Қазақстан футболшылары Италияға жол жүрмек

Қазақстан футболшылары Италияға жол жүрмек

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мамыр айының басында Апеннин түбегінде өтетін Линьяно-Саббьядоро халықаралық турниріне қатысады. Италияға сапар алдында жеткіншектеріміз Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізуді жөн көрді.
Сәуірдің 23-інде басталған жиынға Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Константин Фролов 22 жеткіншекті шақырыпты. Бірақ бәрі бірдей Италияға ұшпайды. Талғардағы жиыннан кейін жеткішектер іріктеліп, 18-і ғана Апеннин түбегіне аттанады. Ал Адриатико теңізінде орналасқан әйгілі Линьяно Саббьядоро курортында өтетін әлгі турнирдің топтық кезеңінде Қазақстан құрамасына Мексика, Израиль және Жапония жеткіншектері қарсылас атанады.
Талғардағы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған Қазақстан жасөспірімдер (U-17) құрамасы:
Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы», Шымкент), Егор Цуприков («Болат», Теміртау), Олег Грубов («Қайрат», Алматы), Ян Сазанский («Энергетик» Көкшетау).
Қорғаушылар: Абылайхан Ахметов («Тараз»), Манас Ермұханбет («Қайрат», Алматы), Әлихан Жолбарысов («Қайрат», Алматы), Дильшат Саидназаров (ЦСКА Алматы), Сұлтан Әбілғазы («Энергетик», Көкшетау).
Жартылай қорғаушылар: Ардақ Сәулет («Астана»), Валерий Андреев («Атырау»), Тимур Балтабаев («Қайрат», Алматы), Рашид Люхай («Қайрат», Алматы), Максим Котов («Қайрат», Алматы), Аршат Мамешев («Тараз»), Максим Гладченко («Тараз»), Ратмир Хасанов (ЦСКА Алматы), Елжан Исатай (ЦСКА Алматы).
Шабуылшылар: Ілияс Қуанышбай («Астана»), Жасұлан Елеусіз («Ордабасы», Шымкент), Жохар Қадиев (ЦСКА, Алматы), Рамазан Тұяқбай («Энергетик», Көкшетау).
Естеріңізге сала кетейік, жеткіншек­теріміздің Апеннин түбегіндегі турнирге шақырту алуы Қазақстан мен Италия футбол федерацияларының серіктестік меморандумының аясында жүзеге асты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста