«Қазақстан барысы»: қай балуанның бағы жанады?

22 қыркүйек күні Аста­на­да­ғы «Сарыарқа» велотре­гін­де «Қазақстан барысы» рес­пу­бликалық турнирінің ақ­тық айқастары өтеді. Іріктеу сыны наурыз айында бастал­ған доданың финалына апай­төс үздіктер ғана жол­да­ма алды.

Бас жүлде – 150 мың доллар
Былтыр әр облыстың намысын төрт балуан қорғаса, биыл балуандар саны екіге қысқарды. Яғни финалда белдесетін шын мықтыларды ғана ұйымдастырушылар сүзгіден өткізіп алды.
Қазақ күресінің екінші тынысын ашқан дүбірлі доданың іріктеу сынына жалпы есебі 749 мың балуан қатысыпты. Былтыр қазақ күресінен республикалық турнирге қатысуға ниет білдіргендер қарасы 744 мыңның айналасында болған екен. Әр облыстан қара үзіп шыққан екі балуаннан бөлек, 2011 жылы өткен «Қазақстан бары­сы» турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл мен Лондондағы жазғы Олимпиада ойын­дарының қатысушысы Ержан Шынкеев те биыл бақ сынайды. Ержан Шынкеев дзю­додан аса ауыр салмақта ел намысын қор­ғаған спортшы. Ол «Қазақстан барысы» тур­­нирінің ақтық сынына ешқандай іріктеу сы­нына қатыспай-ақ, жолдама алды. Се­бе­бі турнир ұйымдастырушылары Лон­дон Олимпиадасына қатысқан спорт­шы­ларды іріктеусіз қабылдайтынын хабарлаған бо­ла­тын.
«Қазақстан барысы» турнирінің жеңім­пазы 150 мың АҚШ доллары көлеміндегі сый­ақымен бірге, «Алтын белбеу» және «тай­тұяқ» алады. Күміс және қола жүлде­гер­лерді де қомақты сыйлықтар күтіп тұр.
Биылғы турнирдің тағы бір ерекшелігі — көрермендер арасында жүлде ойнаты­ла­тындығында. 2011 жылы алғаш рет шымылдығын түрген турнирдің финалын тамашалау тегін болған. Көзі қарақты жанкүйер былтыр «Дәулет» кешенінде ине шаншар орын қалмағанын жақсы біледі. Жанкүйерлер қарасының көптігін ескерген ұйымдастырушылар биылғы доданы кең көлемді «Сарыарқа» кешенінде өткізуді дұрыс деп тауыпты. Бүгінде билеттер сатылымға түсті. Бағасы 1000-3000 теңге аралығында. Билетпен кірген жанкүйер­лер­дің жарыстан көлік мініп кететін мүм­кіндігі бар. Себебі жанкүйерлер арасында ой­натылатын лотереяның бас жүлдесіне автокөлік тігілген.
Ақтөбе сенген қос балуан
Сонымен әр аймақ, әрбір балуан ел­ор­да төрінде өтетін бозкілем белдесу­лерінің фи­налына дайындықты барынша жүргі­зу­де. Мәселен, Ақтөбе облысында қарсы­лас­тарының барлығын жыққан қос балуан Бақтыбай Қисықов пен Нұрсұлтан Иманға­зи­нов жерлестерін жерге қаратпаймыз деп отыр. Екеуі де былтырғы турнирде бел­дес­кен. Бақтыбай үшінші кездесуінде Бейбіт Ыс­тыбаевтан ұтылған еді. Өзінің коман­да­лас әріптесіне қарағанда Бақтыбай – өте тәжірибелі балуан. Бозкілемде тер төгіп жүргеніне 15 жылға жуықтады. Қазақ кү­ре­сінен елімізде екі дүркін әлем чемпионы атан­ған үш балуан ғана бар болса, соның бірі – Қисықов. Сарықұрлық бәсекесінде де бірнеше мәрте топжарған тарлан. Сал­мағы 90 келі тартса да «Шөмекей аюы» де­ген лақап атпен бозкілемге шығатын Бақ­тыбай алды 140 келі тартатын алып бал­уандармен алысудың өзіндік тәсілі бар деп отыр.
Бақтыбай Қисықов, Қазақ күресінен екі дүркін әлем чем­пионы:   
– Ауыр салмақтағы балуандармен белдескенде соңғы сәтке дейін аяғыңда тұра білсең, олар шаршаған тұста, әдіс қолданып ұтып кетуің мүмкін.
Бақтыбай – төл күресімізге шын бе­рілген балуан. Басқа спортшылар се­кіл­ді дзюдо немесе самбомен белдескен емес. Тек төл өнерімізді серік етіп ке­леді. Ал Нұрсұлтан болса, қазақ күре­сі­нен бөлек, өзге күрес түрлерін де қа­тар алып келеді. Дегенмен де шә­­кірт­­терінің топ жармаса да, жүл­дегерлер қатарынан көрініп қала­тын­ды­ғына бапкері Орынбасар Жұлмаған­бе­тов кәміл сенеді.

Батыс Қазақстанның да балуандары бабында
Батыс Қазақстан облысының атынан «Қазақстан барысы» екінші республикалық турнирінде Арман Әбеуов пен Еділ Үсенов сынға түседі. Екеуі де – әккі балуан. Сал­мақтары 100 келіден асады. Аймақтық ірік­теу турнирінде облыстық спорт бас­қар­масы Орал өңірінде қазақ күресінің бе­делін арттыру үшін бас жүлдеге темір тұл­пар тіккен. Сол кезде бірінші орынды Ар­ман Әбеуов жеңіп алған болатын. Биыл ғана төл күресімізден ел чемпионы атанған Арман жеке дайындықтан өтуде.
Ал Еділ болса, күніне екі уақыт жаттығу жиындарын өткізуде. Балуанның бабы – басты назарда. Облыс атынан сынға түсетіндіктен, оған жерлестері де ерекше қолдау көрсетуде. Аймақ спортының бас­шысы, білікті маман Мүсілім Оңдағанұлы да өз білгенін балуанға үйретуден жалық­қан емес. Мұндағы мақсат – жерлестерінің тұғыр биігінен көрінуіне өзіндік септігін тигізу. Еділ Қазақстан барысында бел­де­сетін балуандардың басым көпшілігімен бұған дейін де бозкілемде кездескен. Тә­жірибесі де толысқан жігіт. Сондықтан да егер бағы мен бабы қатар шапса, жүлде­герлер қатарынан көрінуі әбден мүмкін.
Еділ жастайынан самбомен шұғыл­дан­ған. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Әлемдік аренада да жүлдеге ілінген. «Қа­зақстан барысында» «Бура» деген лақап ат­пен өнер көрсетеді. Астана сапары ал­дын­да Еділге аймақ спортының арда­гер­лері келіп, ақ батасын беріп, ақ жол тілеп шығарып салды.
Қарағандылықтар да қамдануда
Қарағанды облысынан Қазақстан ба­ры­сына үш балуан қатысады. Олар халық­ара­лық дәрежедегі спорт шебері Асыл Барменов, дзюдодан ұлттық құрама са­пын­да өнер көрсетіп жүрген Александр Ко­­сачев пен Ержан Шынкеевтер бақ сы­намақ. Асыл мен Сашаның салмағы – 100-дің ар жақ, бер жағы. Дегенмен де Асыл осы додаға түскен бірнеше түйе балуанды ел­ішілік додаларда ұтып, көзге түскен бо­латын. Білікті бапкер Диқанбай Бит­кө­зов­тің үміт артып отырған балуан­да­рының бі­­рі. Ал Ержан Шынкеев болса, «Қа­зақстан ба­рысына» іріктеусіз қатыс­қалы отыр. Әзір­ге дзюдодан ұлттық құрама сапынан тек Ержан ғана «барыста белдесемін» деп белсеніп отыр. Былтырғы «Қазақстан ба­ры­сы» Францияда өткен әлем чемпио­на­ты­­мен тұспа-тұс келген­діктен, Шынкеев өт­кен жылғы Астанадағы сын­ға қатыса ал­ған жоқ болатын. Биыл 27 жастағы балуан сол олқылықтың орнын тол­тырсам деп жел­пініп жүр.
Ұлан Рысқұл атағын қорғай ала ма?
Биыл «Қазақстан барысында» Қызыл­ор­да облысының атынан үш балуан сынға тү­седі. Ол – былтырғы «Қазақстан барысы» Ұлан Рысқұл, сол секілді іріктеуден сү­рін­бей өткен – Ерболат Юсупов пен Руслан Әб­діразақов. Биыл «Сыр барысы» атанған Ер­болат Юсупов – самбо мен дзюдодан ха­лықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2009 жылы өткен универсиаданың қола жүлдегері. Талай темір тұлпарды тізгіндеген түйе балуан. Бапкері – Садық Мұстафаев. Қазіргі уақытта күніне екі мәрте жаттығу жасап жүрген Ерболат алдына биік мақсат қойып отыр. Ерболат биыл іріктеуден ір­кіл­мей, әр аймақтың сайыпқырандарының басым көпшілігімен бозкілемде белдескен.
22 қыркүйек күні өтетін ғаламат фи­нал­ды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ті­келей эфирде көрсетеді. Белдесулер түскі са­ғат 15.00-де басталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста