Сәбина Алтынбекова: Әйгілілік бұл – өмірдің сынағы әрі сыйы

 Өткен жылы Қазақстан спортында жаңа есімдер пайда болып, еліміздің атын шығаратын жас спортшыларымыз жарқырап көзге түсті. Солардың бірі – сымбатты сұлуымыз Сәбина Алтынбекова. Сәбинаның "Халықтың сүйіктісі – 2014" ұлттық байқауында "Жыл жаңалығы" номинациясы бойынша лауреат атануы да кездейсоқтық емес...
Жақында шетелдіктер сүйсініп жүрген волейболшы аруымызбен тілдесіп, танымалдылықтың пайдасы мен зияны жөнінде сөз қозғап едік. Сол сұхбатымызды ықшамдап, "Алаш айнасы" арқылы оқырмандар назарына ұсынуды жөн көріп отырмын.

– Былтыр әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Тәуелсіз жас мемлекетіміздің тарихында бірінші рет Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін спорт түрлері ішінде әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты. Сіздің ойыңызша, бұл кездейсоқ нәтиже ме, әлде, лайықты көрсеткіш пе?

– Әрине, бұл – біздің құраманың өрнекті ойындарының лайықты көрсеткіші. Мұның артында шүмектетіп төккен тер мен күнделікті көп сағатты еңбек тұр. Біздің құрама мұндай көрсеткішке ұзақ жаттығып жүріп жетті. Қыздар аянған жоқ. Бүгінгі таңда біздің құрама – әлемдегі ең тәжірибелі командалардың бірі. Бірақ бұл біздің жетістігіміздің шегі емес. Қазақстан құрамасы алдағы уақыттарда бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуі керек деп ойлаймын. Бұл ретте, еліміздің жас волейболшыларын дайындау ісіне көп көңіл бөлуіміз керек. Жаңа буын ертең-ақ құрама сапындағы қыздардың орындарын басады. Өз кезегінде, ел волейболының басшылары да ізбасарлар тәрбиелу ісіне ден қойып отыр.

– Сіздің ең сүйікті ойыншыңыз, былайша айтқанда, пір тұтар тұлғаңыз кім?

– Волейбол ойнай бастағаннан-ақ менің ең сүйікті ойыншым Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше жылғы капитаны Елена Павлова болды. Әлі де солай, әрі солай болып қала береді де. Ол әлемдегі ең үздік волейболшы қыздародың бірі болды. Ал қазіргі өнер көрсетіп жүрген қыздардың ішінде Ресей құрамасының көшбасшысы Екатерина Гамованың ойыны ұнайды.

– Неге осы волейболды таңдадыңыз?

– Басында мені баскетбол секциясына шақырған. Бірақ маған спорттың бұл түрі аса ұнамады. Артынан волейболды көрі қалып, маған керегі осы екенін сездім. Әрі қателеспеппін.

– Волейболды көбінесе нағыз зияткерлік спорт түрі деп атайды. Шынымен де, бұл шектен тыс қозғалысты, серпінді шахмат секілді. Тек төртбұрышты алаңдағылар – зыр қағып жүгірген адамдардың өздері. Шалт қимылдар жасап, шапшаңдық танытып қана қоймай, қас-қағым сәтте ұтымды шешім қабылдай білу керек. Сіз мұнымен келсісесіз бе?

– Тура солай. Мұнымен толықтай келісемін. Шынымен де, волейбол ең шапшаң ойындардың бірі, мұнда жылдам ойнаумен қатар тез ойлау да қажет. Тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыра білу – сіздің ойын алаңындағы болашағыңызға тікелей байланысты.

– Ал жағажай волейболына қалай қарайсыз? Бұл спорт сізге ұнай ма?

– Маған волейбол өзінің классикалық үлгісінде көбірек ұнайды. Өйткені онда команда бар, эмоция бұрқ-бұрқ қайнап жатады, қызығы мен шыжығы мол. Бір сөзбен айтқанда, классикалық волейболда бәрі, бәрі, бәрі бар.

– Өткен жылы сіздің нәп-нәзік иығыңызға түскен адам таңғаларлық танымалдық жайында сұрамай кете алмаймын. Мұны сіз және сіздің жақындарыңыз қалай бастарыңыздан кешіріп жатырсыздар. Алдағы уақытта осы әйгілілігіңізді қалай игілігіңізге жаратпақсыз?

– Бұл танымалдықтың өзіндік пайдасы да бар. Мен тек спорттық тұрғыда айтып отырмын. Мәселен, маған әртүрлі шет елдердің клубтары назар аудара бастады. Бұл жаман емес, әрине. Ал әйгілілік жөнінде айтар болсақ, бұл – өмірдің сынағы да, сыйы да. Екеуі қатар. Ең бастысы, шет елдіктер біздің ел туралы көбірек білетін болады. Мен ылғи да айтып жүрмін, мысалы, Азияда бәрі де біздің Көк Байрағымызбен суретке түсіп, біздің құраманы қолдап отырады.

– Ал егер шетелдік азулы клубтардан ұсыныс түсіп, өздерінде ойнауға шақырса, не істейсіз?

– Несі бар? Көпшіліке танымал шетелдік клубтарда бір-екі жыл ойнап, тәжірибе жинап, өзімнің шеберлігімді шыңдай түссем, несі айып?! Бұл алдағы уақытта менің отандық волейболдың дамуы мен жетіле түсуіне және оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге қосқан үлесім болады.

– Шыныңызды айтыңызшы, командадағы басқа қыздар сіздің әйгілілігіңізге қызыға қарап, іштей болса да, қызғанбай ма?

– (ақырын жымиып) Енді, бар аздаған ондай...

– Қазақстан спорт журналистикасының деңгейіне қандай баға берер едіңіз?

– Маған қандай да бір қорытынды шығарып, өз пікіріммен ғана көзқарасымды білдіру – қиындау. Әйтсе де, жасөспірімдер құрамасының өкілі ретінде, журналистерге жастар спортының проблемаларына да көңіл аударып отыру артық болмас еді деп ойлаймын.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста