Қаршадай қыздарымыз бет қаратпады

Қаршадай қыздарымыз бет қаратпады

Бокстан Болгарияда өтіп жатқан қыздар мен бойжеткендер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан арулары шетелдіктерді тамсандыруда. Әсіресе 15-16 жас аралығындағы жеткіншектер арасындағы бүкіләлемдік біріншілікте 11 қызымыз жартылай финалға шығып, шаршы алаңның «шаңын» көкке шығарды.
15-16 жастағы қаршадай қыздар арасындағы әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесінде өтуде. Біздің бапкерлер осы додаға 12 қыз апарып, ең ауыр салмақтан басқасына жас таланттарымызды үкілеп қосқан. Солардың біреуі ғана алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырап (50 келі, Ангелина Лукас), қалғандары қарсылас­тарын оңды-солды ұтып, жартылай фи­нал­ға шықты. Бұл дегеніңіз – қоржыны­мызда 11 медаль бар деген сөз. Бүгін – жартылай финалдық, ертең – финалдық кездесулер. Осы екі күнгі шиеленісті жекпе-жектерден соң әлгі 11 жүлденің қаншасы алтын мен күміс, нешеуі қола болатындығын білетін боламыз.
Болгариядағы әлем чемпионатының ресми сайты таратқан мәліметтерге сен­сек, 11 қызы жартылай финалға шыққан ешбір ел жоқ. Ресейден алты қыз, Украина, Қытай, Түркия елдерінен жартылай финалға төрт қыздан шығыпты.
17-18 жасқа дейінгі бойжеткендер арасындағы бүкіләлемдік біріншілікте де қыздарымыздың аяқалыстары жаман емес еді. Ширек финалдық жекпе-жектер­дің басында рингке шыққан төрт қызымыз да жеңіске жетіп, қуанышқа кенелткен. Алайда кешкі бағдарламада шаршы алаңға шыққан бес қызымыздың төртеуі ұтылып қалды...
Бәрінен де ең ауыр салмақтағы Умида Садыковаға обал болды. Осы салмақтағы боксшы қыздар саны бар болғаны бесеу-ақ екен. Өкінішке қарай, жеребе ауыр түсіп, түрік, украин, венгр қыздары бірден жартылай финалға шықты да, Умида Ресей қызы Саида Гамидовамен ширек финалда кездесіп, ұтылып қалды. Сөйтіп, осы салмақта жалғыз өзі жүлдесіз қалды.
Жалпы, бойжеткендер арасындағы әлем чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде өтуде. Бұл жас мөлшеріндегі додаға толық құрам апарғанбыз. Електік сындарда тек 54 келі салмақ дәрежесіндегі Аяулым Боранбаева сүрінген. Ал ширек финалдағы тоғыз қызымыздың бесеуі жеңіске жетті. Санынан сапасы асып түсіп, осы бес бой­жет­кеніміз жүлденің бағалысын көбірек алса дейміз. Жартылай финалға Түркия мен Ресейден де бес қыз шығыпты. Ендігі басты бәсекелесіміз осы елдер болмақ.
Енді, әліптің артын тосамыз. Бұйыртса, Албенаға жіберген 22 қызымыздың 16-сы жүлдемен оралады екен. Енді «алтынымыз көп болса» деп солардың тілеуін тілеп отырмыз. Болгарияның «алтын» құмды Албена деген курортына кеткен қыздары­мыз саф алтынды «күреп» әкелсе, шіркін.

Әлем чемпионаты. Ширек финал.
15-16 жас аралығындағы қыздар:
46 келі: Назерке Жүрғараева – Нейтинхой Лайна (AIBA) – 3:0
48 келі: Асыл Асқарова – Хафизе Осман (Болгария) – 3:0
52 келі: Әйгерім Ошақбай – Умеда Саидова (Ресей) – 2:1
54 келі: Балауса Мұздыман – Кристина Косма (Румыния) – 3:0
57 келі: Назым Ичшанова – Нур Бахмед (Алжир) – 3:0
60 келі: Екатерина Анисимова – Бойка Вачева (Болгария) – 3:0
63 келі: Аида Әбікеева – Парашива Паску (Румыния) – ТКО 1 раунд
66 келі: Любовь Хасиева – Гизем Айдемир (Түркия) – 3:0
70 келі: Баян Ақбаева – Анна Бойко (Украина) – 3:0
17-18 жас аралығындағы бойжеткендер:
48 келі: Алуа Балқыбекова – Айсе Кагирир (Түркия) – 3:0
51 келі: Севара Тәжіқұлова – Майлис Ганглоф (Франция) – 1:2
57 келі: Ақтолқын Кенесбекова – Паулина Якубчик (Польша) – 1:2
60 келі: Айдана Арапбаева – Ханна Лундблад (Швеция) – 2:1
64 келі: Мадина Нұршаева – Агнес Алексиуссон (Швеция) – 0:3
69 келі: Гауһар Ермекбай – Анна Бобирева (Ресей) – 2:1
75 келі: Валентина Халзова – Милена Матович (Сербия) – 3:0
81 келі: Анастасия Рылина – Мартина Гил (Польша) – 2:0
+81 келі: Умида Садыкова – Саида Гамидова (Ресей) – 0:3

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста