Қазіргі спорт журналистикасының қарымы қандай?

Кеше спорт тақырыбында қалам тербеп жүрген бірқатар әріптестерімізді мерекелерімен құттықтап, қазақ спорт журналистикасының қазіргі қарымы жайлы пікірлерін білген едік.


Ерлік Ержанұлы, «ҚазАқпарат» агенттігінің спорт шолушысы:
– Елімізде спорт журналистикасы ең төменгі деңгейде. Ашығын айтайын, телеарналарда спорт жаңалықтарына көңіл бөлінбейді. Онда еш жауап­кер­шілік жоқ. Спорт жаңа­лықтарын жасай­тын журналистер ізденбейді. Бұл үшін жаңалықтар бағдарламасында спорт­ты әзірлейтін журналистерге та­лап­ты қатайту керек. Жалпы, спорт ең оңай тақырып деген түсінікті өзгерту қа­жет. Сонымен қатар телеарналар ай­мақтық тілшілерін спорт жаңалықтарын әзірлеуге тартпайды. Ағылшын тілін бі­ле­тін журналистер де өте аз. Әлем жә­не өзге де құрлықтық чемпионаттар ке­зінде ақпарат, екі-үш спорт түрінен бас­қасы, жұртшылыққа кеш таратыла­ды. Сөз соңында айтарым, журналис­тика мамандарын дайындайтын оқу орындарында спортқа маманданған кадр дайындауды күн тәртібіне қойып, спорттық жарыстарға тек спорт жур­налистерінің баруына көңіл бөлу керек.


Ержан Мұқаш, тәуелсіз спорт журналисі:
– Қазақтілді немесе орыстілді спорт­тық журна­листика деп бөлмей-ақ қояйын. Жалпы, 90-жылдармен салыс­тыр­ғанда бүгінгі спорттық журналисти­ка­ның са­па­сы да жақсарған, саны да өс­кен. Әлбетте, қиын­шы­лықтар да болды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Де­генмен өз істеріне шынайы берілген қаламгерлердің арқасында небір ауырт­пашылықтан өтіп, бүгінде спорт­тық журналистикамыз аяғына нық тұрды. Ал бұдан әрі де дамуымыз үшін әлі талай тер төгуіміз қажет. Спортты насихаттау, дамыту, өркендету – жур­налистердің де мойындарына жүктел­ген міндет. Сон­дықтан спорттық жур­на­лис­тикаға жоғары тараптан жан-жақты қолдау керек. Бізде екі-ақ рес­публикалық спорттық басылым бар. Біреуі – орыс тіліндегі жекеменшік га­зет. Жалақыларын айлап кешіктіріп жатады. Ал екіншісі екі тілде жарық көріп жатыр. Болды, таза спортқа бағыт­талған басқа басылым жоқ. Рас, бірді-екілі журналдар бар. Бірақ ешқайсысы да жалпы халыққа танымал емес. Құдайға шүкір, «ҚазСпорт» телеарнасы ашылып жатыр. Мамандарының бар­лығы да білікті. Қолдарынан көп нәрсе келеді. Біз де әрдайым барынша көмек­тесуге әзірміз. Дегенмен бұл да аз. Енді таза спортқа арналған радио ашылса, жақсы болар еді. Өйткені радио – ең қолжетімді, бұқаралық, бастысы – тегін БАҚ. Ал радио арқылы көпшілікті же­дел ақпаратпен қамтамасыз етуге бо­лар еді. Бір қуанарым, соңғы кездері қазақтілді спорттық сайттар ашылып жатыр. Енді соларға жоғары тараптан қолдау қажет.


Жандос Айтбай,
«Хабар» агенттігінің спорт шолушысы:
– Қазіргі қазақ спорт журналисти­касының халі мүшкіл немесе керемет деп айта алмаймын. Кемші­ліктер де кездеседі. Жетістіктері де жоқ емес. Жалпы, соңғы уақыт­тары қазақ спорт журналистикасына деген қызығушы­лық артып келеді. Осы тұста жас маман­дардың білімін жетілдіріп, тәжірибесін толықтыратын арнайы қазақ спорт жур­налистикасының орталығы ашыл­са, нұр үстіне нұр болар еді!


Назерке Сұлтанбек, Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы:
– Соңғы жылдары қазақ спорт журналистикасының деңгейі өскенін жоққа шығаруға болмайды. Оған ақ­паратты оперативті түрде тарататын қа­зақ тіліндегі спорт сайттарының жақсы жұмысы дәлел. Яғни бүгінгі күні еліміз­дің спорт жанкүйерлері спортшылары­мыз­дың нәтижесін тез арада қазақ ті­лін­де де біле алады, олар бұрынғыдай орыс сайттарына жүгінуге мәжбүр емес. Өкінішке қарай, еліміздегі спорт федерациялары мен қауымдастық­та­ры­ның барлығы қазақ тілінде ақпарат таратуды әлі де бірінші кезекке қоюды үйренбеді. Ол да спорт журналистика­сына жататын­дықтан, осыны кемшілікке жатқызуға болады. Сонымен қатар телеарналардағы спорт комментатор­лық­тың да ақсаңдап тұрғаны белгілі. Бірақ оған комментаторларды кінә­лау­ға болмайды. Біздің тіліміз, ұлттық менталитетіміз орыстар сияқты «жан­ды­рып» айтуға сәл келмейтін де сияқ­ты. Жеке өзіме Есей Жеңісұлы мен Жі­гер Әз­бер­геновтің комментаторлығы ұнайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста