«Қайрат» клубы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев күйеу баласы Айсұлтан Назарбаевтың ұсынысы туралы өз ойымен бөлісті.
Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Еске сала кетейік, жақында Айсұлтан Назарбаев өзін Қазақстан федерациясының президенттігіне ұсынған болатын. Ол қазіргі ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановты қосымша «Астана» кәсіби клубын басқаратыны үшін айыптаған.
«Әрине, біз Айсұлтанмен бірге бұл мәселені талқыладық. Оның үстіне, ол «Тоттенхэмнің» дубльінде ойнаған және спорттың бұл түрін ерекше жақсы көреді. Айсұлтан екеуміз Қазақстан және әлем футболы туралы көп пікір алмасамыз. Бір нәрсені анық айта аламын, оның ашық хаты ел футболын дамытудағы жеке көзқарасы. Маған оның ойын ашық айтып, қоғам талқысына салғаны ұнады. Ол қарапайым ғана Қазақстанның азаматы. Әрине, оның фамилиясы Назарбаев екенін бәріміз де түсінеміз. Бірақ бұл оның дәрежесін түсірмейді», – деді Боранбаев.