Қазақ альпинистерi Эверестке бет алды

Қазақ альпинистерi Эверестке бет алды

Бүгiн Қазақстан альпинистерi Алматыдан Үндiстанға ұшып, жержүзiндегi ең биiк шыңдарға шығу мақсатындағы кезектi сапарларын бастайды. Сапында 11 адам бар Қазақстан құрамасының бұл жолғы жорықтарына «Алаш айнасы» газетi ақпараттық демеушi болады.
Қазақстан құзға өрмелеушiлерi 1991 жылдан бастап әлемдегi ең биiк 14 шыңды бағындыру мақсатында бұрын-соңды болмаған жоба бастаған-ды. Бүгiнге дейiн мұзбалақ альпинистерiмiз биiктiктерi 8000 метрден асатын сол биiк шыңдардың 13-iнiң ұшар басына шығып, қазақтың көк байрағын ту биiкте желбiреттi. Осы жоба аясында бағындырылмаған бiр-ақ шың қалды. Ол – биiктiгi 8516 метрлiк Лхотце шыңы. Қазақстан альпинистерi осы жоба аясындағы соңғы жорықтарында аталған шыңды бағындырып қана қоймай, дүниежүзiндегi ең биiк шың – Эверестке (8848) тағы бiр мәрте шықпақ. Әрi олардың бұл жолғы жорықтары да өзгеше болмақ.
Қазақстан құрамасы Эверестi 1997 жылы бағындырған. Ендi бiздiң альпинистер Гималай тауындағы Лхотце және Эверест шыңдарын өмiрi болмаған бағытта бағындырып көрмек. Таратып айтар болсақ, бұл екеуi – Гималай тауының Непал мен Қытай шекарасындағы бiр-бiрiне жапсарлас жатқан, пирамидаға ұқсас шыңдары. Қазақстанның мұзбалақ жiгiттерi әуелi Лхотцеге шығып, содан өмiрi адам аяғы тимеген бағытта Эверестке шықпақ. Былайша айтқанда, түйенiң екi өркешiне ұқсас, бiрақ биiктiктерi бiрдей емес екi шыңның бiреуiнен түсiп, екiншiсiне шығады деп елестетiңiз көз алдыңызға.
Екi шыңның арасындағы (яғни «түйенiң екi өркешiнiң» арасындағы) ең төменгi нүктенiң өзi – шамамен 8000 метр. Екi шыңның ұшар басына қазақтың көк байрағын қадап, содан соң Эверестiң екiншi жағымен төмен түсу көзделiп отыр. Бұл – өте қауiптi, Эверестiң тiк жағы. Бұл бағытпен, негiзiнен, альпинистер жоғары шығады екен. Төмен түскен ешқайсысы жоқ. Бәрi де төмен қарай Эверестiң басқа, көлбеу жағымен түсетiн. Ал қазақстандықтар аталған екi шыңды осындай жаңа бағытта бағындырмақ. Алпинистер тiлiмен айтқанда, бiз сипаттаған жорық «Лхотце және Эверест шыңдары траверсi» деп аталады. Егер Қазақстан құрамасы аман-есен мақсаттарына жетсе, бұл, сөз жоқ, төрткүл дүние таңғалып, таңдай қағатын жорық болмақ. Дәл қазiр аталған сапар «65 күнде жүзеге асырылады» деп жоспарлануда. Сапар сәуiрдiң 8-де басталып, амандық болса, мұзбалақ жiгiттерiмiз жаз айларының алғашқы күндерi елге оралуы тиiс.
«Тоғыз ұлым – бiр төбе, Кендебайым – бiр төбе» демекшi, осы «ғасыр жорығына» аттанып бара жатқан Қазақстан құрамасының сапындағы 10 альпинист – бiр төбе де, команда капитаны Мақсұт Жұмаев – өз алдына бiр төбе. Мақсұт Жұмаев – жас та болса, қазақ халқының маңдайына бiткен мақтаныштарының бiрi. Ол жетi жылдың iшiнде биiктiктерi 8000 метрден жоғары 12 шыңды бағындырды. Көбiне оттегiсiз, өте күрделi бағыттарда шыққан. Осы жолы Эверест пен Лхотцеге шықса, Мақсұт бағындырмаған 8000 метрлiк шың қалмайды. Мақсұттың мақсаты – ең биiк 14 шыңды қысқа уақыт iшiнде бағындырып, рекорд жасау. Сөйтiп, осы 14 шыңды сегiз жыл екi ай алты күн iшiнде бағындырған Оңтүстiк Корея альпинисi Пак Йонг Соктан асып түсу. Бiр ескерте кетерлiгi, Сок биiктiктерi 8000 метрден жоғары 14 шыңға шыққанда, оттегi қолданып, бәрiне де шерптiң көмегiмен шыққан. Мақсұт мұның бiрде-бiреуiн қолданып жүрген жоқ. Әрi ол – осы шыңдарды бағындырып жүрген алғашқы мұсылман жiгiтi.
Мақсұт ЖҰМАЕВ, Қазақстан құрамасының капитаны:
– Әлемдегi ең биiк 14 шыңды бағындырған ең жас альпинист ретiнде «Гиннес» рекордтар кiтабына енудi мақсат тұтамын. Сондай-ақ осы 14 шыңды неғұрлым қысқа уақыт iшiнде бағындырып шығып, тағы бiр рекордтың қаймағын бұзсам деймiн. Осы жетiстiктерiмнiң арқасында өз елiмнiң даңқын арттыра бергiм келедi. Өз елiмнiң альпинизмiнiң де, туризмiнiң де абыройын асқақтату – басты мақсатым. «Қазақтың қайсар мiнез халық екендiгiн төрткүл дүниеге паш етiп, беделiн өсiре берсем» деген арман алға жетелеуде. Мен – өз елiмнiң, қазақ халқының патриотымын.

Қазақстан құрамасының «Жер ғаламшарындағы барлық биiк шыңдарды бағындыру» жобасы аясында шыққан шыңдары:
1. Дхаулагири (8167 м)     – 1991 жылы;
2. Манаслу (8163 м)     – 1995 жылы;
3. Чо Ойю (8201 м)     – 1996 жылы;
4. Эверест (8848 м)     – 1997 жылы;
5. Хидден (8068 м)     – 2001 жылы;
6. Гашербрум II (8035 м)    – 2001 жылы;
7. Канченджанга (8586 м)     – 2002 жылы;
8. Шиша Пангма (8046 м)     – 2002 жылы;
9. Нанга Парбат (8125 м)     – 2003 жылы;
10. Броуд Пик (8048 м)     – 2003 жылы;
11. Макалу (8475 м)     – 2004 жылы;
12. Аннапурна (8091 м)     – 2006 жылы;
13. К2 (8611 м)     – 2007 жылы;
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -  - - - - -
14. Лхотце (8516 м)    – 2009 жыл;
     Эверест (8848 м)    – 2009 жыл.

Мақсұт ЖҰМАЕВ
1977 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Теректi ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген.
Екi жоғары бiлiмi бар. Мамандықтары – «Ветеринар дәрiгер» және «Заңгер».
Халықаралық дәрежедегi спорт шеберi.
Альпинизм спортынан Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы.
ТМД және Қырғызстан ашық чемпионаттарының чемпионы.
Дүниежүзiндегi биiктiктерi 8000 метрден жоғары 14 шыңның 13-iн бағындырды.
2008 жылы Манасул (8163 м) шыңына оттегiсiз жалғыз өзi шыққан.
2000 жылдан берi қиындықтары бiрiншi санатты 20-дан астам шыңға шыққан.
Эверестке қосымша оттегi қолданбай шыққан тұңғыш және жалғыз қазақ.

Дүниежүзiндегi биiктiктерi 8000 метрден жоғары 14 шың бар. Әлемде осы шыңдарды түгелдей бағындырған 14 альпинист қана бар. Олардың алтауы ғана осы заңғар шыңдарға оттегi қолданбай шыққан. Әзiрше бiрде-бiр мемлекеттiң, бiрде-бiр елдiң ұлттық құрамасы 8000 метрден жоғары 14 шыңға оттегi қолданбай шыққан емес. Бұйыртса, Қазақстан құрамасы осындай теңдессiз жобаны жүзеге асырып, өмiрi болмаған жетiстiкке қол жеткiзбек.
«Жер ғаламшарындағы барлық биiк шыңдар» бағдарламасын бағындырған 14 альпинист:
Италия және Оңтүстiк Корея – 3;
Испания және Польша – 2;
АҚШ, Чехия, Мексика, Эквадор – 1.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста