Қазақ дзюдосының қайсар қыраны еді...

Қазақ дзюдосының қайсар қыраны еді...

2011 жылғы қарашаның 19-ынан 20-сына ауған түні елімізге танымал спорт қайраткері Манарбек Бекенұлы Таутанов ауыр науқастан көз жұмды.


Манарбек Таутанов 1968 жылы бұрын­ғы Семей облысы Абай ауданының Қа­рауы­л ауылында дүниеге келген. Шың­ғыс­тау бөктерінде туған тарланбоз ауылдағы Ма­ғауия Оразбеков сынды түйе балуан әрі бапкерден тәлім алды. Қазақ күресіне ден қойып, ауылдық және облыстық, одан кейін республикалық турнирлерде жүлдеге ілініп, көзге түсе бастады. Талантты жастың бойында бір қабілеттің бар екендігін бай­қаған бапкері оны Алматыдағы спорт-ин­тер­натқа әкеліп, білікті бапкерлерге та­быс­тайды. Тәжірибелі жаттық­ты­ру­шы­лар­дан тәлім алған Манарбек самбомен айна­лы­сып, республикалық белдесулерде олжа са­лады. Кейіннен үлкен спорттан қол үзіп, бап­керлік қызметпен айналысады. Өзі бі­лім алған Қажымұхан Мұңайтпасов атын­да­ғы спорт-интернатта алғашқы еңбек жо­лын бастайды. Өзінің ізін басқан інілері Бе­рік Қанафин, Зекен Шаймерденов секіл­ді танымал балуандарға үлгі болады. Ар­ты­нан Манарбек Таутанов дзюдоға ауы­са­ды. 2000 жылы Манарбек Таутанов дзю­до­дан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бап­кері қызметіне тағайындалады. Ол кезде дзюдо біздің елде дәл қазіргідей беделі жоғары күрес түрі емес еді. Дегенмен де Манарбек Таутанов қасына Жексенбай Саламатов секілді зерек мамандарды алып, жас таланттардың көзін аша бас­та­ды. Бірден 2001 жылы қазақ дзюдосының тарихында тұңғыш рет Асхат Шахаров пен Асхат Жіткеев Әлем чемпионатында жүл­деге ілінеді. Көп ұзамай 2002 жылы Ма­нар­бек Таутановтың төл шәкірті Базарбек Донбай Бусанда өткен Азия ойындарында екінші орын алады. Дәл осы тұста ұлттық құ­рама сапына Саламат Отарбаев, Мұра­т­бек Қыпшақбаев, Максим Раков секілді та­лантты жастар келе бастады. Құрама са­пында бұрыннан өнер көрсетіп жүрген Руслан Сейілханов, Бағдат Садықов секілді дзю­дошылардың танылуына жағдай жа­сай­ды. Аса ауыр салмақтағы шәкірті Елдос Ықсанғалиев Азия чемпионатының жүл­де­гері деңгейіне дейін көтеріледі. Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік еткен Елдос Афины Олимпиадасында белдеседі. Сол кезден бастап Асхат Жіткеев пен Максим Раковтың болашағына сеніммен қарап, олардың ұлттық құрама сапынан кетіп қалмауы үшін Манарбек Таутанов үнемі олар­ға өзі тарапынан қолдау жасап оты­рады. Алайда Манарбек Таутановтың ұзақ жылдардан бері меңдеген сырқаты сыр беріп, бас бапкерлікті өзінің шәкірті Самат Жылқыбаевқа өткізіп береді. Одан кейін дәл қарашаның 19-ына дейін Алматы қа­ла­лық «Динамо» денешынықтыру мен спорт қоғамын басқарып келді. 2009 жыл­дан бері қарай ҚР Дзюдо феде­ра­циясының вице-президенті болатын. Қазақ жерінде жылда өтіп келген Санжар Жандосов атын­дағы халықаралық турнирдің белді ұйым­дастырушысы еді.
Артында жары Гүлмира, қызы және ұлы Мадияр қалды. Мадияр бұл күндері Ал­матыдағы Кәркен Ахметов атындағы спорт колледжінің шәкірті, дзюдомен айна­лы­сады. Республика көлеміндегі жарыс­тар­да жүлдеге ілініп жүр. Манарбек ағаның қол жеткізбеген асыл армандарын енді ұлы бағындырар...
Бақыл бол, аға! Жаныңыз жаннатта болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста