. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста