Қазақ қызы – әлем чемпионы

Кеше тұңғыш рет қазақтың қара домалақ қызы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды! Осымен екінші рет қазақтың атын күллі әлемге паш етіп отырған батыр қыздарыңыз – Жазира Жаппарқұл!
Кеше таңертең Гватемаланың Антигуа қаласынан осындай қуанышты хат алдық. Орталық Америкадағы осы елде 10 мамыр күні ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты бас­талған болатын. Осы біріншіліктің басы-қасында жүр­ген ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы, ауыр атлетикадан еліміздің мемлекеттік жаттық­ты­рушысы Меңдіхан Тәпсір қыздар ара­сындағы 69 келі салмақ дәрежесіндегі тартысты сайыс аяқталған бетте туған елден сүйінші сұрап, қуанышты хабарды асыға жеткізді.
2009 жылы Сингапурдегі жасөспірімдер ара­сын­да­ғы Олимпиада ойындарында алтынмен апталған қарындасымыз кеше тағы бір рет туған елін қуантты. 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлемде алдына жан салмай, жеңімпаз атанды. Қазақтың көк бай­рағын Гватемала көгінде желбіретіп, Әнұра­нымызды қалықтатты! Мұндай ерен жетістікке бұрын-соңды ауыр атлет қазақ қыздары қол жет­кізбеген-ді!
Жазира­ның Антигуа төріндегі көрсет­кіштеріне тоқталар бол­сақ, ол 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпио­натында, қыздар арасындағы 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, топ жарды.
Жұла көтеруде 106 келіні бағындырып, серпе көтеруде 133 келіні еңсеріп, қос­сайыста 239 келі көрсеткішпен Таиланд, Қытай және Ресей елдерінің толағай таланттарын шаң қаптырып кетті!
Екінші орын алған тай аруы 235 (105+130) келіні бағындырса, қола жүл­деге ие болған Қытай қызы 234 (102+132) келіні еңсеріпті. Төртінші орын­ды қанағат тұтқан Ресейдің Тима Туриева деген таланты да 234 (104+130) келі көтеріпті. Өздеріңіз де байқап отыр­ған боларсыздар, қоссайыстың екеуін­де де Жазира басты бәсекелестерінен асып түскен. Жұла көтеруде де, серпе көтеруде де үздік шығып, қара үзген. Бұл – қа­зақтың, қазақ спортының ғаламат жетіс­тігі!
Жалпы, қазақ қыздары ішінен Олим­пиада ойындарында чемпион болып, жүлдегер атанған әпке-қарындастарымыз жоқ, әлі. Осы олқылықтың орнын осыдан екі жылдай уақыт бұрын Жазира қарын­дасымыз толтырып, Сингапурдегі жас­өспірімдер арасындағы Олимпиада ойын­дарында чемпион атанған. Енді ересектер арасындағы жазғы Олимпиада ойын­да­рын­да осы жетістігін қайталаса деген ар­манымыз бар. Бәлкім, Лондон болар, мүмкін Рио-де Жанейро төрінде болар, әйтеуір Жазира жанымызды жады­рат­са...
Енді Гватемаланың Антигуа қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чем­пионатына қысқаша тоқталып өтсек. Дүниежүзілік додаға жалпы есебі 52 ел­ден 440 атлет жиналыпты. Олардың 190-ы бойжеткендер де, 250-і – тепсе темір үзетін жігіттер. Әлем біріншілігіне Қытай, Мексика, Перу, Ресей, Түркия, Аме­рика елдері толық құраммен келген. Яғни 15 атлет спортшыдан (жеті қыз, сегіз ұл) апарған.
Қазақстан бұл біріншілікке екі қыз бен екі жігітті ғана үкілеп қосты. Бірақ санынан сапасы артық болып, қыздарымыздың екеуі де жүлдеге ілікті. Жазира чемпион болса, 63 келіге дейінгі салмақ дәре­же­сінде бақ сынаған Карина Горичева қос­сайыс қорытындысы бойынша 225 келі көрсеткішпен үшінші орынға ие болды. Яғни қола медаль иеленді. Негізі, екінші орын алған Қытай қызы Лонг Динлинг те 225 келі көтерген. Бірақ салмағы Кари­надан сәл жеңілдеу болып, күміс медаль Қытай асты. Ал осы салмақтағы бірінші орынды 2010 жылы Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында біздің Жазира Жаппарқұлға ілесе алмаған Ресей қызы Диана Ахметова жеңіп алыпты.
Біз енді ерлер арасындағы талантты жігіттеріміздің өнерлерін асыға күтудеміз. Жасұлан Қыдырбаев 94 келі салмақ дәре­жесінде бақ сынаса, Ибрагим Берсанов 105 келіде сынға түседі. Негізі, екеуі де осал емес. Қыдырбек өткен жылы жастар арасында Азия чемпионы атанса, Ибрагим 2009 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған. Енді тек бақтары жанып, баптары шапса болғаны.
Міне, ауыр атлетикадан Олимпиадалық даярлау орталығының мамандары Бақыт Ахметов пен Леонид Дигай сайдың та­сындай іріктеп алған таланттар – осылар. Екеуі жүлдеге ілікті, екеуі ала­қандарын ысқылап, өз кезектерін күтіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста