Қазақ қыз 100 келіден асатын Олимпиада чемпионын жамбасқа салып лақтырды
Олимпиаданы үш рет жеңген және әлемнің 11 дүркін чемпионы франциялық дзюдошы Тедди Ринер қазақстандық спортшылармен бірге Алматыдағы жаттығу жиынында жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ринер ерлер құрамасымен ғана емес, әйелдер командасымен де спаррингтер өткізіп жүр. Мәселен оны дзюдодан Азия чемпионы (2011), грэплинг бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші және әзірге жалғыз чемпион (2018) Әйгерім Әбілқадырова жамбасқа салып жықты.
Бойы 205 сантиметрлі атақты спортшынының лақап аты - "Тедди аю".
Ринер дзюдодан әлем чемпионаттары тарихындағы титулы көп спортшы, ол Францияда үш рет жыл спортшысы болып танылды (2012, 2016, 2017). Ринер 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу