Қолда барды қадірлемейтін қазақпыз

Қолда барды қадірлемейтін қазақпыз

Нұрлан Меңдіғалиев! Асқар Оразалинов! Бұл есімдер сіздерге таныс па?! «Әрине, таныс! Су добындағы апайтөс жігіттерімізді білмей не көрініпті?» дерсіз, зерделі аға буын. Иә, шынымен-ақ, екеуі де қазақ спортының жарық жұлдыздары. Олардың су добы тарихында алтын әріптермен жазылып қалған есімдерін ешкім де өшіре алмайды.

«Қазақ тек төбелес пен боксқа бапандай, қалғанына икемі жоқ. Әсіресе, спорттық ойындарға шорқақ» деген пәлсапа соққыштардың ауыздарына қақпақ болған осы екеуі еді. Екеуі ғана емес, Ерлан Аяпбергенов үшеуі болатын. Үшеуі бірдей КСРО құрамасының сапында ойнақ салған-ды. Айтыңызшы, су добынан басқа КСРО-ның қай құрамасының сапында үш қазақ ойнап еді?! Кеңес үкіметі дәуірінде қазақтар үшін КСРО құрамасының сапына ілігудің өзі мұң болған жоқ па еді...

Осы үшеуінің жоғарыда аталған екеуі шетелдерде де ойнады. Нұрлан Меңдіғалиев Италия және Ресей клубтарының сапында атой салса, Асқар Оразалинов Испания, Венгрия, Нидерланды, Израиль клубтарының құрамында жай оғындай жарқылдады. Екеуі де бірнеше жыл су добы спорты өте жоғары деңгейде дамыған елдерде өнер көрсетіп, баға жетпес тәжірибе жинақтады. Тәжірибе жинақтап қана қоймай, екеуі де бірнеше тіл үйренді. Екеуі де мәдениетті, білімді, парасатты жігіттер. Екеуі түйдей құрдас, екеуі де 1961 жылы туған.

Өкініштісі һәм сорақысы, қазір екеуі де Қазақстан су добына керек емес. Екеуі де Тәуелсіз қазақ елінің ватерполына қажет болмай отыр. Рас, Нұрлан Меңдіғалиев бірнеше жыл Ресейде тұрды. Бірақ қазір атажұртына қайтып оралды. Қазақстан азаматтығын алып, Алматыда тұрып жатыр.

Алайда 1988 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 1982 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, бес дүркін КСРО чемпионы және басқа да көптеген халықаралық додалардың жеңімпазы болып табылатын Нұрлан Меңдіғалиев Қазақстан су добына қажет болмай жүр. Мұнарлы Мәскеу су добы федерациясы сеніп тапсырған Нұрлан Жайбергенұлына біз ешбір қызметті сеніп тапсырар емеспіз. Үш дүркін Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионы болып табылатын Италия елі Меңдіғалиевтің мол тәжірибесімен бөлісіп, білген-түйгенін кәдеге асыруға құштар болған. Ал біз оның шетел қызыққан тәжірибесін де, ілім-білімін де, спорттық біліктілігін де керек қылар емеспіз.

Асқар Оразалиновты мүлде керексіз қылып тастадық. Ұлттық құраманы жаттықтырып, жастарды тәрбиелеп жүрген еңбегін аяғына дейін жеткізуге мұрша бермей, құрамадан аластаттық. Даңқты, білікті қазақты қайтеміз, тәйірі. Өзгелер бар емес пе... Қазір Қазақстан ұлттық құрамасын Сергей Дроздов жаттықтырады. Жақында ғана Римде аяқталған әлем чемпионатында Дроздов баптайтын Қазақстан құрамасы соңғы, 16-орынға табан тіреді. Сол 16-орынды Нұрлан Меңдіғалиев пен Асқар Оразалинов те ала алатын еді ғой. Есесіне құрама сапында өзіміздің жергілікті жігіттер көп ойнайтын еді-ау. Асқардай намысты жігіттер базбіреулер сияқты ешқашан да келімсектерге иек артпас еді. Жетістікке төте жолмен жету үшін өлсе де ондайға бармас еді. Қара бастың қамын ойлау жоқ. Адамгершілігі, өз еліне деген сый-құрметі жібермейді. Біле білсек, Асқар Оразалиновты өздеріне су добынан 8 дүркін Олимпиада чемпионы болып табылатын Венгрия шақыртып, мол тәжірибесін жастарына сіңіруге тырысқан. Әзірше су добынан Венгриядан асып түсіп, Олимпиада ойындарында осынша мәрте чемпион болған ешбір ел жоқ.

Егер Оразалинов қара басының қамын ойласа, Қазақстан құрамасын жаттықтырып жүрген кезінде Италияға кетіп қалар еді ғой. Сол кезде, 90-жылдардың ортасында Италия қолқа салып шақыртса да бармаған. Өз еліне еңбегін сіңіріп, Қазақстан ватерполының дамуына үлес қосуды мұрат тұтқан. Армандаған.

Ырза болатындығың, екеуі де шағымданып, өкпе айтуға жоқ қой. Ашығын айтайын, мен Нұрлан Меңдіғалиевты аса жақсы білмеймін. Таяуда ғана жақынырақ таныстық. Бірақ бір көргеннен-ақ иманжүзді, ибалы адам екендігі сезіледі. Зиялы отбасынан шыққан Нұрлан Жайбергенұлының саналы, мәдениетті адам екендігіне шүбә келтіруге болмас. Ал Асқар Сабалақұлының үлкенге де, кішіге де ізет көрсетіп тұратын кішіпейіл адам екендігін көпшілігіңіз жақсы білесіздер деп ойлаймын. Айналасындағыларға ізгі ниетті спорт саңлағының адамгершілігі де мол. Бүгінгі түлкі заманда, осы түлкі заманды тазы болып шалған аласапыран қоғамда адал еңбек еткен жігіттердің бірі осы Асқар Оразалинов еді ғой.

Қазір Нұрлан Меңдіғалиев спортқа қатысы жоқ мүлде басқа салада, ал Асқар Оразалинов Талғарда 2011 жылғы Азия ойындарына арналып салынып жатқан спорттық кешенде еңбек етеді. Бұл спорттық кешен шаңғы жарыстары мен биатлоншылар сайысына арналған. Су добына ешқандай қатысы жоқ.

Әлқисса, сонымен, есімдері төрткүл дүниеге танымал, бүкіләлемдік деңгейдегі су добы спортының жарық жұлдыздары туған елдерінде осы спорт түріне қажет болмай отыр. Мұны өзекті өртер өкініш дейсіз бе, жоқ әлде, одан да әріге шауып, қабырғаңды қайыстырар қасірет дейсіз бе, өз еркіңіз. Осындаймыз біз, осындаймыз. Қолда барды қадірлемейміз...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста