Қазақ альпинистері «қыңыр» шыңды бағындырды

Қазақ альпинистері «қыңыр» шыңды бағындырды

Қазақстан альпинистері Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцов биіктігі 8611 метр К2 шыңын бағындырды (Бұл шың «Чогори» деп те аталады). Бірнеше жылдан бері осы шыңның ұшар басына шыға алмай жүрген мұзбалақ жігіттеріміз 23 тамыз күні көптен бергі мақсаттарына жетті.
Мақсұт Жұмаев осындай алыс са­пар­ға шықса, біздің «Толғау» серік­тес­­тігі онымен байланысын үзбей, хабар­ла­сып тұрады. Мысалы, tengrinews.kz порталы Жұмаев пен Пивцовтың әр­бір қадамын қадағалап, жазып оты­рады. Біздің газетіміз де осы екі қай­сар жігітіміздің алыс сапардағы жо­рық­тарына жиі-жиі тоқталып отырады. Әдетте Мақсұт өздерінің не істеп, не қойғандарын жазып отыратын. Бірақ кейінгі күндері ол бұрынғысынша бәрін егжей-тегжей жазбай кетті. Тек әйелі Ольга Жұмаеваға СМС-хабарламалар жіберіп тұрды.
Төрт альпинистің К2 шыңының ба­сына шыққаны жайлы қуанышты ха­бар­ды осы Ольгадан естідік. Содан соң не­міс альпинисі Ральф Дюймовецтің хаттарынан білдік. Бұл адам төменде (негізгі қоста) К2 шыңының төбесіне өрлеген төрт альпинистің әрбір қадамын аңдып, дүрбімен қарап отырған. Содан соң хат жазып, бүкіл ғаламторды ха­бар­дар етумен болды. Оның жанында Том­ми Хенрич деген аргентиналық фо­тограф болған. Ал шың басына шық­қандар – қазақтар Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцов, Австрияның батыр қызы Герлинде Кальтенбруннер және поляк Даррек Залуски. 
Қазақ альпинистерінің бұл же­тістіктері елімізге тез тарады. Ал Пре­мьер-министр Кәрім Мәсімов Twitter-дегі микроблогы арқылы Мақсұт Сағын­тай­ұлы мен Василий Талғатұлын ерен же­тістіктерімен құттықтап, елге аман-есен оралуларына тілектес екендігін біл­дірді.
Чогориді бағындыру біздің жі­гіт­терге оңай болған жоқ. Олар Алма­ты­дан 16 маусымда кеткен. Содан бері – Қарақорымда. Бірақ биыл такти­ка­ла­рын өзгертіп, Чогориге Пакистан жа­ғы­нан емес, солтүстігінен, яғни Қытай жа­ғынан шықты. Биыл жылдағы бағыт­тарын өзгертіп, өздерінің жоспарларына осын­дай бір өзгеріс енгізген. Спортшылар ырым­шыл келеді ғой.
Бұл да соның бір айғағы шығар. Алайда биылғы сапарлары да оңайға түспеді. Екеуі қаншама қиындықтарды бастарынан кешірді. Нағыз тар жол, тайғақ кешуден өтті. Ақ түтек боранға да ұрынып, жоғарыдан құлдыраған қар көшкіні мен қар тасқынының да астында қалды. Өздері шыңға өрмелеп кеткенде қостарын (палаткаларын) төбеден құлдыраған тас басып қалды (егер өздері соның ішінде ұйықтап жатса не болар еді?). Керек-жарақтары мен жүктерін де жоғалтты. Тағысын тағы.... Бірақ олар төзе білді. Сол төзімділіктері мен табандылықтарының арқасында мақсаттарына жетті. Бірнеше жылдан бері таулары шағылып, ұшар басына шыға алмай жүрген шың басына көтерілді. Мысалы, Василий Талғатұлы К2 шыңының басына алты рет шыға алмай кеткен. 2003 жылы қаңтар-ақпан айларында Денис Урубкомен Чогориді бағындырмақ болған әрекеттері нәтижесіз болды. Содан кейін 2003 жылдың тамызында, сондай-ақ 2005 жылы (тамыз), 2007 жылы (тамыз-қыркүйек), 2009 жылы (шілде-тамыз), 2010 жылы (шілде-тамыз) сенімді серігі Мақсұт Сағынтайұлымен бес рет осы шыңға «шабуылдаумен» болды. Рас, басында Жұмаев екеуі ғана емес, Қазақстан аль­пинистері құрамында әрекет еткен. Ал соңғы жылдары екеуі ғана осы шыңды «торумен» болды. Сөйтіп, алтыншы және жетінші жолы ғана Жұмаев пен Пивцовтың армандары орындалды. Әрі елден ерекше оттегісіз шықты, осы шыңның басына. Бұл да – ерлік. Көп адам мұндай қатерге басын тікпейді.
Сонымен, Жұмаев пен Пивцов биік­тіктері 8000 метрден асатын әлемдегі барлық шыңдарды бағындырған аль­пинистер қатарына қосылды. Яғни әлем­дегі ең биік 14 шыңды бағындырды. Енді осындай қиын-қыстау кезеңде біздің екі қайсар жігітімізбен бірге болған аль­пинистерге де тоқтала кетсек. Ральф Дюймовецтің дүрбісімен негізгі қоста қалуының өзіндік себебі бар. Бұл альпинист биіктіктері 8000 метрден асатын, әлемдегі ең биік 14 шыңды бұған дейін бағын­дырған. Ал Герлинде Кальтенбруннер деген Австрияның жүрек жұтқан әйелі Василий Пивцов сияқты бұған дейін К2 шыңының басына алты рет шыға алмай, пұшайман болыпты. Сонда да сағы сынбаған. Шетелдік басылымдар жасы 40-тағы бұл альпинист келіншекті «өлімнен қорықпайды» деп жазуда. Ол «өлім де – өмірдің бір бөлігі, ол біреуге ерте, біреуге кеш келеді» дейтін көрінеді. Былтыр да Чогориді бағындыра алмай кетіпті. Әрі былтыр сұмдық, қайғылы оқиғаның куәсі болған. Өзінен бірнеше метр жерде арқанға ілініп тұрған Фредрик Эрикссон деген серігі, ең жақын досы жардан құлап, мерт болған. Біз былтыр осы швейцариялық альпинистің қазасы жайлы жазғанбыз. Фредриктің өлімі Герлиндеге қатты әсер етіпті. Ол көпке дейін шыңға шығу туралы ойламаған да екен. Бірақ биыл мамыр айының аяғына қарай соңғы биік шыңды бағындыру туралы шешімге келген. Шетелдік басылымдар «төменде Герлин­денің әрбір қимылын дүрбімен қадағалап отырған Ральф Дюймовец – оның күйеуі» дейді. Поляк Даррек Залускиді де өте тәжірибелі, кәсіпқой альпинист деп естідік. Ол тіпті кино-видео оператор да сияқты.
Осы төрт альпинист қазір төмен түсуде. Шың етегіне түсу де оңай шаруа емес. Чогориде енді ауа райы жиі бұзылатын болады. Тек жолдары болсын дейік. Енді олардың аман-есен елге оралуларына тілектеспіз. Кеше Ольга Жұмаева Чогориді бағындырған альпинистердің 800 метрге жуық төмен түскендіктерін мәлімдеді. Жолдарың жеңіл, жүрістерің өнімді болсын. Қазақ елі қайсар ұлдарын тағатсыз күтуде!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста