Қазақша «айырылысып-қосылу»...

Қазақша «айырылысып-қосылу»...

Жақында «Тараз» футбол клубына қазақ жанкүйерлеріне кеңінен танымал голланд маманы Арно Пайперс бас бапкер болып тағайындалды. Осы бар ғой, қазақтың наны тым тәтті ме дейміз. Кеткен мамандардың қайсысы болсын шақырсақ қайтып келуге дайын. Ынтығып тұрады. Нанымыз тәтті ме, құшағымыз ыстық па, әйтеуір, шетелдіктерді тартып тұрар бір «магнитіміз» бар...
Қазақ атам заманнан әзіл-оспаққа жүйрік қой. Терең ой мен кең мазмұнды қамтитын, шындықты тіліп өтер ащы мысқыл мен әжуа айтуға шебер халықпыз. Сондай қазақтың бірі «осы ел «развод по итальянски» деп жатады, бірақ оның өзі «развод по казахскидің» жанында түкке тұрғысыз, қазақтар бәленбай рет айыры­лысып, сонша рет қайта қосыла береді» деп еді. Сол «қазақша айырылысып-қосы­лу» біздің футболда да бар.
Қазақстан футболында қаншама бап­кер бір клубтан кетіп, сол клубқа қайта келіп жатады. Келеді, кетеді, кейінірек қай­тып келеді. Бір Гулямхайдаровтың өзі «Қайраттан» неше рет кетіп, қанша рет қайтып келді десеңізші.
Жарайды, бұл үлкен спортта, жұмыс бабына байланысты болып тұратын үрдіс, әрине. Бірақ осы үрдіс кейінде шетелдік бапкерлерге қатысты өршіп барады. Кеткен бапкерлерді «айналайын» деп қайта шақырып алу жиілеп келеді.
Ана жылдары (дәлірек айтқанда, 2004 жылы) қазақ футболынан Виктор Кумыков аластатылып еді. Бірақ 2011 жылы қайта шақырып алдық. Қазір «Шахтердің» «шамын» жағып отыр.
Одан кейін өз еліне кеткен Бернд Шторкті де бір жылдан соң қайта шақырып алдық. Бірақ мұны дұрыс шешім болды деп айта алмаймыз. Неміс маманы екінші рет келгенінде де біздің елде көп тұрақтамады. Кетіп қалды. Қазір Грекия­дағы «Олим­пиакос» клубында.
«Ордабасы» клубының ойынын жандандырған Виктор Пасулько да былтыр өз еліне кетуге мәжбүр болған. Анық-қанығы айтылмағанымен, бір кілтипан болды ма, әйтеуір, Пасулько өз жұмысын соңына дейін жеткізе алмай кеткендей еді. Бірақ оны есіне алушылар көп болды. «Ордабасы» биылғы маусымды ойдағыдай өрбіте алмай, сүреңсіз ойындарымен жан­күйерлерін мезі қылғанда, Пасульконы «сағынғандар» табылды. Ақыры Пасулько қайта шақырылып, Шымкент клубының тізгінін қолына алды. Қазір «Ордабасы» клубынан кейбір ойыншылар кетіп, басқа командаға ауысып жатыр. Яғни бас бапкер команда сапын қайта сүзуде. Дәл қазір қалай сүзсе де, өз еркі шығар...
Енді, міне, 2005-2008 жылдары Қазақ­стан құрамасының бас бапкері болған голланд маманы Арно Пайперс те қазақ футболына қайта оралды. Бүгінде «Тараз» клубының бас бапкері ретінде өз жұмысына кірісіп кетті.
Негізі, Эстонияда қызмет істеп жүрген Арно Пайперс мамыр айының аяғында Таразға келіп кеткен. Ал 7 маусым күні қайта келіп, бір жарым жылдық келісім-шартқа қол қойыпты. «Тараз» футбол клубы­ның ресми сайты таратқан ақпаратқа жүгінсек, өзі жалғыз келмеген. Өзімен бірге Питер деген інісін ерте келіпті. Оны да жұмысқа орналастырған. Өзінің көмекшісі болмақ көрінеді...
Бапкерлер құрамына ағайынды Пай­перстермен қоса, қазақ футболына еңбектері сіңген Азамат Ниязымбетов пен Нұрмат Мырзабаев кірген. Ал «Тараз» қақпашыларын өзімізге жақсы таныс Юрий Новиков жаттықтыратын болыпты.
Пайперстің «Тараз» клубындағы ал­ғашқы қадамы командамен егжей-тегжей танысумен өткен. 8 маусымда Пайперс команда мүшелерімен жеке сөйлесіп, одан соң алғашқы жаттығу жұмысын жүргізген.
Иә, бір кездері Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған, кейбір жан­күйер­лер әлі ұмыта алмай, жиі-жиі ес­теріне алатын Арно Пайперс қазақ фут­болына қайта келді. Енді кежегесі кейін тарт­қан «Тараз» клубының қарқынын үдетпек.
Қызық енді басталмаса етті... Қайтқан бапкерде береке бар ма? Болуы мүмкін ғой. Любомир Петрович ақсақалды лайық­ты деңгейде алмастыра ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер. Бәлкім, Петрович ақсақалдан да асып түсіп, көпшілікті тамсандырар...
Көреміз, бәріне уақыт төреші. Әйтеуір, бір білеріміз, қазақ футболының дәмін бір татқандар қайта келуден бас тартпайды. Тіпті ұмыта алмай жүретіндері де бар. Мысалы, Градимир Црногорац деген Босния және Герцеговинаның футболшысы отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында «бүгін шақырып, Қазақстан төлқұжатын алып беремін десеңіздер, таңертең сіздерге қарай құстай ұшуға дайынмын» деп өз ойын ашық айтқан.
Келе берсін-ау, Пасулько, Пайперс сияқты мамандар қазақ футболының көсегесін көгертіп, аяқдобымызды дамы­туға сүбелі үлес қоса берсін дейміз. Бірақ өздерімен қоса, көмекшілерін алып кел­генді былай қойып, енді іні-бауырларын алып келетіні қызық екен...
Бәрі де өзімізден, бәрі де өзіміздің артқа қарайлай беретін әдетімізден. Мысалы, маусым басында «Ордабасы» ұтыла бастап еді, Шымкент жанкүйерлері клуб басшы­ларына Пасульконы қайта-қайта айта берді...
Қазір ұлттық құрамамыз ұтылған сайын Пайперсті де сағына еске алатындар көп. Осыдан кейін шетелдіктер бауыр­ларын ертіп келмегенде қайтсін?! Өз талаптарын көлденең тартпайды дейсіз бе?!
Бұл тек қана футболда емес. Бетін аулақ қылсын, бірақ ертең «Барыс» хоккей клубы нәтижелі ойын өрнегін көрсете ал­маса, «Владимир Крикуновты қайта шақыру керек» деушілер табылады. Оған күмәнданбай-ақ қойыңыз.
Біздікі жай айту ғана. Осы бір өткенге қарайлай беретін әдетіміз ел спортына кесірін тигізбесе екен дейміз де. Бәлкім, кейбір жағдайларда «өтті, кетті, болды енді» деп, кесімді шешіммен тығырықтан шығудың басқа да жолдарын іздестіру керек шығар...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста